Біз тістерімізді тазалап жатып, коммуналдық қызмет үшін төлем жасай аламыз және жұмыс пен үй шаруасы арасындағы үзілісте қарым-қатынассыз жеткізуді жүзеге асыратындарға кешкі асқа тапсырыс бере аламыз. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 87% - дан астамы онлайн төлем жасау әдеттегіден әлдеқайда қауіпсіз деп санайды, сондықтан олардың 45%-ы карантинге дейінгі уақытпен салыстырғанда жиі онлайн төлем жасай бастаған.
Осыған қарамастан біздің ата-аналарымыз, апашкаларымыз бен аташкаларымыз және басқа да жасы үлкен туысқандарымыз почта бөлімшесіне немесе коммуналдық қызмет орындарына барып төлем жасауды әдетке айналдырған. Олар азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді де осылайша сатып алады, қарапайым банк қызметтері мен мемлекеттік қызметтерді де осылай алуда. Сіз бұрын әжеңізге қандай да бір инстанцияларға баруға шектеу қоймаған болсаңыз, қазір бұл өте маңызды мәселеге айналып отыр.
Егер сіз сол қызметтерді үйде отырып, қауіпсіз жағдайда ала алатын болсаңыз, денсаулыққа қауіп төндірудің қажеті қанша? Әжеңізге онлайн төлемді қалай жасауға болатындығын айтып, қалай жасау керектігін үйретіп жіберетін уақыт келді. Жасы үлкен кісілер үшін денсаулық - жайлылық аймағынан шығу мәселесіндегі басты себеп. Әрине, олар сізге құлақ асатын шығар, алайда, ең бастысы, бұны үйреніп алу өте оңай нәрсе екендігіне олардың көзін жеткізу қажет.