АҚ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫ ҚУАНЫШБЕК ЕСЕКЕЕВТІҢ ЖАУАПТАРЫ
Интернет-конференция 2021 жылдың 1-14 ақпан күндері аралығында өткізілді
«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің үндеуі
Қайырлы күн, құрметті қазақстандықтар! Бүгін мен сіздерге елдегі ең танымал интернет-алаңдардың бірі - NUR.KZ-тегі «Қазақтелеком» АҚ-ның кезекті интернет-конференциясына қош келдіңіздер деймін. Клиенттерімізбен және әлеуетті абоненттерімізбен диалог құру біз үшін дәстүрге айналуда және біздің компания бұл дәстүрді болашақта да жалғастыруға ниетті.

Көптеген жылдар бойы «Қазақтелеком» АҚ өзін клиенттерге бағытталған компания ретінде көрсетіп келеді. Осы мәртебеге сәйкес болу жолында біз үшін сіздермен кері байланыс орнату маңызды. Себебі, біз сіздер үшін жұмыс істеп, қызметтерімізді жетілдірудеміз және телекоммуникация нарығындағы жаңа тауашаларды күннен-күнге игерудеміз. Бұл тұрғыда бізге NUR.KZ-тегі конференциялар барысында сіздерден келіп түскен өтініштер көмек болуда.

Біз өткен жылы екі рет осындай диалог ұйымдастырдық. Оған қатысушылардың саны әрдайым өсіп келе жатқандығы біз үшін қуаныш – осы жолғы кезекті (мен «соңғы» сөзін әдейі қолданбаудамын) конференцияға екі мыңнан астам адам қатысты. Осы күнгі көзбе-көз байланысымыз барысында алдағы екі аптада одан да көп қазақстандықтар қатысатынына зор сенім артудамын.

Сіздердің осы жерде айтылған идеяларыңыз, ұсыныстарыңыз, тілектеріңіз және тіпті шағымдарыңыз біздің компанияға өз қызметінің қандай бағыттарын дамыту керектігін, жұмысын қалай түзетуге және жақсартуға болатынын түсінуге көмектеседі. Біздің сарапшылар сізден келіп түскен әрбір өтінішті талдайды, және сіз көтерген әрбір мәселе өз шешімін табады: біз әрқашан диалогқа дайынбыз. Және NUR.KZ-тің барлық оқырмандарын оған қосылуға шақырамыз.
Сіз "Қазақтелеком" мамандарымен келесі нөмірлер арқылы хабарласа аласыз:

Сұрақтар бойынша кеңестер- 160:
Дс-Жс: 09: 00-21:00
Ұялы тел. қоңырау ақылы

Қызметтің дұрыс жұмыс істемеуі бойынша сұрақтар - 165:
Дс-Жм: 08: 00-21:00
Сн-Жс: 09: 00-20:00
Мейрам күндері : 09: 00-20:00
Ұялы тел. қоңырау ақылы

Баланс бойынша сұрақтар - 195:
Тәулік бойы
Ұялы тел.қоңырау ақылы

Сонымен қатар +7-708-00-00-160 нөмірі бойынша абоненттер үшін тәулік бойы WhatsApp каналы қолжетімді
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2021
Все права защищены