ДАМЫТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ
Жезқазған мен Балқаш өңірлері үлкен әлеуетке ие, мұнда маңызды табиғи ресурстар, өндірістік кәсіпорындар, құнарлы жерлер мен еңбекқор тұрғындар шоғырланған.
«Қазақмыс» минералды-шикізат базасын ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, ол үшін 2018 жылы Жезқазғангеология базасында «Қазақмыс Барлау» компаниясы құрылды. Сол уақыттан бері геологиялық барлауға салынған инвестиция көлемі бес есе артып, 9,5 млрд теңгеге жетті. Үш перспективалық кен орнында жұмыс жүргізілуде.
Жергілікті атқарушы билік, компаниялар мен тұрғындардың бірлесе әрекет етуі өңірлерді одан әрі дамытуға және осы аймақтардағы өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді