Депрессиямен
күресуге қатысты жантебірентерлік оқиға
Қазақстанда «Тас» фильмінің тұсауы кесілді
Әдетте апатия мен құлықсыздықты, тіпті көңіл-күйіміздің болмауын біз күйзеліс деп атап, оны дүкен аралап немесе көңіл көтеріп, жеңгіміз келеді. Шын мәнінде күйзеліс заманауи қоғам үшін анағұрлым қауіп тудыратын күрделі дерт.


Күйзеліс кезінде адамның күнделікті істерді орындауға зауқы соқпай, бұдан да күрделі белгілер туындауы мүмкін, тіпті өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлар қаумалап, кейде суицид жасауға дейін барады. Мұндай жағдайда «көңілсіз ойлардан арылу үшін» назарды басқа нәрсеге бұру, сатыпалулар немесе қыдыру күйзелістен құтқара алмайды.
Халықтың білімін арттыру және күйзеліске қатысты қоғамдағы стигманы азайту үшін «Джонсон& Джонсон» ЖШС фармацевтикалық тауарлар бөлімшелерінің Қазақстандағы филиалы Янссен бастамасымен фильм түсірілді.

Фильм сюжеті бойынша басты кейіпкер Ғалымжан қиын жағдайға тап болады. Ол бойындағы болып жатқан өзгерістерді өзі де түсінбейді, бірақ күйзелістің күші болмай, тәбеттің қашуы, жабығу секілді барлық белгісін бастан кешіреді.

Ғалымжан отбасы мүшелерінің, ағасы мен жеңгесінің қолдауына мұқтаж. Күйзелісті жеңе алу-алмауы – оның ем алуға деген ниетінің ғана емес, жақындары мен туыстарының қолдауына байланысты. Олар азамат үшін тіреу болып, оның қалыпты өмірге қайта оралуына себеп бола ала ма?
Күйзеліс деген не?
Күйзеліс (күрделі депрессивті бұзылу) – психикалық бұзылу тобына жататын кең таралған дерт. Ол бірқатар белгімен сипатталады: жабырқау, өмірге деген құлшынысты жоғалту, қуана алмау, ләззат ала алмау, өзін кінәлі сезіну немесе өзін төмен бағалау, ұйқының, тәбеттің бұзылуы, шаршау және зейіннің болмауы. Күйзеліс аффективті бұзылыстар тобына жатады, бұл эмоционалды және ауыр күйдегі алаңдау сезімі.

Көп жағдайда күйзеліс деп аурудың өзін емес, психиатрлар «депрессивті синдром» деп атайтын аурулар тобының кей белгілерін атайды. Күйзелістер түрлі себептерден туындауы мүмкін және олар үш түрге бөлінеді:
Созылмалы немесе жедел күйзелістерден туындаған психогендік-шартты күйзеліс.
Жарақаттар, инсульттар, қан тамырлары аурулары және т.б. кейін орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан туындаған депрессивті бұзылу.
Бас миындағы зат алмасудың бұзылуы секілді ішкі себептерден туындаған эндогенді күйзеліс.
Эндогенді күйзеліс эмоционалды сипатта байқалуы мүмкін, сонымен бірге қозғалыс немесе ойлаудың баяулауы түрінде көрінеді.
Күйзеліс қалай өрбиді және неге назар аудару керек?
Әлбетте, адамның көңіл-күйі болмаса, ол күйзелісте жүр деу қате болжам. Бірақ ағзаның кей сигналдарына назар аудару керек-ақ. Өзге де ауру түрлері сияқты күйзелістің де өзіне тән белгілері бар және ол белгілер тек көңіл-күйдің түсуі мен мұңға бату ғана болмауы да мүмкін.
Ауру белгілерінің қатарында шаршаңқылық, сенімсіздік, болашағына сенбеу, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы, сонымен бірге өзіне-өзі қол салу туралы ойлар. Күйзеліс кезінде тәбеттің төмендеуі немесе керісінше ашылуы байқалуы мүмкін. Одан бөлек іштің қатуы, терінің құрғауы, шаштың түсуі, аменорея (етеккірдің тұрақты түрде келмеуі) секілді соматикалық белгілер пайда болып, өзге де аурулар асқынуы мүмкін.

Айналадағылар адамның тәртібінде де өзгерісті байқайды. Мәселен, адамның көңіл-күйі екі апта бойы түсе береді; ол жұмысын, үйдегі міндеттерін дұрыс атқара алмайды, ал өзгелермен қарым-қатынас құру қиындық тудырады. Ішімдікке әуестеніп, шағымдана бастайды.
Бұл белгілердің барлығы назар аударуды қажет етеді және маманға жүгіну қажеттігін көрсетеді.
Күйзелістің қаупі
Күйзеліс өте қауіпті, бірінші кезекте өзіне қол салу туралы ойлардың арты қасіретті жайтқа апарып соқтыруы мүмкін. Өзге аурулар секілді күйзелісті уақытылы емдемесе, ол созылмалы күйзеліске айналып кетуі ықтимал.

Дәрігерлердің айтуынша, күйзеліспен өз бетінше күресуге тырыспай, маманға жүгіну маңызды. Сондай-ақ айналадағы адамдардың айыптауынан қорықпай және қоғамда қалыптасқан стигма туралы ойламаған дұрыс. Күйзеліске қатысты стереотиптің барлығының негізі жоқ.
Әлбетте туыстар мен жақындардың қолдауы маңызды, себебі күйзеліске шалдыққан адам өзге де аурумен ауырған науқастар секілді өзін қолға ала алмай, қуана алмай отыруы мүмкін. Ал бұл тұста ең үлкен қолдау – түсіністік танытып, медициналық көмек іздеуде көмек көрсету.

Күйзелісті болдырмау үшін қарапайым өмір сүру салты туралы ұмытпаңыз – күйзеліске түсіретін жағдайлардан қашып, көбірек серуендеп, физикалық белсенділікпен айналысу, күн тәртібін, тамақтану және ұйқы режимін реттеу.
Янссен дегілердің айтуынша, компания страгетиясында әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың маңызы зор.
«Янссен компанияда біз науқастар қоғамдастығына белсенді түрде қолдау көрсетеміз және түрлі ауруға шалдыққан адамдарға арналған инклюзивті қоғам құруға көмек көрсетуге тырысамыз. Осылайша, стигманы төмендетуге және адамдардың аурулар мен олардың ерекшеліктері туралы білімін арттыруға сеп боламыз. Күйзеліс секілді ауруларды әу бастан анықтау және емдеу ауыр салдарлардан сақтайды әрі аталған жоба қазақстандықтарды өзіне және денсаулығына көбірек назар аударуға үндейді деп сенеміз», - дейді ТМД елдері бойынша директор Әділет Назарбаев, «Джонсон & Джонсон» ЖШС-нің Қазақстан Республикасындағы филиалы.
Тағы да оқыңыз

© «Нұр интернет-порталы» ЖШС, 2009-2022

Барлық құқық қорғалған