Сондай-ақ, Сәтбаев қаласында жұмыс тобы құрылып, оның құрамына әкімдіктің, құқық қорғау органдарының, Корпорацияның және мамандандырылған ұйымның өкілдері кірді. Жұмыс тобының міндеттеріне бейне-мониторинг желісін масштабтау бағдарламасын әзірлеу кірді, нәтижесінде, ең алдымен, жаңа «Нұрлы-мекен» ауданын бейне-мониторингпен жабдықтау туралы шешім қабылданды.
Полиция қызметкерлерінің жеткілікті дәрежеде материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықталмауы және ынталандырылмауы жағдайында қауіпсіздік деңгейін жоғарылату, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оны анықтау мүмкін емес екенін ескере отырып, қажетті көмек көлемі көрсетілетін болады - мәселен, күзетшілерді арнайы киіммен, кеңсе техникасымен, байланыс және көлік құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары басталып кетті.