Ансар Анвари
Яндекс Казахстан, Іздеу өнімінің аға менеджері
" Шетел дереккөздерін аударуға мүмкіндік беретін технологиялардың арқасында пайдаланушылар өз тілінде әр саладағы контентті зерттей алады. Мәселен, «Википедияда» ағылшын тілінде 7 миллионнан астам мақала болса, қазақ тілінде мұндай мақалалар саны тек жүз мыңдай. Енді іздеу жүйесі қазақ тіліндегі сұрауларға шет тіліндегі мақалаларды тауып беріп, оларды автоматты түрде аударып береді. Бұл қазақтілді пайдаланушылардың іздеу мен аудармаға кететін уақытын үнемдеп, ана тілінде шетелдік материалдарды көбірек тауып, зерттеуге мүмкіндік береді".