"KZ табиғи суы"

АРНАЙЫ ЖОБАСЫ


Пайдалы су туралы бар шындық

Судың әрбір тірі ағза үшін маңызды материал екендігін бесіктегі бала да біледі. Ертегілер мен аңыз әңгімелерде судың тіршілік көзі екендігі жиі айтылып, оның пайдалы тұстарына көп мән беріледі. Адам сусыз өмір сүре алмайды, ал суды шамадан аз қолдану көптеген аурулардың пайда болуына әкеліп соқтырады.

Қазақстан Республикасы минералды ресурстар Академиясың корреспондент мүшесі, табиғи суларды зерттеуші әрі әзірлеуші, қазақстандық Asia Waters холдингінің ғылым жөніндегі директоры Евгений Александрович Пятов су туралы барлық шындықтың бетін ашты. Ол су туралы жиі қолданылатын анықтамаларға түсінік беріп, ағзаға қандай судардың тек пайда әкелетінін айтып берді.



Евгений Александрович Пятов
Қар суы
Қар суының пайдалы екендігі бұрыннан айтылып келеді. Бәрінен бұрын, оны бірден қолданған дұрыс. Яғни, қар суын еріткен бойда ішіп қойған жөн. Қар суы зат алмасуды реттеп, бүйрек қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді; қан айналымды жақсартып, холестерин деңгейін төмендетеді; қан қысымын рейттей отырып, теріні, ұйқыны жақсартады және мидың белсенділігін арттырады. Алайда, дер кезінде ішіп қоймасаңыз, қар суы бұл қасиеттерін тез жойып жіберетінін ескеріңіз.

Қар суын үйде тоңазытқыштың көмегімен даярлауға болады.


Бұлақ суы
Бұлақ – жер бетіне шығып жатқан табиғи минералды су. Бұлақ суын кез келген табиғи су секілді ішер алдында міндетті түрде тексеру керек.

Егер сараптамада оның минералды құрамы адам үшін мінсіз екенін, улы элементтері мен патогендік бактериялары жоқ екенін анықтаса, яғни физиологиялық тұрғыдан толыққанды болса, онда қайнатылмаған және сүзгіден өтпеген табиғи күйіндегі бұлақ суының өте құнды деген сөз.



Минералды су

Табиғи минералды суды біз және бүкіл әлем жерасты қайнарларынан алынған, күнделікті тұтынуға болатын ауыз су ретінде білеміз. Медицинада адам денсаулығы тұтынатын судың құрамына тікелей байланысты екені дәлелденіп, ауыз судың физиологиялық толыққандылығы деген түсінік енгізілген. Ол адам ағзасында туындайтын химия-биологиялық процесстерді реттеуге септігін тигізеді.

Мұндай элементтерге кальций, магний, йод, фтор, гидрокарбонаттар жатады.

Толыққанды ауыз судың ең оңтайлы минералдану деңгейі 0,2 мен 0,5 г/л аралығында болуы тиіс. Бір литр судағы кальцийдің мөлшері 25 миллиграммнан, ал магнийдің мөлшері 5 миллиграммнан кем болмауы тиіс.

Минералды ауыз сумен салыстырғанда емдік және минералды емдік-ас су емдік қасиетке ие. Оларды белгілі бір ауруларды емдеу және алдын алу мақсатында ішке қабылдауға, сонымен бірге сыртқа жағуға да болады.

Емдік немесе емдік-ас суды қолданар алдында емдеуші дәрігермен ақылдасқан жөн. Әр емдік және емдік-ас судың курортологтар жасаған бальнеологиялық тұжырымы болуы тиіс.

Онда судың дәрігер жазған түсініктемесі, бекітілуі, суды қолдануға болмайтын жағдайлар, қосымша эффектілері, ішу режимі, пайдалануға қажетті мөлшері, сумен емдеу курсының ұзақтығы, температуралық режим және емдеу арасындағы ұзақтық көрсетіледі.


Суға арналған фильтр
Өз денсаулығына алаңдаған әрбір адам бүгінде үйлеріне суды тазартуға арналған фильтр орнатып қойған. Бірақ фильтр шын мәнінде суды сіздің ағзаңыз үшін пайдалы әрі қауіпсіз ете ала ма?

