Қазіргі таңда Қазақстанда қазақ тілінің маңызы арта түскені байқалады. Үкімет 2029 жылға қарай тілді меңгеру деңгейін 84%-ға дейін жеткізу міндетін алға қойып отыр. Сонымен бірге қазақтілді контентке деген сұраныс та жоғары. Мәселен мемлекеттік тілде теле және радиохабар тарату үлесі 70%-ға жетіп отыр.
Елдегі технологиялық көшбасшы бола отырып, Yandex Qazaqstan өзінің қазақ тіліндегі сервистерін дамытуға белсенді түрде инвестиция жасайды. 2023 жылдың 15 қарашасында компания қазақ тілін түсінетін және сөйлей алатын виртуалды көмекші Алисаны ел назарына ұсынды.
Қазір Алиса күніне 200 мыңнан астам рет қазақ тілінде қойылған сауалдарға жауап береді. Бұл қазақ тіліндегі виртуалды көмекшіге деген сұраныстың жоғары екенін дәлелдеп отыр.