Жанат Иманбеков
«Қазақмыс Корпорациясы» жанындағы өндірістік басқару басшысы Жанат Иманбеков өзінің жұмыс күні, жаңа қызметкерлерді қалай қабылдайтынын және кептерлерді қалай өсіретінін әңгімелеп берді деп хабарлайды NUR.KZ.
«Қазақмыс» қызметкерлеріне тән қасиет – мақсатқа ұмтыла білетіндері
— Мен Балқаш қаласында тудым. Менің ата-анам 40 жылдан астам уақыт бойы өндірісте жұмыс істеді. Әкем Балқаш ЖЭО-да металл жонушы, анам механикалық-жөндеу зауытында құюшы болып еңбек етті. 22 жасымда мен Ленин атындағы ҚазПТИ-ын инженер–металлург мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

Бұл мамандықты ата-аналарым таңдаған жол болғандықтан ғана емес, металлургтер қаласында тұратындықтан таңдадым. Менің кіші ұлым да Балқаш техникумын бітіріп, қазір Балқаш мыс балқыту зауытында ауысым шебері болып жұмыс істейді. Міне біздің отбасымыз осындай (күледі).

Еңбек жолымды 1988 жылы бастаған мен, түрлі қызметтерде жұмыс жасадым. Тіпті еңбектегі жетістіктерім үшін, бірнеше мәрте «3 дәрежелі Еңбек Даңқы» ордені мен құрмет грамоталарымен марапатталғанмын.
Жанат Ордабекұлы, 32 жылдық еңбек өтіліңізде бәрінен бұрын сіз жетекшілік қызметте көп болдыңыз. Сіздің міндеттеріңізге сонда не кіреді? Айтып беріңізші??
— Иә, дұрыс айтасыз. Мен ауысым шеберінен бастап, қазір үлкен команданы басқарамын. Менің жұмыстағы міндетіме мыс концентраттары мен флюстеуші материалдарды жеткізу жатады. Мен шикізатты жеткізу бойынша келіссөздер жүргіземін және оларды ұйымдастырамын. Мен басшылық ететін команда бекітілген талаптар бойынша келіп түсетін шикізаттың сапасын бақылайды.

Сондай-ақ, дайын тауар өнімдерін жеткізушілерге үлестіремін. Сізге бұл өте күрделі жұмыс болып көрінетін шығар (күледі). Жұмысқа келген соң мен өткен күн бойынша тапсырмалардың орындалуын сараптаймын және алдағы 24 сағатқа жоспар дайындаймын. Компаниялардың бөлімшелері мен Балқаш мыс балқыту зауыты бойынша өндірістік тексеру жүргіземін.
Бәріне қалай үлгересіз?
—Біздің жұмыста қызметкерлердің тиімділігі мен жұмыстың орындалу мерзімі аса маңызды. Әдетте жоспар алдағы 1-2 тәулікке бірдей жасалады. Мен басшы ретінде өнімді уақтылы бақылап, өз командамның тапсырмаларын дер кезінде жөндеуім керек.
Үміткерлер сіздің компанияға жұмысқа қалай тұра алады?
— Біріншіден, тиісті білім алу керек. Одан кейін түйіндемені жіберіп, «Казақмыс Смэлтинг» ЖШС-да тиісті қызмет бойынша әңгімелесуден өту керек. Мен қызметкерлердің бойынан тәртіп, сауаттылық, ұжымда жұмыс істей білу және мамандық бойынша өзін дамыту сияқты қасиеттерді бағалаймын. Сондықтан «Қазақмыс» қызметкерлерінің бойынан – өз мақсатына жетуге ұмтылу сияқты қасиеттің табылуы бекерден бекер емес деп ойлаймын.
Сіздің командаңызға кіру үшін не істеу керек?
— Адал болу, тапсырманы бұлжытпай орындау және сауаттылық. Терең білімі бар, алғыр адам болуы тиіс. Білікті үміткер өндіріс пен зауыттың технологиялық процестеріне өзгелерге қарағанда тереңінен енеді. Егер оның өндірісте тәжірибесі әрі еңбекқор болса тіптен жақсы болатын еді. Жас мамандарға мен металлургия зауыты бөлімшелерінің негізгі учаскелерінде кем дегенде үш жыл жұмыс істеуге кеңес берер едім. Себебі осындай тәжірибесі бар адам ғана одан ары қарай жұмысты еш қиындықсыз істей алатын болады.
Жанат Ордабекұлы, бос уақытыңызда немен айналысатыныңызды білгіміз келіп отыр?
— Бос уақытымыды барынша тиімді өткізуге тырысамын. Мен спорттың біршама түрлерімен айналысамын. Мәселен баскетбол, волейбол және теннис. Отбасыммен табиғатқа шыққанды да ұнатамын. Сонымен бірге кептер өсіру сияқты сүйікті ісім бар.
Сондай-ақ оқыңыз:
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2020
Барлық құқықтар қорғалған