Құрамында белгілі бір мөлшерде кальций мен магний тұздары бар табиғи судың, үй жағдайында болсын, өнеркәсіптік деңгейде болсын, осмостағы сүзгіден өткеннен кейінгі құрамы айтарлықтай өзгеріп кетеді.

Мұндай су физиологиялық толыққандылық критерийлеріне жауап бермейді, себебі оның қаттылығы тым төмен және ондағы кальций мен магний тұздары мүлдем дерлік жойылады.

Ал үнемі тұзсыз суды қолдану адамның ағзасына пайдасыз ғана емес. Тұзы жоқ су ішу арқылы сіз денсаулығыңызға қауіп төндіруіңіз мүмкін. Фильтрді жасап шығарушылар судың құрамындағы биологиялық белсенді заттардың адам денсаулығы үшін маңызды екенін, сондай-ақ, тұзы жоқ судың ағзаға қауіпті саналатынын білмейтін сияқты.


Қайнатылған су
Қайнатылған су бактерия мен вирусты "өлтіреді". Оның ішінде пайдалы жерасты суларындағы физиологиялық пайдалы бактериялар тобы да жойылып кетеді. Ал керісінше, зиянды химиялық элементтер жоғары концентрацияда өз күшін сақтап қалады.

Жерасты қайнар көздерінен алынған, қауіпсіздігі сақталған табиғи минералды сулар қайнатылған суға қарағанда әлдеқайда пайдалы.


Су графиніндегі күміс қасық
Үй шаруасындағы әйелдер көп жағдайда күміс қасықты суға салып қояды. Бұл әжелердің күміс суды тазартады деген әңгімесінен туындаған. Әрине, кейбіреулері мұны жай ғана ертегі деп есептейді. Бірақ күмістің табиғи суға бактерицидті әсер етуі ежелден бар жағдай. Күміс иондары антисептикалық қасиеттерге ие. Сондықтан, олар суды қауіпсіз ете алады. Егер қаласаңыз, күміс ыдыстарды пайдаланған жөн.
Суды қолдану мөлшері
Күніне екі-үш литр немесе 8-9 шыны су ішу керек деген пікір қалыптасқан. Бұл пікір шын мәнінде дұрыс емес. Физиология туралы оқулықтың мәліметіне сәйкес, адам күніне орта есеппен екі жарым литр сұйықтық жоғалтады. Сонымен қатар өкпе мен теріден бір литр сұйықтық кетеді. Бұл сұйықтық мөлшерін күнделікті қалыпқа келтіріп отыру қажет.

Алайда мұны тек су ішу арқылы ғана емес, өзге сұйықтықты іші арқылы да қалыпқа келтіруге болады. Мәселен, сусындар, шай, кофе, ас. Дегенмен суды өзге сусын түрлерімен толық алмастырмаған жөн.

БДСҰ мәліметтеріне сәйкес, табиғи минералды суды тәуліктік ішу мөлшері 450-750 миллилитрді құрайды. Сондықтан күні бойы судың осындай мөлшерін ішіп бітіру қажет.


Суды шектен тыс ішу
Суды шектен тыс ішу адамның денсаулығына, әсіресе бүйрегіне зиян деген де пікір бар.

Мұның барлығы адамның өмір сүру жағдайы мен жұмысына байланысты. Күніне қанша су ішу керек екені жоғарыда айтылды. Егер адам ыстық цехтарда жұмыс істесе, спорттың қарқынды түрлерімен айналысса, монша мен саунаға түскенді жақсы көрсе, онда тұтынатын судың мөлшері де бірнеше литрге дейін артуы мүмкін. Ағза қанша су жоғалтса, орны тиісінше сол мөлшердегі сумен толығуы тиіс. Одан қорықпау керек. Бастысы, қатты шөлдегенге дейін жеткізбеген жөн.

Бірақ білуге тиіс бір жайт: тұтынатын судың мөлшері емес, оның құрамы маңызды. Мәселен, фильтрленген, өндіріс орындарынан шыққан жасанды минералды су ағзаға дұрыс сіңбейді.

