Заманауи қазақ музыкасы: қазір кімді тыңдап, нені көреміз
Kaspi.kz қолдауымен OYU Live музыкалық жобасы 7 маусымының түсірілімдері өтті
Қазақстанда көптеген талантты музыканттар бар. Бірақ кәсіби деңгейде өнер көрсету үшін тек талант жеткіліксіз. Продюсерлер керек – олар музыкалық индустрияға кіруге көмектеседі. Студияда жазу, образ жасау және басқа да көптеген нәрселер үшін қаражат қажет. Сондықтан таланттардың барлығы толық ашыла алмайды.
Суретте: Ryso
Талантты музыканттарды қолдау үшін 2021 жылы Қазақстанда OYU Live музыкалық жобасы басталды. Орындаушыларға кәсіби түсірілім тегін жасалады, кейін бұл бейнелер OYU Live YouTube арнасына жүктеледі.
Суретте: Руслан Айдар
Бұл бір қарағанда қарапайым көрінеді, бірақ мұқият қарасаңыз құпиясы көп әлем. Біріншіден, OYU Live – бұл танымал режиссер және продюсер Айсұлтан Сеитовтың жобасы.
“
Айсұлтан Сеитов – қазақ режиссері, продюсер, сценарист. QARA шығармашылық бірлестігінің негізін қалаушы және идеялық шабыттандырушысы. Moldanazar, Kanye West, Offset, Ivan Dorn, L’One, Скриптонит, MiyaGi & Эндшпиль, 21 Savage, Jah Khalib және басқаларының клиптерін түсірген режиссер. 2023 жылы "Қаш", сатты алғашқы толықметражды фильмін шығарып, Шанхай халықаралық кинофестивалінде "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды.
Шығармашылық ортада Айсұлтанды бәрі біледі, жақсы көреді. Сонымен қатар онымен мақтанады, назарына ілінуді қалайды, бірге жұмыс істеуді армандайды. Сондықтан OYU Live жобасына қатысу өте беделді саналады.
Суретте: группа 6ellucci
Жобаға болашақ жұлдыздар ғана емес, даңқ шыңындағы музыканттар мен қазақ музыкасының нағыз аңыздары да қатысады. Мысалы, әр түрлі маусымдарда Роза Рымбаева, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас түсті. Жас орындаушылар бір-бірімен және аңыздармен коллаборацияда өнер көрсететін кезі аз емес. Әсері керемет. Нәтижесі әрқашан қызықты.
Суретте: Нұрлан мен Мұрат
Кадрдың сыртында – стильді минималистік көрініс пен жоғары сапалы дыбыс жасайтын продюсерлер, режиссерлер, операторлар, техниктер, костюмерлер, визажисттер және басқа да мамандардан тұратын үлкен команда бар.
Әрине, басқа да көптеген құпиялар бар. Бұл тек көзге көрінетіндері.
OYU Live -тің бір маусымы Spotify-мен коллаборацияда түсірілді, ал қалған бес маусымы команданың өз есебінен жасалды. Қосымша қаржыландырусыз әр түрлі өңірлерден жас орындаушыларды шақыру қиын болды, барлық жақсы шығармашылық идеяларды жүзеге асыру мүмкін болмады. Ал жетінші маусымда жоба алғаш рет бас серіктес тапты. OYU Live-ты Kaspi.kz, адамдарды музыка, спорт және салауатты өмір салты айналасында біріктіретін жобаларды үнемі қолдайтын ең инновациялық қазақстандық компания қолдады.
Суретте: Ayau
1 маусымда Kaspi.kz қолдауымен Алматыдағы OYU Fest керемет өтті. 4 шілдеден бастап YouTube-те OYU Live жетінші маусымының роликтері шыға бастайды. 28 шілдеде музыканттар Астанада қайтадан жанды дауыста көрсетеді.
OYU Live түсірілімдерінде біз ұйымдастырушылармен және қазіргі қазақ музыкасында жаңадан пайда болған жұлдыздарымен сөйлесуге мүмкіндік алдық. Тек жоба туралы ғана емес, өмір, музыка, ел және ұлттық ерекшелік туралы әңгімелестік.
OYU Live жетінші маусымының түсіріліміне барлығы 20 әртіс қатысты. 4 шілдеден бастап, әр бейсенбі сайын жобаның YouTube арнасында қатысушылардың жаңа жазбасы шығады.