Жүздеген бас асыл тұқымды мал мен тонналаған жеміс

Кентау тұрғыны табысының құпиясын айтты

Күнделікті базардан жеміс-жидек пен көкөніс сатып алған кез келген адам оның дәміне тамсанғанымен, қайдан және қалай келгенінен бейхабар болып жатады. Ал біз тұтынатын өнімдерді жеміс-жидек және мал шаруашылығымен айналысатын адамдар өсіреді. Олардың бірі – «Жаннат» шаруа қожалығының иесі Анарбаев Сабыржан Төреханұлы. Кәсіпкер табысты болудың құпиясымен KAZ.NUR.KZ тілшісімен бөлісті.

ЖЕМІС-ЖИДЕКТІ ТАБИҒИ ТҮРДЕ ӨСІРЕМІЗ

Анарбаев Сабыржан Төреханұлы Кентау қаласында тұрады. Ол жеті жыл бұрын 2000 жылдық тарихы бар Қарнақ ауылынан жер сатып алып, шаруа қожалығын дамытуды бастаған. 11 гектар жерді игеріп отырған ол бүгінде бау-бақшада өрік, жүзім, шабдалы мен алма өсіреді. Оның айтуынша, бақшада алманың сегіз, өріктің алты, ал шабдалының бес түрі бар.
Анарбаев Сабыржан
«Жаннат» шаруа қожалығының иесі
10 жұмысшым бар болатын. Осы айдан бастап тағы бес адам алғалы жатырмын. Олардың төртеуі тауда мал бақса, қалғаны бау-бақша жұмысымен айналысады, ағаштарды шырмауықтан тазартады, суғарады. Аспаздар да бар. Жұмысшыларды түскі аспен қамтамасыз етемін, өйткені олар да шаршайды, қиналып кетеді. Ұзындығы 570 метр, ені 200 метр жерде жүру оңай емес. Бәрі осы ауылдың тұрғындары.
Шаруа қожалығының иесі таң атысымен егіс алқабына келіп, кешқұрым қайтады. Ол бау-бақшаны жұмысшыларымен бірге суарып, ұры-қарының бар-жоғын тексеруді әдетке айналдырған. Өз ісіне жанашыр жан бұл істі бастар алдында қиын күндерді де бастан кешіріпті.


«1963 жылы дүниеге келдім. 1985 жылдан бері екінші топтағы мүгедекпін. Мырғалымсайдағы Ащысай полиметтал комбинатында жұмыс істеп, жарақат алғанмын. Содан бері емделіп, денсаулығымды қалыпқа келтірдім. Осылайша , жеті жыл бұрын жер алып, оны қоршап, көшет еге бастадым. Мұнда бүгінде 4300 көшет, 12 мың түп жүзім бар», - дейді ол.

Анарбаев 2015 жылы алған жерді қоршауға екі жылын жұмсап, көшеттерді жанұясымен бірге отырғызған. Ал жұмысшыларды тек биыл алып отырмын дейді ол.
Бір ерекшелігі, Анарбаев ешқандай жеміс-жидекті дәрі себу арқылы өсірмейді. Ол халыққа тек табиғи өнімді ұсынған дұрыс деп есептейді.
«Өткен жылы жүзімнің бір түбінің өзінен 11 келі шықты. Биыл да жақсы өнім беріп жатыр. Ал алма ағашы бес-алты жылда жеміс береді. Үш жыл бойы алманы, қараөрікті сатып үлгердік. Қазір алманың пісуіне әлі бір-бір жарым ай бар. Ал өрік, қараөрік пісіп тұр. 15 күннен соң шабдалы дайын болады», - дейді ол.
Дихан өрікті енді сатылымға шығаруды көздеп отыр. Ал өткен жылдары 500-600 келі «Анжир» шабдалысын сатқан.
Кәсіп бар жерде қаржыландыру қатар жүреді. Осы тұста кәсібі үшін қаржыны тек KMF микроқаржы ұйымынан алатын ол бұл шешімінің құпиясын айтты.
«Маған KMF-тен басқа ұйымның қажеті жоқ. Алдағы уақытта да осы ұйыммен жұмыс істеуге әзір болып отырмын. Мұнда келдің бе, несиеңді жап та, ала бер деген ұстаным бар. Тіпті, бір несиеңді жаппай тұрып, екіншіге өтініш беру мүмкіндігі бар.
Негізінде несиені екі жылға аламын. Бірақ бір-бір жарым жылда төлеп, жаңа несие рәсімдеймін. Әдетте көктемде қаражат қатты қажет болады. Жем-шөп бар, бидай алуымыз керек. Қысқа дайындықты да көктемде бастаймыз. Мәселен, қазір шөп алғалы жатырмыз», - дейді ол.
Кәсіпкердің айтуына қарағанда, жеміс-жидектерді шаруа қожалығына келіп, сатып алатындар бар, осылайша ол өнімдерін тұтынушыларға тікелей өткізеді.
«ГАЗельге тиеп алып кетеді. Алматы, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда мен астанаға жеткізіледі. Өрік пен қараөрікті келесі аптада теруді бастаймыз. Оны теріп, жәшікке салып, ГАЗельге тиейміз. Ол діттеген жеріне жетеміз дегенше піседі», - деп түсіндірді ол.

