HADO… Немесе біз ішетін судың қандай құпиялары бар


"KZ ТАБИҒИ СУЫ" АРНАЙЫ ЖОБАСЫ
САРАПШЫЛАР ПІКІРІ
Су туралы айтқанда, кез келген адам мектептегі химия пәнін еске алып, Н2О – су екенін нақтылап береді. Бірақ Н2О молекулалары судың бар болғаны 3 пайызын ғана құрайтынын көп ешкім біле бермейді. Өйткені, Менделеев кестесіндегі көптеген элементтердің құрамында су бар және ол судың адам ағзасына пайдасын одан әрі арттыра түседі. Адам ағзадағы түрлі минералды тұздар мен белсенді заттардың қатысуымен болатын физиологиялық реакциялардың арқасында өмір сүреді. Су аталған заттардың ең негізгі жеткізушісі. Ал біздің өміріміздің сапасы біз ішетін судың сапасына тікелей байланысты.
Судың біздің ағзамызға қандай қызмет көрсететінін суды құрайтын кристалдардың формасынан байқауға болады. Алайда, оны біз тікелей көре алмаймыз. Кристалдарды тек қана микроскоппен тамашалауға болады. Сондай-ақ, суды зерттеу арқылы біз су кристалының қандай болатынына нақты көз жеткізе аламыз.



Өткен ғасырдың 90-жылдары ресейлік су зерттеушісі, биология ғылымдарының докторы Станислав Валентинович Зенин судың өзімен бірге ақпарат әкелетінін болжады. Оның қағидасына сүйенсек, суда ірі құрылымдар иерархиясы бар. Ал оның негізін кристалдар құрап тұр. Кристалдың пішіні судың сыртқы қалпына тікелей байланысты.


:
Мәселен, тау жоталарынан алынған таза табиғи судың кристалдары дұрыс геометриялық пішінде болады. Ал сараптамадан соң судың ластануы немесе улануы байқалса, кристалдардың көлемі де өзгеріп кетеді. Ал су құбырындағы судың кристалы ешқашан әдемі болған емес және пішіні де түзу болмайды.

:


Жапондық су зерттеушісі Масару Эмото арнайы технологиялық суретке түсіру құрылғысының көмегімен тәжірибе жасады. Ол әлемнің әр түкпірін аралап, әртүрлі су көздеріндегі судың кристалдарын суретке түсіріп, 10 мыңнан аса фото жинайды! Ол судың кристалдық құрылысын HADO – су хабарламасы деп атады.
Су құбырындағы су
Суға тікелей әсер ететін химиялық әрекеттер уақыт өте келе судың құрылымы мен кристалды өзгертеді. Бұл өзгерістер мейілінше орнықты болатынын ұмытпаған жөн. Мысалы, су құбырынан алынған хлорланған судың кристалын қарасаңыз, оның мүлде әдемі еместігін және тепе теңдігі сақталмағынын байқайсыз.

Өйткені, кранға жетемін дегенше мыңдаған километрге ағатын су түрлі жағымсыз эмоцияларды бойына сіңіреді. Судың табиғатына мүлде жат саналатын заттар суды қажетсіз формаға әкеледі.

Алайда, кристалдың түсініксіз формасы оның бойындағы қасиеттермен салыстырғанда түк те емес. Мұндай кристалдар құрылымсыз, ал адам ағзасындағы сұйықтықтардың барлығы керісінше құрылымды болып саналады. Осындай суды ішу арқылы біз ағзамызды қосымша жұмыс істеуге мәжбүрлейміз. Яғни, барлық энергияны қайтадан құрылым жасап, жаңадан жасақтауға сарп етеміз. Демек, су құбырындағы суды ішу арқылы біз өз ағзамыздың қызметін бұзатынымызды ұмытпайық.

Фильтірленген су
Салыстырмалы түрде қарасақ, фильтірленген судың кристалы қажетсіз заттардың жиынтығын еске түсіреді. Ол заттарды лақтыруға қимайсың, бірақ оларды жинағаннан келетін пайда жоқ. Құрамындағы минералдары мен қажетті заттарынан айырылған су тек бірқалыпты жұмыс істейді. Ол өзінің бастапқы элементтерге бай, адамға әдемілік пен денсаулық сыйлайтын қасиетімен мақтана алмайды.

Киелі су


Киелі су кристалының кереметтігі сонша, ол тіпті жарқырап тұрады. Сөз жоқ, мұндай сулар емдік күшінің жоғарылығымен қымбат. Киелі суды пайдалану арқылы адамның денсаулығын жақсартып, оның өмірін жақсы арнаға бұруға мүмкіндік бар.



Табиғи минералды су
Толығымен ішуге арналған табиғи ауыз суының кристалы осындай болады. Кристалдың пішіні дұрыс, ал қырлары әдемі әрі «тірі» көрінеді.

Мұндай сулар дұрыс теңестірілген, ал суды күн сайын қолдану ағзаның табиғи минералды тұздар мен биоактивті заттарға деген қажеттілігін өтейді.

Табиғи минералды су құрылымдалған, ал адам ағзасы оны тікелей қабылдап, қайтадан өңдеуге артық энергия жұмсамайды. Су кристалының мұндай құрылымы оның қайнар көзіндегі керемет табиғи жағдайларға байланысты түзіледі.


Осылайша, судың әрбір кристалы өзіндік ақпараттан хабар береді. Егер ағза дұрыс әрі әдемі кристалдармен толықса, адамның әдемі, дені сау әрі бақытты болуына әрбір кристал көмектеседі.

*Аталған жағдайға қатысты гипотеза әлі толығымен дәлелденген жоқ. Мақала С.В. Зениннің зерттеулері мен Масару Эмотоның "Су жолдауы. Кристалдардың құпия коды" кітабы бойынша жазылды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗДАР: