Жанғазы Сейітмұратов
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанындағы Балқаш кен байыту фабрикасы бас корпусының басшысы тәжірибесі мол әріптестерді не себепті тыңдау керектігін және ұйымшыл ұжымның сыры неде болатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Әріптестерімді еңбекқорлығы мен біліктілігі үшін мақтан етемін
— Мен Балқашта тудым. Әкем «Қазақмыста» 30 жылдан астам уақыт бойы темір ұстасы және 1 санаттағы инженер болып қызмет етті. Анам – медицина қызметкері. 2005 жылы Балқаштағы мектеп-гимназияны бітіргеннен кейін, мен «Қазақмыс Корпорациясы» атынан оқу грантын алдым.

Балқаш гуманитарлық-техникалық институтына түстім. 4 жылдық оқуымды аяқтағаннан кейін маған «металлургия бакалавры» біліктілігі берілді. Келісімшартқа сәйкес, дипломды қолға алғаннан кейін, «Қазақмыс» жанындағы Балқаш кен-байыту фабрикасы - «Балқашцветметке» ӨҚ жұмысқа аттандым.
Жанғазы, сіздің кәсіби жолыңыз қалай басталды?
— Менің еңбек жолым 2009 жылы Балқаш кен-байыту фабрикасында басталды. Мен бас корпуста төртінші санаттағы диірмен машинисі ретінде жұмыс істедім. 2011 жылдың маусым айында маған бесінші біліктілікті санат берілді.

Екі жыл бойы технологиялық ауысымда диірмен машинисі болып қызмет еткеннен кейін, басшылық мені бас корпустың ауысым шебері қызметіне тағайындады. Содан бастап менің еңбек ұжымының жетекшісі ретіндегі мансабым басталды. 2019 жылдың наурызында мен бас корпус басшысы болдым, осы қызметте күні бүгінге дейін жұмыс жасап келемін. Ал осы жылдың сәуір айында Балқаш кен-байыту фабрикасының бас инженері қызметі бойынша «Қазақмыстың» кадрлық резервіне ендім.
— Мансап жолыңызда қандай қиындықтарды жеңе білдіңіз?
— 5 жылдан астам уақыт бойы Балқаш кен-байыту фабрикасының ауысым шебері болып жұмыс жасадым. Осы уақыт аралығында мен жетекшілерім мен тәжірибелі мамандардың ақылын тыңдап, олардан тәлім алдым. Ең бірінші орынға қызметкерлердің білімі мен тәжірибесін қойдым.
Осы қызметте өндіріс мәселелерімен белсенді түрде айналыстым, құрамында мысы бар шикізаттың байыту режимі мен нұсқаулықтарды жетілдірумен болдым. Сондай-ақ қоластымдағы қызметкерлермен қарым-қатынас орнатып, оларға команда болып жұмыс жасауды үйреттім.
— Қазір сіздің міндеттеріңізге не кіреді?
— Цехтың өндіріс және шаруашылық жұмыстарын басқару, өндірістің бекітілген жоспарларын орындау, өнімді шығару,
«Қазақмыс Корпорациясы» стандарттарын ұстана отырып, қызметкерлер жұмысын ұйымдастыру. Сол сияқты өндірістік
қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарына жұмыс орындарының сәйкес келуін қамтамасыз ету жұмысы да менің міндетіме кіреді.
Жұмысыңызда нені мақтан тұтасыз?
— Ең біріншіден Балқаш кен-байыту фабрикасы ұжымының өз жұмыстарын терең білулері мен білімдері, олардың адалдығы мен еңбекқорлығын мақтан етемін. Мен фабриканың бас корпусы кеннің әр түрін қайта өңдеумен айналысатынына қарамастан, ай сайын жоспарлы көрсеткіштерді орындай алатынымен мақтанамын.
Тиімді жұмыс істеуге және бәріне бірдей үлгеруге сізге не көмектеседі?
— Менің жұмыс күнім таңғы 6:30-да цехты аралаумен басталады. 7:15-те фабрика директоры өткізетін жиналысқа қатысамын. Одан кейін бас корпустың инженер-техникалық қызметкерлерінің арасында жедел жиналыс өткіземін. Кейін әрине өндірісте жетекшілік етумен айналысамын. Тиімді жұмыс істеуге жұмысты нақты жоспарлау мен әріптестердің көмегі, басшылардың тәлімі көмектеседі.
«Қазақмыста» табысты қызметкер атану үшін не қажет?
— - Терең кәсіби білімің болуың керек және өз мақсатыңа жетуге талпыну қажет. Үнемі тәжірибесі мол мамандардан тәжірибе жинай білу керек. Табысты қызметкер дегеніміз – ол еңбекқор, адал, тәртіпті әрі мақсатына жете білетін адам.
Жанғазы, «Қазақмыста» жаңадан жұмыс жасап жатқан жас мамандарға қандай кеңес айтар едіңіз?
— Жұмыстың бастапқы кезеңінде тәжірибелі тәлімгерлердің ақыл-кеңестеріне жүгіну керек. Өз мақсатыңа жетуден қорықпау керек және қызметтік мансапта өсуден бас тартпаған жөн. Мен әріптестерімнің бойынан табылатын еңбекқорлықты, олардың дамуына деген талпынысын, өздерінің және әріптестері алдындағы жауапкершігін, мәселелерді шешуде жол таба білетін қасиеттерін жоғары бағалаймын.
Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
— Менің кәмелет жасына толмаған екі балам бар. Мен олардың дамуына барынша көп уақыт бөлуге тырысамын. Менің сүйікті ісім – жүзу мен дене шынықтыру.
Сондай-ақ оқыңыз:
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2020
Барлық құқықтар қорғалған