Жаңа жыл – ғажайып пен қуаныш сыйлайтын, шырша түбіне тосынсыйлар жасыратын кезең. Мереке қарсаңында қазақстандықтар жақындары мен туыстарына ең жақсы сыйлық іздей бастайды. Бұл жанға жағымды, бірақ кейде оңайға соқпайтын іс, себебі пайдалы ғана емес, сонымен бірге жақсы әсер сыйлайтын сыйлық табу керек.
Бұл тұрғыда гаджеттер ең жақсы сыйлық бола алады, себебі олар күнделікті өмірде қажет, оған қоса адамға жақсы эмоция әкеледі. Бүгінде технологиялық құрылғылар ауқымының кеңдігі сонша, кез келген отбасы мүшесіне не жақын адамыңа – мейлі ол бала болсын, әжең, әкең яки ең жақын досың болсын – лайық сыйлық табуға болады. Таңдауды жеңілдету үшін біз бірнеше нұсқаны топтастырдық.