Нұрболат Нагиев
Нұрболат Нагиев, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС - «Жезқазғанцветмет» ӨҚ Оңтүстік-Жезқазған кені филиалының директоры, кәсіби мансапта табысты болудың басты құпиясы – өзіңе-өзің табандылықтың арқасында бәріне қол жеткізуге болатынын дәлелдеу деп санайды. Ол , «Қазақмысқа» келгеннен кейін, қалай директор болғанын баяндап берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Өзіңе зор талап қоя білуің керек
— Мен 1985 жылы Жезқазғанда тудым, № 5 мектепті тәмамдадым, 2002-2007 жылдары А.О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Пайдалы қазбалардың кен орындарының жерасты өңделуі» мамандығы бойынша білім алдым.

Бұл мамандықты таңдауымның себебі инженер болуды армандайтынмын. Мектепте мен математиканы, математикалық есептеулерді ұнататынмын. Бұл пән бойынша үнемі «үздік» баға алатынмын.
Сіздің кәсіби жолыңыз қалай басталды?
— 2007 жылы ЖезУ-ды бітірген соң, корпорацияға № 45 ОЖК № 7 шахтаның үңгілеу учаскесінің тау шебері қызметіне жұмысқа қабылдандым. Аталған учаскеде тау-кен өндіру жұмысы қалай іске асырылатынын, ұңғы теспелер қалай салынатынын, жалпы тау-кен өндірісінің барлық технологиялық шеңберін көре отырып, біраз жұмыс жасадым. Кейін шахта басшылығының ұйғарымымен мені өндіру учаскесіне жолдады.

Ал 2011 жылы мен шахта басшысы атандым, бұл қызметте 7 жыл істедім - № 45, 65, 67 шахталарды басқардым.
Кен орнының директоры атану үшін қандай қиындықтардан өттіңіз?
— Бұл оңай жол емес, мен мансаптың өсудің барлық кезеңінен өттім. Оның ішінде тау-кен шеберінен бастап, одан ары учаске басшысының орынбасары, техникалық басшы, учаске басшысы, шахтаның бас инженеріне дейін өстім. Осылайша шахта басшысы болып жеті жыл жұмыс істедім.

2019 жылдың шілде айынан бастап ОЖК директорымын. Оның құрамына кіретін кен орындары, алып шахтамен мақтанамын. Ал ең бастысы бір-бірін бір сөзден-ақ түсінетін әріптестерімді мақтан тұтамын.
Қызметіңізде нені мақтан етесіз?
— ОЖК ұжымы жоғары көрсеткіштер көрсетіп келеді, тіпті 2019 жылы металл бойынша жоспарды асыра орындасақ, 2020 жылы өндіріс көрсеткіштері бойынша да жетістіктерге жетудеміз.

Тау-кен мекемесінде қысқа мерзімде дұрыс шешім қабылдай білу – бұл басшының ең негізгі көрсеткіштерінің бірі. Шешім апатты жағдайларға жеткізбейтін, тіпті адам шығынына жол бермейтін, нақты, дұрыс болуы тиіс. Осындай шешімді біз жұмыста күн сайын қабылдауымыз керек.
Басшы ретінде жұмысыңызда ең бастысы не?
— Тау-кен мекемелерінде басшылар қысқа уақыт аралығында дұрыс шешім қабылдау білулері керек. Сол себепті мұндай қызметтерге жағдайды тез сараптай алатын, дұрыс шешім қабылдайтын адамдарды тағайындайды. Мұны біз күн сайын жасаймыз, өйткені жағдай күн сайын өзгеруі мүмкін, сол шешімнен қауіпсіздік те, өндірістік көрсеткіштер де байланысты болады.
«Қазақмыстың» табысты қызметкері атану үшін не істеу керек?
— Өсуге деген ұмтылыс, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу, оны өзгелерге көрсету, сол сияқты ол қолыңнан келе алатынын алдымен өзіңе дәлелдеу. Бұл ең алдымен өз-өзіңе жоғары талаптар қоя білу, өмірдегі өз құныңды білуің шарт дегенді білдіреді.
«Қазақмыстағы» жұмысын жаңадан бастап жатқан жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?
—Жалқаулыққа берілмеңіздер, өз білімдеріңізді жетілдіріңіздер, бір орында тоқтап қалмаңыздар, одан да биік белестерді бағындыруға ұмтылыс жасаңыздар, өз-өздеріңізді қолға алыңыздар.
Жұмыстан тыс уақытыңызда немен айналысасыз?
— Бос уақыт табыла қалса, оны мен отбасыммен өткізуге тырысамын. Отбасым дегенім жұбайым - «Транко» ЖШС инженер болып қызмет істейді. Біз төрт қыз тәрбиелеп отырмыз, олардың бәрі мектепте үздік оқушылар, спортшылар. Ата-анама да барып тұрамын, анам – зейнеткер, әкем – ЖМЗ-да жұмыс істейді, жақын арада зейнетке шығады.

Алайда бос уақытымның көпшілігінде жұмыс істеймін, себебі тәуліктің көп бөлігін жұмыста өткіземін. Спортпен, оның ішінде волейбол, жүгіру, футбол, тенниспен айналысқанды ұнатамын. Отбасыммен табиғат аясында демалғанды, жылқы өсіргенді ұнатамын. Сосын өз үйім мен ауламды абаттандырғанды да ұнатамын.
Сондай-ақ оқыңыз:
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2020
Барлық құқықтар қорғалған