«Жер мені бақсын десең...» Түркістандық кәсіпкер табысты болудың жолдарын айтты



Кәсіпті бір бас малмен бастап, жүздеген басқа жеткізу үшін не істеу керек? 80 гектарға жуық жерге егін егіп, ауылдастарына жұмыс беріп отырған кәсіпкер Кутлимурад Шерметов табысының құпиясын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Шерметов Кутлимурад
Шерметов Кутлимурад Балташұлы - Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылының тумасы. Ол 1997 жылы берілген жерден өз үлесін алып, егіншілікті бастаған. Дихан көпшілік несие дегенді түсінбеген шақта тәуекелге бел буып, өз ісімді жалғастырып кеттім дейді. Қазіргі уақытта ол 27 гектар жерді игеріп отыр. Сонымен қатар 50 гектар жерді жалға алып, мал азығын, жүгері мен жоңышқа, бидай егеді.
«Мақтаны сәуірдің соңында ектік. Енді тыңайтқыш алғалы жатырмыз. Күздігүні мақтаны жинап аламыз, жемісін көреміз. Осылайша, жерді келесі жылға дайындаймыз. Мақтаны компанияларға өткіземіз. Қайсысы қаражатпен жақсы қамтамасыз етеді, соған жібереміз. Басты мақсат - табыс. Бәрі мақтаны өсіруге байланысты. Дұрыс өсірмесе, ол 1 центнер де бермейді. Жақсылап қарасаң, 70 центнерге дейін жемісін береді», - дейді ол.

ДӘЛ БАЛА СИЯҚТЫ

Диханның айтуынша, егіс алқабында жоңышқа, бидай және қарбыз, қауын, қызанақ та бар. Жоңышқа мен бидайды алмастырып екпесе, ауру пайда болатын көрінеді. Бұл тиісінше айтарлықтай шығынға алып келеді.
«Баланы дүниеге әкеліп өсіру үшін қанша еңбек керек? Бұл жұмысқа одан да көп еңбек қажет. Дәл бала сияқты үнемі ауырады. Күндіз ыстық, түнде суық. Түрлі ауруы бар», - дейді кәсіпкер.
Ауылды ғана емес, Қазақстанның бірнеше өңірін, көрші мемлекеттерді қажетті өніммен қамтамасыз етіп отырған дихан KMF-тен алғаш рет 2005 жылы 100 мың теңге алған.

«100 мың, 500 мың, 1 млн теңге алған кезім де болды. Ауыл шаруашылығына ақша көп қажет, көрінбейтін шығындар өте көп болады. Оны көпшілік біле бермейді», - дейді Шерметов.
Қазір егіс алқабында жұмысшылар бар. Оларды дихан жоңышқа ору үшін жалдаған. Ал жалпы тұрақты жұмысшылары жоқ. Ол жұмыс күшін маусымына қарай жалдауды жөн көреді.

«Қазір маған 10 адам қажет пе, 10 адам жалдаймын. Бәрі осы ауылдың тұрғындары. Бұрындары Өзбекстаннан алып келетінбіз. Қазір тек ауыл тұрғындарын аламыз. Жазда егін егеміз, күзде жинаймыз, қыста малды бордақылаймыз. Одан бөлек, көктемде егін егу үшін жерді дайындаймыз», - дейді ол.

ЖЕР ҰРПАҚТАН ҰРПАҚҚА ҚАЛАДЫ

Кәсіпкер қарбызды Ресейге, Солтүстік Қазақстан облысына сатады. Ал қызанақтар Қазақстанның түрлі өңіріне жіберіледі, жүк көлігімен Ресейге алып кететіндер де бар.

«Қарбыздар маусымның соңында сатылымға шығады. Бірақ қазір су тапшылығынан олар әр түрлі болып жатыр, сол үшін жұлып тастадық. Жоңышқа, жүгері мен бидайды өз малымызға береміз. Бірақ олар да жетпей жатады, сатып алатын кездер де жоқ емес», - дейді Шерметов.

Кутлимурад Балташұлы мал тезегін егіс алқабына тыңайтқыш ретінде де пайдаланады. Ол жылына жоқ дегенде 50-60 камАЗ қи төгетін көрінеді.

«Өткен жылы 150 камАЗ қи тасыттым. Жерге күтім керек, тоздырсаң қайта қалпына келтіре алмайсың. Жер мені бақсын деген адам бірінші жерді өзі бағуы керек. Жерге азық беруге тиіс. Сонда ғана ол сені бағады. Жер ұрпақтан ұрпаққа қалады, жердің жаманы болмайды. Ал бос тұрған соң тозады, арамшөп басады», - дейді ол.