Ең пайдалысы - жерасты бұлақ көзінен алынған табиғи су, ол ерітілген элементтер мен табиғи органикалық қосылыстардың арқасында жоғары биологиялық белсенділікке ие.



Таңертеңгілік су ішу

Балаға суды тұтынуға қатысты жастайынан үйрету қажет делінетін нұсқаулықтар бар. Таңертең жуынып, тісті тазалау секілді әдеттермен қатар ауыз суды да ішу қажет. Себебі, адам ағзасы ұйқыдан ояна салып ашқарынға ішкен суды жақсы сіңіреді.

Тұтынатын судың мөлшері маңызды емес, кімнің ағзасы қанша су ішкенді қалайды, сонша ішуге болады. Баяу жұтып ішкен бірнеше жұтым су да жетеді.

Су барлық органдар мен тіндерді тазалап, ыдыраған өнімдерді ерітіп, оларды несеп шығару органдарына жібереді. Сондай-ақ, ішек пен бүйрек жұмысын жақсартады.


Тамақтың алдындағы және тамақтан кейінгі су

Күні бойы суды тең дәрежеде қолданған дұрыс. Суды тамақ ішердің алдында 20-30 минут бұрын ішу керектігін барлығы да біледі. Бірақ, бұл аздап қарын ашқанын басып, тамақты аз ішуге арналған әдіс емес. Тамаққа дейін су ішу асқазанның жұмысын жақсартуға көмектеседі. Осы орайда судың температурасы да маңызды екенін ескеріңіз. +12..+17 градустағы салқын су асқазанды нығайтып, тамақты тез қорытуға әсер етеді. Бұл температурадағы су асқазан ауырып, тамақ дұрыс қорытылмаған жағдайда таптырмас көмек болатыны сөзсіз.

Суды тамақтан кейін екі сағат өткен соң ғана ішу керек деген кеңесті де көп естуге болады. Бұл жай ғана аңыз. Біз бұл нұсқаулық ішек жұмысына зиян тигізеді демейміз. Шағын ғана мысал келтіре кетейін.

Тамақтан соң қандағы эритроциттер тиын секілді жабысып қалады. Бұл зат алмасу процесіне кері әсер етіп, ми мен ағзадағы жасушаларға оттегі жеткізуді қиындатады. Тамақтан кейін адамның ұйқысы келетіні де осыдан. Табиғи минералды судың жарты стаканын ішіп жіберсеңіз, ағзадағы тиын секілді жабысқан эритроциттер ыдырап, жасушаларға ауа жүре бастайды.


Ұйықтар алдындағы су
Көптеген адамдар ұйықтар алдында су ішпеу керектігін айтады. Суды ең кеш дегенде ұйықтардан екі сағат бұрын ішу керек деген пікірлер бар. Алайда, 100-150 миллилитр табиғи минералды су ұйқы кезінде жүрек пен мидың жұмысын жақсарта түседі.
Оған қоса, егер сіз шөлдеген болсаңыз, онда ол ағзаның құрғап кеткенінен хабар береді. Сондықтан тіпті ұйықтағалы жатсаңыз да, оны елемеуге болмайды.

Салмақ тастау үшін суды шектеп ішу
Салмақ тастау үшін судың мөлшерін азайту керек дейтіндер де арамыздан табылады. Олардың пікірінше, су ағзада тұрып қалып, арықтауға кедергі келтіреді екен. Алайда, бұл мүлдем дұрыс емес. Өзіңізді ауыз су ішуден шектеуге болмайды. Оның себебі мынада.
Табиғи минералды әрі пайдалы суды шектеп ішудің қажеті жоқ. Өйткені, бүйрек дұрыс жұмыс істеуі үшін қан плазмасында белгілі бір мөлшерде су болады. Егер суды шектеп ішетін болсаңыз, ағза суды жиналған майдың есебінен шығара бастайды. Алайда, бұл қанға керекті мөлшерге жетпейді. Сондықтан, бұл бүйрек жүйесінің жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін. Сол себепті, диетологтармен келісіп, арықтаудың басқа амалын іздеген жөн.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗДАР:
Made on
Tilda