Әшім Исанов
Адам жарықсыз, тамақ пен сусыз өмір сүре алады, алайда отбасы жылылығынсыз өмір сүре алмайды. «Қазақмыс Корпорациясы» "Kazakymys Distribution" ЖШС жылу энергетикасы кәсіпорнының директоры Әшім Исанов дәл осындай пікірде. Оның айтуынша үйдегі «күн райы», ал ондағы «күн райының» жылы болуын жылу энергетиктері қамтамасыз етеді. Дәл осы салаға Әшім Исанов өзінің 20 жылға жуық өмірін арнаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Отбасыммен қауышқанда ондағы жылылықты біздің кәсіпорын беретінін түсінемін
— Мен Сәтпаев қаласында қарапайым кеңес отбасында дүниеге келдім, әкем – жүргізуші, анам – сылақшы болып жұмыс істеді. Инженер-жылу техникасы оқу орнын үздік тәмамдап, «Құрметті энергетик» белгісін, «Еңбегі сіңген энергетик» медалі, «ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы» орденін алдым.
Еңбек жолыңыз неден басталды?
— Бастапқыда мен сол кездегі көптеген студенттер сияқты өзіме қандай мамандықты таңдарымды білмедім. Десе де маған өмірде көптеген адамдармен жүздесу бақыты бұйырды. Олар менің мамандық таңдауыма көмектесіп, осы салада өзімді табуыма жол ашты. Осылайша мен «Жылу энергетикасы» мамандығын таңдадым, ал сол адамдар менің тәлімгерлерім мен ұстаздарым болды. Олар маған қарапайым жұмысшы ретінде еңбек жолымды бастағанымда, көп көмектесті. Тіпті қазірдің өзінде бірінші басшы болсам да, олар менен ақыл-кеңестерін аяған емес.

Өзімнің еңбек өтілімді 2001 жылы қарапайым қызметкер ретінде бастадым, кейін барлық кезеңнен өттім – бірінші қазанның машинисінен бастап, өндірістік бөлімнің басшысы, бас инженерге дейін көтерілдім. Қазір мекеме директоры қызметіндемін.

Менің қызметтік өсуімдегі маңызды оқиғалардың бірі өндірістік бөлімнің басшысы ретіндегі тәжірибем болды. Онда мен өзімнің мүмкіндіктерімді өндірісте ғана емес, әкімшілік тұлға ретінде де сынап көрдім. Жоғарыдағы басшылық менің басқарудағы қабылетімді көріп, маған бас инженер қызметін ұсынды.
Қызметіңіздегі ең ұзақ кезең қай кезең болды?
— Меніңше менің қызмет жолымдағы ең ұзақ кезең учаске шебері ретіндегі кезең болды. Ол кезде мен өндірістің тәжірибе жүзінде не екенін біліп, ұжымда жұмыс жасап үйрендім, жұмыс процесін реттеп әрі басқарып үйрендім. Бұл менің басшы ретіндегі ең алғашқы қадамдарым болды.
Еңбек жолыңызда қандай қиындықтарды жеңе білдіңіз?
— ӨТБ басшысы қызметінде жүргенімде мен өндірісті өзге форматта жүргізуді үйрендім. ӨТБ басшысы қызметінде барлық мекеменің өндірістік қызметімен айналыстым. Оған инвестицияны жоспарлау, жөндеу, жобаларды жүзеге асыру және перспективалы даму сияқты жұмыстар жататын. Мұның бәрі мен үшін ол кезде жаңалық болды.
Қазір сіздің қызметтік міндеттеріңізге не кіреді?
— Мен барлық бөлімшелердің ТПЕ тиімді қолдана отырып, өндірістік-шаруашылық қызмет заңнамасына сәйкес жалпы басқаруды іске асыруым; бекітілген нормативтерге сәйкес ТПЕ-нің қарқынды және үздіксіз жұмысы үшін отын, шикізат, материалдар мен басқа да ресурстар қорының болуын бақылауым керек.

Мекеме қызметінің стратегиясы мен саясатын ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру тетіктерін анықтаймын. Сол сияқты өзге де түрлі мәселелерді шешуім тиіс. Сондай-ақ «Kazakhmys Distribution» ЖШС ТПЕ-нің техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне жүйелі сараптама жасап, өндіріс көлемінің ішкі резервтерін анықтап, оларды жүйелендіруім керек, сонымен бірге өнімнің өзіндік құнының төмендеуін, оның сапасының артуына мән беруім керек.
Жұмысыңызда немен мақтана аласыз? Қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіздер?
— Адам жарықсыз, тамақ пен сусыз өмір сүруі мүмкін, алайда біз жылу энергетиктері өндіретін жылусыз өмір сүре алмауы мүмкін. Үйдегі ең басты мәселелердің бірі – ондағы жылу. Мен жұмыстан үйге келгенде, балаларымды құшақтағанымда, үйдегі жылылықты біздің мекеме өндіретініне мақтанамын.

Сол сияқты №1 Жылу бекетінің бу қазандарының мазутты отыннан көмір отынына өтуімен және қазан агрегаттарын жандандыру жұмысымен мақтануға болады. Ол бізге отынды үнемдеуге және өндіріс көлемін 30%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
Сіздің жұмыс күніңіз қалай өтеді? Күн тәртібіңіз қандай?
— Әр күн бас мамандар мен және бас инженерлермен жедел жиналыстан басталады, онда өткен күнге сараптама жасалып, алдағы күннің жоспары құрылады.
Сізге тиімді жұмыс істеуге және бәріне бірдей үлгеруге не көмектеседі?
— Жұмыс уақытын жөнді пайдалану мен оны дұрыс жоспарлау, тапсырмаларды берген уақытта оларды нақты етіп беру. Менің әр қызметкерім өзінің не істеу керектігін, кімдермен өзара әрекеттесу қажеттігін және олардың орындалу мерзімін білулері тиіс.
«Қазақмыста» табысты қызметкер атану үшін не істеген жөн?
— Біздің компанияда табысты басшы болу үшін адамның бойында жеке, іскерлік және кәсіби қасиеттер болуы тиіс деп ойлаймын. Мысалы жұмысты ұйымдастыруды және міндеттерді бөлуді білу керек, сондай-ақ көшбасшылық қасиет те болуы тиіс.

Сонымен бірге адамдармен тез тіл табысу, оларды көндіру, бастамашылдық және өзіңді өзің бақылай алу, арнайы білім мен ой-өрістің кеңдігі, өз кәсібіңнің білікті маманы болу, оқу, үйренуге деген талпыныс, өз жұмысыңды жоспарлау сияқты қасиеттер де маңызды деп ойлаймын.

Мен қызметкерлерімде жауапкершілік пен орындаушылық қасиеттерін жоғары бағалаймын.
«Қазақмыстағы» жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?
— Біздің компанияда жұмыс жасау өте қызық. Жас мамандар үшін дамуға және мансап жолында өсуге барлық мүмкіндіктер жасалған.

Жас мамандарға аға буын өкілдері мен өз ісінің һас шеберлерінің кеңесін тыңдауға кеңес берер едім.

Барынша кішіпейіл болыңыздар, жағдайды жан-жақты түсінуге тырысыңыздар.

Басшылыққа жаңа бастамаларды оң қабылдайтын, оған тез бейімделгісі келетін қызметкерлер ұнайды. Ұжымда жұмыс жасап үйреніңіздер – бұл өте маңызды!
Жеке басыңызға қатысты сұрақ. Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
— Бос уақытымды сүйікті отбасыммен өткізуге тырысамын.
Сондай-ақ оқыңыз:
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2020
Барлық құқықтар қорғалған