– Критерийлер жоқ, бастысы – керемет үні, адал, сергек болуы. Бізде тілек тізімі бойынша, мүмкіндігінше көп әртістерді – танымал жұлдыздардан салалық әртістерге дейін шақыруға тырысамыз. Кез келген музыка өмір сүруге құқылы – өз тыңдаушысын табуы керек. Біз қазақ музыкасына қызмет етеміз. Міне, бізде Камилла, Жандос, Кеша бар (жобаның продюсерлері Камилла Ажибаева, Жандос Кахар, Еркебұлан Құрышбаев – ред. ескерту). Біз үнемі ізденістеміз, бір-бірімізге әртүрлі сілтемелер жібереміз, әртістер өз мызкасын поштаға жіберді, оны да қарап отырамыз.