Ішкі туризмді дамыту — республикалық ауқымдағы стратегиялық маңызды міндет және мәселені шешу үшін мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндік жасалып жатыр. Бұл өз нәтижесін молынан беруде: статистикалық деректерге сүйенсек, 2025 жылы ішкі туристер саны 10 миллион кісіден асып кеткен. Экологиялық туризмге, ұлттық парктерге және мәдени-танымдық бағдарларға деген қызығушылық айтарлықтай артты.
Сондай-ақ туристер легінің артуы бос орындар тапшылығы мен бағаның өсуі секілді жаңа сын-қатерлерді де тудырып отыр. Бұл өз кезегінде отандық туристік бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол аша бастады, бүгінгі күн - істі бастауға немесе кеңейтуге ең қолайлы уақыт. Айнур Жакибаева "Орман мен жұлдыздар" деп аталатын глэмпинг түріндегі отбасылық бизнесті құруды қолға алып, орын алған жағдайды өз пайдасына айналдыра алды. Ақмола облысының ең көрікті жерлерінің бірінде орналасқан глэмпинг бес жыл жұмыс істегеннен кейін кеңінен танылып үлгерді және де ол облыстың үздік туристік жобасы номинациясын жеңіп алды.
Айнур Жакибаеваның тарихы өз алдына ерекше – Айнур жолдасымен бірге 20 жылдан астам уақыт мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеген. Алайда әрдайым өз ісін ашу жоспары болған. Туризммен байланысты бизнес құру идеясы пандемия кезінде туындаған.
Дәл осы кезеңде Айнур табиғат аясындағы демалыстың салыстырмалы түрде жаңа форматы – глэмпингке қызығушылық танытты. Яғни табиғатта демалумен қатар барлық қолайлылық және жайлылық қатар жүреді. Бұл сонымен қатар өз-өзіне қойылған сынақ еді:
"Есімде, жолдасым екеуміз қаладағы саябақта серуендеп, өмір мен болашақ жайлы әңгімелестік, ойымызды ортаға салдық. Бізде тұрақты жұмыс, жақсы табыс болды, бәрі өз ағымымен жүріп жатты әрі тыныш еді. Бірақ бір сәтте біз қазір тәуекел еткен дұрыс, кейін өмір бойы өкінгеннен гөрі деп шештік. Ол кезде біз 40 жастан асқан едік, іс бастайтын уақыттың келгенін және егер қазір бастамасақ кейін батылымыз жетпей қалатынын түсіндік", – дейді Айнур.
"Орман мен Жұлдыздар" жобасы табиғатты, тыныштықты сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге жайлы демалуға да жағдай жасайды.
"Біз таңдаған орын іс жүзінде мінсіз болып шықты. Мұнда глэмпинг форматы үшін маңыздының бәрі: орман, тыныштық, ыңғайлы жол және көркем Жөкей көлі болды. Бұл жер Бурабайға жақын орналасқан, бірақ мұнда туристер ағылып келе бермейді. Қазір Бурабай күн санап танымал бола түскен сайын, халық тыныш әрі атмосферасы ерекше орындарды жиі іздейді. Бұл жерде қонақтар табиғат, тыныштық және жаңарып алу үшін іздеп келетін кеңістік жасауға болады", – дейді спикер.
Идея өз нәтижесін берді. Жоба танымал бола бастады әрі үнемі даму үстінде. Бүгінде "Орман мен Жұлдыздар" аумағында 11 тентхаус, 3 A-frame үй, бір сфера және бір жеке тұрғын үй кіретін кешенге айналды. Биыл негізін қалаушылар қонақтардың демалу мүмкіндіктерін кеңейту үшін 5 барнхаусты пайдалануға береді. Жақын жылдардағы жоспарға – нөмірлік қорды кеңейту, SPA-аймақ пен жыл бойы жұмыс істейтін бассейн салу, сондай-ақ мейрамхана бағытын дамыту және аумақты абаттандыру кіреді.
Қонақтардың басым көпшілігін Астана тұрғындары құрайды, сонымен қатар Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай қалаларынан жиі келеді, ал соңғы уақытта Көкшетаудан келетін қонақтар саны айтарлықтай артты. Жақын және алыс шетелдерден де туристер келіп тұрады, бұл өте құнды, себебі әртүрлі елдерден келгендер дәл осы атмосфера мен табиғаттағы демалыс үшін әдейі іздеп келеді.
"Орман мен Жұлдыздар" жобасының өңір мен ішкі туризмді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн.
"Динамиканы түсіну үшін: ашылғаннан кейінгі алғашқы жылы, яғни 2021 жылы, Біржан сал ауданының статистикасы бойынша ауданға келген туристер саны шамамен 300 адам болған. Қазір тек біздің глэмпинг маусым ішінде 3 мыңнан астам қонақты қабылдайды. Сонымен қатар жобамыз "Ақмола облысының 2022 жылғы үздік туристік жобасы" марапатын алды және Біржан сал ауданы әкімдігі тарапынан ауданның үздік жобаларының бірі ретінде аталды", – дейді Айнур Жакибаева.
Айта кету керек, аумақта дәстүрлі ағашпен жағылатын монша орналасқан, ал жаз мезгілінде бассейн, велосипедтер мен квадроциклдер пайдалануға болады. Сондай-ақ биыл жергілікті фермерлік өнімдерге басымдық беретін мейрамхана іске қосылады, бұл демалысқа ұлттық нақыш береді.
Жұлдыздарға апарар жолда не бар?
Жоба ауқымды, әрине, қаржылық, физикалық және моральдық салымдарды талап етеді.
