Тұрсынбек Макишев
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Батыс» филиалы кені жерасты учаскесінің үңгушісі, өмірінің отыз жылын шахта жұмысына арнаған, бос уақытын өзі мен жақындарына қажет жеміс-жидек пен көкөніс өсіретін бақшасында немесе отбасымен бірге өткізуді ұнатады деп хабарлайды NUR.KZ.
Отыз жылын шахтаға арнаған
— Мен Қарағанды облысының Жезді ауылында тудым. Біздің отбасымызда төрт бала бар, мен – ортаншысымын. Менің әкем – Ұлы Отан соғысы ардагері, майданнан қайтып келгеннен кейін ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. Анам СЭС-те есепші-экономист болып қызмет етті.
Тұрсынбек, еңбек жолыңыз қалай басталды?
— 1980 жылы мектеп бітірген соң, мен №8 КТУ-ға дәнекерлеуші мамандығы бойынша оқуға түстім, ал 1990 жылы шахтаға жұмысқа тұрдым. Осылайша жастығымның бәрі шахтада өтті. Ол кезде мансап туралы ойланбайтынбыз, бар ойымыз тек жұмысымыз болатын. Бастапқыда дәнекерлеуші болып істедім, кейін аға темір ұстасы болдым. Ал 2002 жылы үңгуші болдым.

Содан бері міне отыз жыл бойы шахтада жұмыс істеймін және өз мамандығымды шексіз сүйемін. Әрине қиындықтар да болды, бірақ оларды біз дер кезінде шеше білдік.

Қазір мен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС - «Жезқазғанцветмет» ӨҚ, «Батыс» Филиалы №73/75 кені № 31 шахтасының жерасты учаскесінің алтыншы санатты үңгушісімін және 2019 жылы алған «Қазақстанның Еңбек Ері» белгісінің иегерімін.
Сіздің жұмыстағы міндеттеріңіз қандай?
— Бригадир ретінде мен өз қызметкерлерім үшін жауаптымын және олардың қауіпсіздігі мен жоспардың уақтылы орындалуына жауап беремін. Ұжымдағы рухани-психологиялық жағдайға да мен жауаптымын. Менің жұмыс күнім жеке қорғау құрылғылары мен арнайы нарядты алған уақытта таңғы жетіде басталады. Ал бар-жоғы бір сағаттан кейін біз шахтаға түсіп, жұмысымызды бастаймыз. Сонымен бірге мен бұрғылау қондырғысының дайындығын да тексеруім керек.
Сіз жұмысыңызда немен мақтанасыз?
— Біздің жұмысымызда бастысы – ол қауіпсіздік. Ал жоспардың тәуекелсіз әрі барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындау – біздің негізгі- жетістігіміз. Жалпы әр маман өз кәсібі және мамандығымен мақтанады, сол сияқты мен де өз жұмысыммен мақтанамын. Себебі біздің кәсіп қиын әрі қауіпті болып саналады.
«Қазақмыста» табысты қызметкер атану үшін не қажет?
— Еңбек ету және тағы да еңбек ету. Жай ғана жұмыс істеп қана қоймай, адал істеу, әріптестеріңе көмектесу. Бір-бірлеріңізді сыйлай білу де өте маңызды. Мен ешқашан басқа компанияларда жұмыс істеп көрген емеспін, сондықтан салыстырып айту маған қиындау болып тұр. Бірақ бір айтатыным кез келген саладағы қызметкер үшін басты қасиет ол – әділдік.
Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
— Менің сүйікті ісім жоқ, бірақ бос уақытымда бақшада жұмыс жасағанды ұнатамын. Жақында ғана мен алма, алмұрт, жүзім, шие мен қарақат ектім. Енді сол жемістер менің отбасым мен жақындарыма көп мөлшерде өнім беруі үшін, олардың талдарын күтумен айналысамын. Маған өзіме осы ісім ұнайды. Бұдан бөлек бос уақытымның көп бөлігін отбасыммен өткіземін.

Біз жұбайымыз екеуміз отыз жылдан астам уақыт бойы бір отбасы болып өмір сүріп келеміз. Үш баламызды тәрбилеп, өсірдік. Үлкен ұлым 29-да, елордада ХҚО-да жұмыс істейді. Ортаншы қызым университетте оқиды, ал кіші ұлым мектепте оқиды. Мен өз отбасыммен мақтанамын.
Сондай-ақ оқыңыз:
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2020
Барлық құқықтар қорғалған