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ГЕРЕФОРД СИЫРЛАРЫН ӨСІРЕМІЗ

Сабыржан Анарбаев жеміс-жидектен бөлек, мал шаруашылығымен де айналысады. Бүгінде оның 164 ірі қарасы бар. Бастапқыда 62 сиыр сатып алған ол 12 жылдан бері KMF клиенті болып келеді.

«Ірі қаралар қараша, желтоқсанда осы шаруа қожалығына келеді. Наурыз, сәуір айында Қаратаудағы Көкбел тауына кетеді. Ол жақта төрт жұмысшым бар. Онда қасқыр, қабан, арқар көп. Пайдасын енді көргелі отырмыз. Шөпті 1200-ден сатып алатынбыз. Ал биыл 600-700 теңгеден алмақпыз. Осындай қиын сәттерде KMF ұдайы қолдау көрсетіп келеді, алғысым шексіз, ризамын. Ең алғаш рет 130 мың теңге рәсімдеген едім, әлі есімде, содан бері тұрақты клиентке айналдым», - дейді шаруа қожалығының басшысы.
Сабыржан Анарбаевтың кәсібін дөңгелеткен - микро және агробизнеске арналған микрокредит! 50 мыңнан 10 миллион теңгеге дейінгі соманы 21 күннен 5 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Бұл микрокредит өнімін жұмыс істеп тұрған бизнесі бар немесе ауыл шаруашылығымен, фермерлік қызметпен айналысатын қазақстандықтар ала алады. Өтінімді қарау мерзімі бір күннен басталады. Комиссия жоқ, ал микрокредит алуға өтінімді KMF сайты немесе 7474 байланыс орталығы арқылы беруге болады.
Қазір Анарбаев KMF-тен жыл сайын миркокредит алады.
«5 млн, 2 млн, 3 млн теңгені де, 11 млн теңгені де алдым. Бұл компания артық әуреге салмайды. Ары-бері қағазға жүгіргенім де есімде емес. Әр клиенттің өз несие сарапшысы болады. Сол қызметкермен тікелей жұмыс істейміз. Төлем жасайтын кезде, несие алатын уақытта тез арада көмекке келеді», - дейді ол.
Анарбаевтың мал шаруашылығымен айналысқанына төрт жыл болған. Асыл тұқымды герефорд өсіретін ол әр малды 630 мың теңгеден сатып алған. Ендігі кезекте етті мал тұқымын бағып, 350-400 келі ет сатуды қолға алғалы отыр. Қазан-қараша айында сатылымға шығатын етті арнайы қасапшылар келіп, алып кететін көрінеді.
Сабыржан Төреханұлы мал шаруашылығын дамыту үшін арнайы жем-шөп қоймасын да салған. Оның құрылысына да KMF көмектескен.
«Бұл ферманы салғаныма да 3 жыл болды. Малға арналған орынды салу үшін KMF-тен қаржы алдым. Бұл ұйым адамдарға сенім білдіреді, бірегей ұйым. Мәселен, мал фермасынан шыққан қиды егін алқабына себеміз. Әйтпеген жағдайда ол өздігінен өсе бермейді. Көктемде ағаштардың түбіне қиды құйып шығамыз. Оңай жұмыс жоқ, дегенмен KMF сияқты қолдаушың барда неге кәсіппен айналысып, жағдайыңды жасамасқа», - дейді ол.
Анарбаев жұмысты тиянақты атқарған адам жетістікке жететіне сенеді. Ол еңбек еткендер несиеден қорықпау керек деген пікірде. Алдағы уақытта ол егін алқабын көркейтіп, мал басын арттыруды жоспарлап отыр.

KMF - жетістікке жетелеген

25 жыл

Кәсіпкер, бизнесмен ұғымдары осыған дейін елдің орташа статистикалық тұрғыны үшін қолжетімсіз түсініктей көрінетін. Ал бүгінде өз ісін нөлден бастап, жетістікке жетуге әркімнің де мүмкіндігі бар.
Қазақстандықтар ақшаны өзіне ғана емес, өзі жұмыспен қамтитын адамдар мен ел экономикасына табыс әкелу үшін дұрыс бағытта пайдалануды бұрыннан үйренген.

Осы тұста KMF азғантайдан бастап кәсібін жүргізуге ниетті адамдарға қолжетімді қаржыландыруды ұсыну арқылы көмектесіп келеді. Осылайша, 25 жыл бойы KMF Қазақстан кәсіпкерлеріне қолдау білдіріп, табыстың шыңына жетелеуге әзір екенін дәлелдеп келеді және дәлелдей бермек!
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің
микроқаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға берген #: 02.21.0003.М лицензиясы
Текст: Улжан Ибраим
Фото и видео: Владимир Третьяков
Монтаж: Марк Бисен
Верстка: Назгуль Адамалиева
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2022
Все права защищены