МӘМС ТУРАЛЫ ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ ТҮСІНІКТІ ТІЛДЕ

Өзара көмек көрсету жүйесі қалай жұмыс істейді?
МӘМС жүйесі жинақтаушы болып саналмайды. Бұл ретте ұдайы жарна төлеп отыратын әр азамат керек кезде қажетті медкөмекті төлейтін сома көлеміне қарамастан, толық ала алатындай етіп үлестіріледі.

Бұған қоса сақтандырылған азамат бұл мақсатта шығындарын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтейтін кез келген клиниканы, оның ішінде жеке клиниканы таңдауға құқылы. МӘМС «ақша науқаспен бірге жүреді» сызбасы бойынша жұмыс істейді, сондықтан медұйымдар көрсетілетін қызметтердің сапалы болуына мүдделі.
МЕДКӨМЕККЕ ҚАНША АҚША ҚОСЫЛДЫ?
Қазақстанда МӘМС жүйесінің іске қосылуы медициналық көмекті қаржыландыруды екі есе ұлғайтуға мүмкіндік берді.
  • 1 трлн теңге
    2019 жылғы бюджет
  • 2,2 трлн теңге
    2021 жылғы бюджет, оның ішінде COVID-19-дан емдеуді қаржыландыру бар
  • >2,3 трлн теңге
    Қаражатты 2022 жылы бөлу жоспарланып отыр
ЖҮЙЕГЕ ҚАНША АҚША ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ
  • Жұмыс беруші ай сайын жұмысшының жалақысынан 3%-ын аударып отырады.
  • Жұмысшылар, оның ішінде фрилансерлер өз табысының 2%-ы көлемінде жарна аударады.
  • Жеке кәсіпкерлер және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар ЕТЖ мөлшерінің 1,4-еселік көлемінің 5%-ын немесе 4 200 теңге аударады.
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар БЖТ төлейді, оның көлемі – қалалықтар үшін - 1 АЕК немесе 3063 теңге, ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК немесе 1 531, 5 теңге.
  • Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге аударады. Жеңілдігі барлар үшін мемлекет төлем жасайды (адам басына 3 614,2 теңге).
ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ НҰСҚАУЛЫҚ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
САРАПШЫЛАР ПІКІРІ


  • Менің ойымша, қазір Қазақстанда біздің еліміз үшін медициналық сақтандыру жүйесінің дұрыс моделі жұмыс істейді. Одан бас тартудың қажеті жоқ. Егер сіз халықтың бір бөлігі сақтандырылмай қалды деп алаңдасаңыз, қызметтерді барлығына кепілдендірілген және сақтандыру (оны тек жарна төлейтіндер алады) секілді екі пакетке бөлуден бас тартуға болады. Бұл әлеуметтік медициналық сақтандыру философиясына қайшы: дені сау адамдар науқастар үшін, байлар кедейлер үшін төлейді.
    Қазір үш миллионға жуық адам ӘМСҚ-ға жарна төлемейді. Олардың қатарында өз еркімен бас тартқандар және мүмкіндігі жоқтар бар. Бірақ қалай болғанда да оларды сақтандырып, емдеу керек. Халықтың бұл тобын экономикаға тарту міндеті денсаулық сақтау жүйесінің құзыретіне жатпайтынын есте ұстаған жөн.
    Данияр Қалиев
    Медициналық сарапшы
  • 1. Қордың қызметі мен МӘМС-тің тиімділігіне әділ баға беру үшін индикаторлар толық есептелген, жүйеленген және министрлік пен денсаулық сақтау басқармаларының, әр түрлі ведомствоға бағынышты ұйымдардың ықпалынан оқшауланған болуға тиіс. Қазіргі таңда мұндай бағалау жүйесі жоқ. Қордың спецификалық қызметін сипаттамайтын, бірақ бүкіл денсаулық сақтау жүйесінде көбірек қолданылатын жоғары деңгейлі көрсеткіштер бар.
    Қазір қор МӘМС моделінің нақты көрінісі болып саналмайтын жайттар үшін сынға ұшырап жатыр. Денсаулық сақтау саласының бюджеттік жүйесінде де осындай проблемалар бар.
    https://www.inform.kz/ru/ali-nurgozhaev-fond-medstrahovaniya-naprasno-pozicioniruet-sebya-zaschitnikom-pacientov_a3972959

    2. Сақтандыру моделі тұрғысынан бізде бәрі жақсы. МӘМС жүйесіне тиісудің, оны реформалаудың қажеті жоқ. Оған бірнеше жыл жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек, бірақ сонымен бірге Қор ішінде жоспарлау, бюджеттеу, сатып алу, тариф белгілеу, төлем әдістері, жеткізушілердің техникалық аудиті, көрсетілген көмек сараптамаларын жетілдіруге баса назар аудару керек. Қор қазіргі қолда барды жетілдірумен айналысып жатыр.
    https://informburo.kz/interview/za-cto-my-platim-i-pocemu-osms-ne-garantiruet-kazaxstancam-kacestvennoi-medicinskoi-pomoshhi-mnenie-eksperta
    Али Нұрғожаев
    Med Invest бас директоры
  • "Күрделі хирургиялық оталар немесе емдеудің қымбат түрлерін мемлекеттік ауруханаларда және МӘМС аясында ғана алуға болады. Себебі жабдықтардың қымбат екенін немесе сирек кездесетін дәрі-дәрмектерді есепке алсақ, ота немесе, айталық, сәулелік терапия курсы миллиондаған теңге тұруы мүмкін. Сонымен қатар ЕМС кезінде сақтандыру жағдайына кірмейтін, яғни диагностикасы мен емдеу әдістерін сақтандырушы қамтымайтын аурулар бар. МӘМС жүйесінде ондай жоқ».

    https://informburo.kz/stati/kak-izmenitsya-sistema-medicinskogo-straxovaniya-v-kazaxstane
    Наталья Ли
    "Евразия" сақтандыру компаниясының өкілі
  • «Денсаулық сақтау министрлігі негізгі жүйелік мәселелерді басқаратын және міндетті медициналық сақтандыру қоры басымдыққа ала отырып жұмыс істейтін ережелерді бекітетін Үкіметтің негізгі операторы болып саналады. Бірақ қор емдеу ұйымдарының емес, науқастардың жағында екенін түсіну керек. Қордың тікелей міндеті - барлық медициналық қызметке бақылау жасау. Әр жүгіну, әр қабылдау, әр тексеріс Қор жүйесіне енгізіледі".
    https://www.facebook.com/murataben/posts
    Серік Бектұрғанов
    ҚР Парламенті сенатының депутаты
БІЛГЕНГЕ МАРЖАН
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2022
Все права защищены