Осы ретте Корпорация қызметкерлері қарапайым қызметкерден басшыға дейін қалай көтерілуге болатынын, жалпы өз ісінің үздігі атанып, табысты болу үшін нені қолға алу қажеттігін әңгімелеп берді.
Бұл қызметкерлер – өз жұмысына адал қызмет етумен қатар, өздерінің жақындары мен отбасыларына уақыт бөле алатын, бақша өсіру, кептер ұстау мен футбол ойнау сынды өздерінің сүйікті істерімен айналыса алатын жан-жақты тұлғалар.
Олардың кейбірі Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі етіп, өндірістегі еңбек адамның мінезін қалыптастыратынын айтса, енді бірі өздерінің ата-аналары мен тәлімгерлерінен, аға буын әріптестерінен тәлім алған.
Десе де олардың барлығы дерлік – жауапкершілік, еңбек етуге деген құлшыныс, талап пен қиындықтар, қорқынышты жеңе білу ғана биік белестерді бағындыруға себеп болатынын біледі.
Осыған орай, назарларыңызға Корпорациядағы идеясы бір, бәріне бірдей міндет жүктелген, түрлі қызметтегі, жастары әр түрлі қызметкерлердің сұхбаттарын ұсынамыз.