– Қазақ музыкасының өсуі 100% сезіледі. Өйткені интернет бар, жаһандану, бұл қатты әсер етеді. Жас жігіттерге өзін-өзі көрсету мүмкіндіктері көп болды, мысалы, шашымен бір нәрсе жасайды, тура сол сияқты денесімен және музыкасымен де бір нәрсе жасай алады. Қазір өзін көрсете алатын әртістер көбейіп келеді. Бұрын бұл қиын болды деп ойлаймын.
Интернет арқылы аудиторияға қол жеткізу де оңай болды. Өз материалыңызбен өзіңіз жұмыс істей аласыз. Лейбл (record label, дыбыс жазатын компания – ред. ескерту) енді мүлдем қажет емес, сіз өзіңізге иесіз.