Барлық жобаларды іске асыру 2025 жылға дейін сумен қамтамасыз ету деңгейін Есқұла кен орнынан 11-ден 30 миллион текше метрге дейін, ал Үйтас-Айдос көзінен 10,5-тен 26,4 миллион текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл қалаларды 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Жезқазған қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ Үйтас-Айдос су таратқышында жиі апаттық жағдай туындауының алдын алу мақсатында биыл өндірістік су жинағыштың құрлықтағы сорғыларынан тазарту құрылыстарына дейін резервтік су таратқыш шұғыл түрде салынды және іске қосылды.