Лактозаны қабылдай алмаған адам ең алғашында мұны сүтпен байланыстырмауы мүмкін. Мұның себебін мерзімі өткен тағамнан, жуылмаған жеміс-жидектен, тіпті, аллергия мен күйзелістен іздейді. Бірақ сүттен деп ойлауға асықпайды. Ал аталған белгілер күн сайын қайталанған соң бұл сырқаттың басты себебі ретінде сүт бірінші орынға шығады. Осыдан соң кейбіреулер сүт өнімдерінен мүлде бас тартса, кейбіреулер өз рационындағы сүттің мөлшерін мейлінше азайтады.
Бұл сырқаттың түпнегізінде не жатыр, осыны анықтап көрелік.