2019 жылдың қазан айынан бастап Сәтбаев қаласында денсаулық сақтау жүйесінің бірқатар ғылыми зерттеулері жүргізілді. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық деңгейдегі сарапшылар, ғылыми кеңесшілер, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Қазақмыс» корпорациясының өкілдерінен құралған жұмыс тобы құрылды.
Нәтижесінде Сәтбаев қаласының денсаулық сақтау саласындағы ең күрделі мәселелер анықталды, 2021-2023 жылдарға арналған қала тұрғындарының денсаулығын нығайту мен сақтаудың бағдарламасы жасалып, облыс әкімдігімен келісілді.
Бағдарламаның бюджеті 5 млрд-тан астам теңгені құрайды. Қаржыландыру республикалық, жергілікті бюджеттің және «Қазақмыс» Корпорациясы қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Сәтбаев - аталмыш бірегей жүйелік тәсіл қолданылған еліміздегі жалғыз қала екенін айта кеткен жөн. Болашақта осындай бағдарламаны Балқаш және Жезқазған қалалары үшін әзірлеу жоспарланып отыр.