Сонымен қатар, Корпорация Жезқазған өңірінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру үшін өзінің мини-маркеттерін салуда. 2018 жылы өңірдегі ең ірі сауда орталығы - «Ұлы Дала» гипермаркеті ашылды. Бұл жоба одан әрі жалғасын тапты - 2020 жылы Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 20 ULY DALA мини-маркетінен тұратын бөлшек сауда желісінің құрылысы басталды. Олардың тоғызы қазірдің өзінде Сәтбаевта, үшеуі Жезқазғанда іске қосылған.
Сондай-ақ Балқаш қаласында осындай 10 мини-маркет салу мүмкіндігі қарастырылуда. Одан бөлек, көкөністер мен жемістерді сақтау және бекітілген бағамен қамтамасыз ету үшін келесі жылы Жезқазған қаласында тарату орталығын ашу жоспарланып отыр.