"Көпшілік бізді толық түсіне алмады. Достар мен туыстардың арасында бұл идеяның тәуекелдігі жоғары әрі ерекше деп санап, райымыздан қайтарғылары келгендер де болды. Көпшілік Бурабайға жақын жерде глэмпинг салудың керек екендігін түсінбеді. Тіпті бірде жанымыздан өтіп бара жатқан көліктің жүргізуші тоқтап: "Неге мұнда салып жатырсыздар? Ешкім келмейді ғой..." деген еді. Ол кезде мұндай сөздер, әрине, көңілге тиді. Қазір оларды күліп еске аламыз, өйткені біздікі дұрыс болып шықты", – дейді кәсіпкерлер.
Жоба табыс пен қанағат әкелгенге дейін, көп еңбек етуге тура келді. Жер телімі алынған кезде, ол ешқандай инфрақұрылым жүргізілмеген, бос аумақ болатын. Қазір электр жарығы тартылып, ұңғыма қазылып, қонақтардың жайлы тұруы үшін барлық қажетті коммуникациялар жүргізілген.
"Табиғаттағы әдемі демалыстың артында үлкен техникалық және ұйымдастырушылық жұмыс жатыр. Біз үшін қонақтар табиғат аясында демалуымен қатар, үйреншікті жайлы ортадан да айырылмауы маңызды", – дейді Айнур.
Айнурдың пікірінше, табыстың негізгі факторларының бірі – жеке бақылау. Әрбір үй немесе тентхаус қолданудағы ыңғайлылығына қарай мұқият тексеріледі, сондықтан көптеген өзгерістер жеке тәжірибеге негізделген.
"Біздің ісіміздің – ең алдымен отбасылық бизнес екенін айтқым келеді. Жолдасым екеуіміз міндеттерді нақты бөліп алғанбыз және әрқайсымыз өз бағытымыз үшін жауап береміз. Бұл бізге алға жылжуға және күнделікті міндеттерді шешуге көмектеседі. Біз әрқашан өзімізді қонақтың орнына қойып: егер біз демалуға келсек, бізге ұнар ма еді деп ой елегіне саламыз", – дейді Айнур.
Болашаққа арналған жоспарлар және Нұрбанкпен серіктестік
Әрбір маңызды жобаға сенімді қаржылық серіктес қажет. "Орман мен Жұлдыздар" жобасының келесі даму кезеңінде осындай серіктестердің бірі Нұрбанк болды. Жобаның негізін қалаушылар "Даму" қорының "Өрлеу" бизнес қолдау бағдарламасының шарттарын пайдаланды. Жобаны Нұрбанк қаржыландырды.
"Біздің жоспарымыз ауқымды – жобаны кеңейтіп, инфрақұрылымды дамытып, қызмет көрсету деңгейін арттырғымыз келеді. Болашақта SPA-аймақ пен жыл бойы жұмыс істейтін бассейн салуды жоспарлап отырмыз. Егер осы маусым сәтті өтсе, болашақта тағы да қолдау алу мақсатында Нұрбанкке жүгінуіміз мүмкін. Нұрбанкпен жұмыс істеу өте ыңғайлы – артық бюрократиясыз, тек қажетті құжаттар ғана талап етіледі. Сондықтан серіктестік түсінікті әрі жедел болды", – дейді Айнур.
Кәсіпкерлер Нұрбанкпен ынтымақтастықты тек қаржыландырумен шектемейді. Жақын уақытта клиенттерге ыңғайлы болу үшін төлем терминалын орнатуды жоспарлап отыр.
"Банктің қолдауының арқасында біз құрылысты жалғастырып, инфрақұрылымды дамытуға және әлдеқайда жылдам алға жылжуға мүмкіндік алдық. Бұл бізге жобаны кеңейтіп, жаңа демалыс аймақтарын құруға және қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді", – дейді жоба негізін қалаушылар.
Отбасылық бизнес — өмірлік іс
Ынталы адамдардың еңбегі мен кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының уақтылы қаржылық қолдауының арқасында жол бойындағы шағын жер телімі Ақмола облысындағы ішкі туризмнің ең көрнекті нысандарының біріне айналды. "Орман мен Жұлдыздар" жобасының табысы ең алдымен отбасының – жұбайы мен балаларының еңбегі деп есептейді Айнур. Сонымен қатар ол өз командасы мен шетелден келетін қонақтар туралы мақтанышпен айтады.
Айнур бизнестің қалай қиындықпен құрылғанын тағы да еске алады.
"Жаңадан бастаған кәсіпкерлерге ең алдымен бизнес бағытын бастамас бұрын жан-жақты зерттеуді ұсынамын. Кез келген істе қателіктер, сәтсіздіктер, күмән мен шаршау болады – бұл қалыпты, бұл өсудің белгісі. Ең бастысы – алғашқы қиындықтардан кейін берілмей, шешім іздеуді жалғастыру. Қаржылық модельді бірнеше рет қайта қарауға тура келеді. Іс жүзінде көп нәрсе қағаздағы есептен өзгеше болады, сондықтан бейімделу маңызды. Ең бастысы – өз ісіңе сену. Үлкен жобалар тез әрі оңай құрылмайды, бірақ жүйелі еңбек пен іске деген сүйіспеншілік жақсы нәтиже береді", – дейді Айнур.
Нәтижесінде бәрі сәтті болды – "Орман мен Жұлдыздар" жобасы өміршеңдігін көрсетіп, танымал орынға айналды, әлі де үздіксіз даму үстінде.
"Нұрбанк" АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясы негізінде қызмет етеді.