Осы тұста кәсіпкер KMF компаниясының қаржыдан қиналған сәтте еш қиындықсыз көмектесетінін алға тартты.
«Шаруада үнемі ақша бола бермейді. Күтпеген жағдайларға кезігіп қалуы мүмкін. Бәрі тек адамға байланысты емес, ауа райы мен экологияның әсері көп. Осындай сәтте KMF бізге қол ұшын береді. Соңғы 17 жыл бойы тұрақты клиенті болып келемін. Кей кезде миллиондаған ақша алып, уақытылы қайтарып отырамыз. KMF ұйымының артықшылығы кепіл сұрамайтынында. Біреуден қарыз сұрамаймыз, бірден KMF-ке барамыз», - деп ағынан жарылды дихан.
Шерметов егін шаруашылығын мал шаруашылығымен байланыстырған әсте дұрыс деп есептейді. Оның мал қорасында қазір 50 шақты ірі қара бар. Ал тауда бір отар қой мен 150-200-ге жуық сиыр жайылып жүр.
«Ата-бабамыздан қалған кәсіпті жалғастырып келеміз. Кеше-бүгін бастаған жоқпыз. Ыстыққа шыдамайтын сиырлар қазір қорада тұр. Қалған жайылымға жарайтын мал тауда. Ауылда егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы тығыз байланысты. Еккенімізді малға береміз, себебі ақша айналымда болғаны дұрыс. Егін шаруашылығының қызған кезі алты ай болса, алты ай бос жатпай, мал бағуымыз қажет. Ал мал тек алты ай емес, жыл бойы бағылуы тиіс. Осы тұста қойсыз тірлік болмайтынын айта кету керек. Сол себепті мал шаруашылығымен айналысатын кез келген адамда қой болуы керек деп ойлаймын. Ол шағын шығындарды өтейді»,- дейді Балташұлы.
Өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкер KMF-тен жылына бір рет несие алып тұрады. Ол алдағы уақытта да аталған ұйыммен жұмыс істеуге әзір.
«Кейде 1-2 айда несиені жауып тастаймын. Жалпы уақытылы төлеймін. Жанымда несие сарапшысы көмектесіп жүреді. KMF-тен негізі егін шаруашылығымен айналысатын адамдар несие алады. Өйткені көктемде тыңайтқыш қажет. Ал мал бордақылайтындарға жем-шөп керек. Олар да осы ұйымның көмегіне жүгінеді», - дейді ол.

Кәсіпкер карантин басталғалы жағдай қиындап, сиыр саууды тоқтатқанын айтады. Нағыз әскери тәртіпті қажет ететін жұмыспен өз сауыншыларымыз айналысатын, дейді ол.

«Сиыр саууды 1 минут кеш те, ерте де бастауға болмайды. Ауылда қайта өңдеу зауытым бар. Сол арқылы сүт сататынбыз. Қазір бір жылдан аса уақыт жұмысы тоқтап тұр», - дейді дихан.
Кәсібіңіз үшін - микро және агробизнеске арналған микрокредит! 50 мыңнан 10 миллион теңгеге дейінгі соманы 21 күннен 5 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Бұл микрокредит өнімін жұмыс істеп тұрған бизнесі бар немесе ауыл шаруашылығымен, фермерлік қызметпен айналысатын қазақстандықтар ала алады. Өтінімді қарау мерзімі бір күннен басталады. Комиссия жоқ, ал микрокредит алуға өтінімді KMF сайты немесе 7474 байланыс орталығы арқылы беруге болады.

ЖЫЛЫНА 100 БАС САТЫЛАДЫ

Мал шаруашылығын мықтап қолға алған маман етті базарға сатып, Өзбекстанға жібереді. Негізінен Түркістан, Қызылорда облысына жөнелтіледі. Ал жылына 100 бастай ірі қара сатылымға шығады.

Кәсіпкер KMF-тен несиені бір жылда екі-үш рет алған кезі болғанын айтады. Ол несие рәсімдегенде міндетті түрде жоспар болуы керек деп есептейді.

«25 жыл бойы KMF көп адамға көмектесті деп ойлаймын. 50 жылда да осылай клиенттері көп бола берсін. Мен алдағы уақытта да бұл ұйыммен жұмыс істеуге әзірмін. Қаржы деген бизнестің тамырындағы қан десем де артық айтқаным емес. Қаржысыз іс жүрмейді. Шаруа, кәсіпкерлердің бәріне жұмыс жүруі үшін қаражат керек. Ал олардың қолында үнемі ақша бола бермейді», - деп толықтырды ауыл тұрғыны.

Шерметов 24 сағат шаршамастан жұмыс істейді, ол малды түнімен өзі бағудан да қашпайды.
«Бір-екі малды бордақыласаң, қыстай соны бағасың, көктемде сатасың. Малмен айналысатын адам оның тым болмаса бір өнімін өзі өндіруі керек. Жүгері, жоңышқа немесе бидай өзінен болғаны дұрыс. Оның барлығын сатып алсаң, малшы деуге келмейді. Бір сиырдан бастаса, бірден екіге, екіден төртке көбейеді. Бірден көп ақшаға ұмтылып, ақша да төленбей, мал да бағылмай қалуы мүмкін», - дейді ол.

Бүгінде өңірлерді өз өнімімен, ал ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған Кутлимурад Шерметов өз ісін ілгерілетуде KMF-тің үлесі зор екенін тағы да айта кетті.

KMF - жетістікке жетелеген

25 жыл

Кәсіпкер, бизнесмен ұғымдары осыған дейін елдің орташа статистикалық тұрғыны үшін қолжетімсіз түсініктей көрінетін. Ал бүгінде өз ісін нөлден бастап, жетістікке жетуге әркімнің де мүмкіндігі бар.
Қазақстандықтар ақшаны өзіне ғана емес, өзі жұмыспен қамтитын адамдар мен ел экономикасына табыс әкелу үшін дұрыс бағытта пайдалануды бұрыннан үйренген.

Осы тұста KMF азғантайдан бастап кәсібін жүргізуге ниетті адамдарға қолжетімді қаржыландыруды ұсыну арқылы көмектесіп келеді.
Осылайша, 25 жыл бойы KMF Қазақстан кәсіпкерлеріне қолдау білдіріп, табыстың шыңына жетелеуге әзір екенін дәлелдеп келеді және дәлелдей бермек!
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің
микроқаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға берген #: 02.21.0003.М лицензиясы
Текст: Улжан Ибраим
Фото и видео: Владимир Третьяков
Монтаж: Марк Бисен
Верстка: Назгуль Адамалиева
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2022
Все права защищены