Компания кірісіндегі экспорт көлемі 22%-ды құрайды. Кәсіпорын, ең алдымен, қазақстандық тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды көздейді, алайда кәсіпорын өнімдерін экспорттау, оның ішінде шоколадтардан басқа да өнім түрлері бар, көбінесе көршілес елдер арқылы жүзеге асырылуда. Тәттілер дәл осы көрші мемлекеттер арқылы шетелдерге де жөнелтіледі. Қазақстанда өндірілетін тәттілердің негізгі тұтынушыларының қатарында Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Армения, Әзірбайжан, Қытай және Германия бар.
Сонымен бірге отандық тәттілер енді Грузия мен Израильге де жөнелтілетін болады.