Ермек Жұмақанов
«Қазақмыс Энерджи» ЖШС жанындағы Жезқазған ЖЭО бас инженерінің орынбасары Ермек Жұмақанов өз қызметінің құпияларымен, ерекще сүйікті ісімен бөлісіп, жас мамандарға құнды кеңестерін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Біздің жұмыс бірізді және біз басшылыққа сенеміз
— Мен Өскемен жанындағы Ақбұлақ ауыланан боламын. Әкем автобус паркінің жүргізушісі, анам ауруханада рентген-лаборант болып қызмет етті. Жоғары білімді Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өндірістік жылу энергетикасы мамандығы бойынша алдым.
Ермек, сіздің еңбек жолыңыз қалай басталды?
— 2007 жылы мен «АлтайЭнергоНаладка» ЖШС өндірістік тәжірибеден өтіп, сол жерде жұмысқа қабылдандым. Екі жылдан кейін инженер болдым. 2013 жылы мекеме директоры болдым. Ал 2014 жылы «Қазақмысқа» түйіндемемді жібердім. Осылайша Техникалық даму департаменті жанындағы жобаларды басқару орталығында қызметке тағайындалдым.
Кәсіби мансабыңыздың жолында қандай да бір қиындықтар болды ма?
— Әрине қиындықтар болды, бірақ оның бәрін жеңе білу керек.
Сіздің қызметтік міндеттеріңіз қандай?
— Электр энергиясын беруден өңдеуге дейінгі негізгі және қосымша цехтарды бақылау, еңбек жұмысын жөнді ұйымдастыру. Маған өз жұмысым ұнайды. Біздің ұжымымыздың жұмысы бірізділендірілген, қызметкерлер мен басшылық арасында сенімді қарым-қатынас орнаған.
Күн сайын таңғы 7:10-да мен ауысым басшыларымен тексеріс жасаймын, алдағы күнге жоспар құрамын. 8:30-да бір күнге арналған жоспар жөнінде негізгі цехтармен селектор өткіземін, өндірістік қауіпсіздік бойынша жұмыстарды қадағалап, қоймалардағы қалдықтарды бақылауға аламын. Бәріне қалай үлгеруге болады? Ол үшін барлық нәрсеге нақты қарап, оларды салмақты түрде шешу керек.
«Қазақмыста» табысты қызметкер атану үшін не қажет?
— Жалқау болмау керек! Алдыңызға биік мақсаттар қойып, жинақы әрі әмбебап болыңыз, өзіңізді барлық жағынан сынап көріп, барлық мүмкіндіктеріңізді пайдаланыңыз.
«Қазақмыста» жаңадан жұмыс жасап жатқан жас мамандарға қандай кеңес айтар едіңіз?
— Алғашқы күннен бастап-ақ жұмысты толығымен беріліп істеп, әр минут сайын үйренуден жалықпаңыздар. Өздеріңізге әділ қарап, жауапкершіліктен қорықпаңыздар. Алдыға қойған мақсаттарға жету үшін, тек алға қадам басу керектегін әрдайым есте сақтаңыздар!
Ермек, бос уақытыңызда немен айналысасыз?
— Мен футболды жақсы көремін! Қолым қалт еткенде, футбол ойындарын сараптап, оны достарыммен, әріптестеріммен талқылаймын. Сосын балық аулауға барамын, сондай-ақ табиғатта серуендеуді ұнатамын.
Сондай-ақ оқыңыз:
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2020
Барлық құқықтар қорғалған