Жалғасбек Түсіпбеков
Жалғасбек Түсіпбеков қарапайым отбасынан шыққан. Оның айтуынша отбасы оған үнемі шындықты айтуды және жауапкершілігі мол адам болуды үйреткен. Дәл осы қасиеттер оған «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Ғ.О.Омаров атындағы шахта ұңғысы жұмысында қажет болған деп хабарлайды NUR.KZ.
Маған үнемі шындықты айтуды үйреткен
— Мен Қарағанды облысының Рудник ауылында туып-өстім. Қарапайым отбасынан шыққан жанмын. Әкем – учаске басшысы болса, анам – үй шаруасындағы әйел болды. Бізге ата-анамыз жалған сөйлеуге болмайтынын, тек шындықты айтуды, жауапкершілікті сезіну керектігін үйреткен.

Мен жоғары білім алдым, сөйтіп тау машиналары мен кешендерінде инженер-механик болып жұмыс істедім. Өндіріске өз қалауыммен бардым, себебі әкем бар өмірін №45 шахтаға арнаған болатын.
Жалғасбек, сіздің еңбек жолыңыз қалай басталды?
— Жұмысты 1982 жылы ОЖК-нің №45 шахтасында бастадым. Ол кезде мен қырнаушының шәкірті болдым, сосын Жезқазған тау техникумында электр механигі мамандығын игердім, онымен бірге ЖезУ-дің кешкі бөлімін бітірдім. Осылайша ұңғы учаскесінде механик болып қызмет еттім.

Кейін көлік ұңғысы басшысы, СПТВС көлік цехының басшысы, ал 2003 жылдан бастап аға механик болып еңбек еттім. 2009 жылдан бастап №16 электр монтажы учаскесінің басшысы болып қызмет етіп келемін. Осы қызметте бүгінге дейін істеп келемін.
Еңбек жолыңызда қандай қиындықтарды жеңдіңіз?
— Жұмыс пен оқуды бірге алып жүру қиын болды. Бірақ осындай қиындықтар мені одан ары шыңдай түсті және мақсатың айқын болса, мұндай қиындықтарды жеңуге болатынына сендірді.
Қазір сіздің жұмыстағы міндеттеріңіз қандай?
— Бүгінгі күні менің қызметтік міндеттеріме жұмысты ұйымдастыру, нарядты беру, учаскенің техникалық құжаттарын жүргізу және оның әлеуметтік мәселелерін реттеу жатады.

Жұмыс күні 07.00-де жұмысқа қажет наряд беруден, ТҚ бойынша нұсқаулық беруден және берілген тапсырманың орындалуын қадағалаудан басталады.

Біздің бөлімше «Қазақмыс Корпорациясы» нысандарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысады. Біз жерасты ремпункттер, конвейерлер салдық, ұңғымаларға кабельдерді тарттық.
«Қазақмыста» табысты қызметкер атану үшін, не істеу керек?
— Өз ісіңе адал қызмет етіп, соңғы нәтижеге дейін жұмыс істеу керек және қауіпсіздік туралы ұмытпау қажет.
— Отбасыңыз жайлы айтып беріңізші.
— Менің жұбайым ШПУ-да істейді. Біз 37 жыл бойы бір отбасы болып өмір сүріп келеміз, екі ұл, екі қызым бар. Отбасымызбен татумыз, бір-бірімізге қолдау көрсетуге тырысамыз.
Сондай-ақ оқыңыз:
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2020
Барлық құқықтар қорғалған