Құрметті NUR.KZ ресурсының оқырмандары!
Еліміздің ең танымал интернет-алаңдарының бірі - NUR.KZ-те өткен кезекті интернет-конференция аяқталды. Клиенттермен және әлеуетті абоненттермен жүргізетін онлайн-диалог жақсы бір дәстүр болып қалыптасты. «Қазақтелеком» компаниясы бұл дәстүрді алдағы уақытта да жалғастырмақ ниетте.
«Біз өз қызметіміз жайлы дұрыс ақпарат және баға алу мақсатында барлық мүмкіндікті пайдалануға тырысамыз. Сол үшін өз клиенттерімізбен «кері байланыс» жасаудың дәл осы мүмкіндігін пайдаланымыз және одан бас тартпаймыз. Себебі бұл тәсіл біздің telecom.kz порталындағы жеке кабинет, WhatsApp және Telegram мессенджерлері мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар секілді кері байланыс жасау арналарымызға қосымша болып отыр», - деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев. Бұған дейін ұйымдастырылған бес онлайн-конференция барысында «Қазақтелеком» келіп түскен 6 мыңнан астам сұраққа жауап берді. NUR.KZ порталында биылғы жылдың 25 тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында өткен алтыншы интернет-конференцияда компанияның қазіргі және әлеуетті клиенттері көтерген басты мәселе елдегі ең ірі телеком-оператордың қызметтеріне қосылу мүмкіндігіне қатысты болды. Бұл мәселе бұған дейінгі бес онлайн-диалог кезінде көтерілген және ең көп қойылған сұрақтардың бірі болды.
«Мен конференцияның әр қатысушысына сұрақ қойып, пікір жазғаны үшін алғыс айтамын. Себебі осы арқылы біз проблемаларды уақытылы біліп қана қоймай, сонымен бірге олардың неден туындағанын анықтап, шешуге мүмкіндік аламыз. Түптеп келгенде сіздердің пікіріңіз біздің компанияның дами түсіп, қызметімізді жетілдіруге, сервис пен көрсететін қызметтер сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Біздің мамандар сіздерден келіп түскен әр шағымды зерттеп, көтерілген мәселелердің ешқайсысын жауапсыз қалдырмауға тырысты», - деп сөзін түйіндеді Қуанышбек Есекеев.Оқырмандардың «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасына онлайн-конференция кезінде қойған сұрақтарына берілген жауаптарды мына жерден көруге болады.