БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ
Аймақтағы бастауыш және орта білім берудің негізгі мәселелері орта мектеп мұғалімдерінің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі, мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы және қосымша білім беру жүйесінің дамымауы болып шықты.
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
Осы жылдың көктемінде республикалық Педагогикалық шеберлік орталығының күшімен алғаш рет мектеп мұғалімдерінің деңгейіне, біліктілігі мен қамтамасыз етілуіне қатысты зерттеу жүргізілді.

Нәтижелері жария болғаннан кейін, облыстағы орта мектептер мен гимназия мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында Жезқазғанда Біліктілікті арттыру мектебін ашу туралы шешім қабылданды, бұл оларға және олардың жалақы деңгейіне оң әсер етеді деп күтілуде. Мектеп ағымдағы жылдың тамыз айында жұмысын бастады.
БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Мектепке дейінгі мекемелерге келетін болсақ, 2021-2022 жылдары бүгінгі таңда балаларды толықтай қамту үшін қажет болып отырған балабақшалардың салынуына қаражат бөлініп, жабдықталады. Жезқазғанда төрт, Сәтбаевта және Балқашта тағы үш балабақша пайда болады деп күтілуде. Жобалық құжаттаманы әзірлеу басталып кетті, әкімдіктермен бірге учаскелер мен құрылыс түрлері қарастырылуда.
2021-2022 ЖЫЛДАРЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚАЖЕТТІ ОРЫНДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН СЕГІЗ БАЛАБАҚША САЛЫНЫП, ЖАБДЫҚТАЛАДЫ
МЕКТЕПТЕРДІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗУ
Сондай-ақ, әкімдіктердің тапсырысы бойынша орта білім беру нысандарын салу және жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, оның ішінде Сәтбаев қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия базасында балаларға робот құрылысы, компьютерлік бағдарламалау және т.б. салаларда білім алуға жағдай жасайтын STEM-зертханаларын құруға көмек көрсетуліде.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Қадамдардың бірі ретінде бағдарлама жасалып, Сәтбаев қаласында «Білім беру және жұмыспен қамту орталығы, оның ішінде ерте кәсіптік бағдар беру орталығы мен қызмет көрсету академиясын» ашуға арналған ғимарат таңдалды. Орталықтың жұмысы Қазақстан және Ресейдің ірі қалаларындағы заманауи орталықтарға ұқсас келеді.

Орталық келесі жылы ашылады деп жоспарлануда, бұл балаларға болашақ мамандықтарымен танысуға және олардың жастайынан өз мүмкіндіктерін ашуына жағдай жасайды. Орталықтың көмегімен жастар өздерінің мамандықтарын еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағыттай алады.
ТЕХНИКАМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Сонымен қатар, Корпорация жергілікті атқарушы органдардың сұранысы бойынша өзге де көмек көрсетті. Мәселен, биыл Жезқазғанда салынған мектептің материалдық-техникалық жабдықталуына қаржы бөлінді. Қашықтықтан оқытуға көшкеннен кейін Корпорация аймақтардағы мектептер үшін 922 дербес компьютерлер мен 201 роутер сыйға тартты.
Қашықтықтан оқытуға көшкеннен кейін Корпорация аймақтардағы мектептер үшін 922 компьютер мен 201 роутер сыйға тартты
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2020
Все права защищены