Huawei технологиясы жұмыс және жеке өмір тепе-теңдігін сақтауға қалай көмектеседі
Түрлі есеп бойынша, адам күніне - жұмыста, жолда, бос уақытында, тіпті оқуда смартфонға шамамен 7-8 сағатын жұмсайды екен.

Мұның бәрі адамның жеке уақыты мен жұмысының арасында шекараның жоғалуына және нәтижесінде шаршаңқы күйге түсуге әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл салалар арасындағы тепе-теңдікті сақтап, күндізгі уақытта тұрақты серігіңіз – смартфонды тиімді пайдалана білу маңызды.

Сіз мұны Huawei технологиясының артықшылықтарын пайдалана отырып еңсере аласыз.
Жұмыс – адамның көп уақытын алатын нәрсе. Ол өмірдің басқа салаларымен араласып кетсе, қиын. Сондықтан Huawei пайдаланушының жайлылығына ерекше көңіл бөледі.

Huawei смартфондарында қолданылатын EMUI 13 операциялық жүйесі қолданбаларға арналған смарт сұрыптау жүйесін пайдаланады: жылдам қол жеткізу және экран кеңістігін үнемдеу үшін оларды кез келген өлшемдегі қалташаларға топтауға болады.

Бұл қолданбаларды сала бойынша бөлуге мүмкіндік береді: жұмысқа, ойын-сауыққа, қаржыға, мемлекеттік қызметтерге және т.б арналған қолданбалар.

Виджеттерді де солай реттеуге болады: оларды өзіңізге ұнайтын кез келген ретпен біріктіруге, тіпті негізгі экранда орынды босату үшін бірдей өлшемдегі қызмет виджеттерін жинақтауға болады.

Мұның бәрі кез келген мақсатқа ыңғайлы жұмыс экранын жасау үшін пайдалы.
Өміріңізді ретке келтіріңіз
Жұмыс құжатын, мәтінді, суретті немесе кез келген басқа файлды ортақ пайдалану үшін оны саусағыңызбен басып тұрып, SuperHub бөліміне тасымалдаңыз. Осы жерден барлық файлды кез келген қолданбаға оңай қоюға немесе қосылған құрылғыға тасымалдауға болады.
Яғни, енді ештеңені бөлек көшіріп жіберудің, бірнеше қолданбаны ашып-жабудың қажеті жоқ. Сонымен қатар бұл файлдардың барлығын қайта жіберу үшін қайта іздеудің қажеті жоқ - олар SuperHub ішінде орналасады.

Жұмыс, ақша, демалыс және ойын-сауық - мұның бәрі енді бір арнаға бірікпейді, сондықтан бұл артықшылық өмірде тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
Қолданушының уақытының көп бөлігін смартфонда мобильді қосымшалар алады.

Үздік үш қызметтің бірі болып табылатын HUAWEI AppGallery қолданушыларға 1 миллионнан астам түрлі қолданбаға қол жеткізуге мүмкіндік береді және олардың саны үнемі өсіп келеді. Сонымен бірге олар қауіпсіздік пен алаяқтыққа мұқият тексеріледі.

Сонымен қатар, HUAWEI AppGallery арқылы орнатылған қолданбалардың мүмкіндігі олардың стандартты нұсқаларына қарағанда кеңірек болуы мүмкін.

Мысалы, YouTube-ті оңай жүктеп алуға немесе тіпті HUAWEI AppGallery қолданбасында YT (YouTube Vanced) деп аталатын YouTube-тің премиум нұсқасын жарнамасыз тегін орнатуға болады.
Барлық мүмкіндікке қол жеткізу
Мұны істеу үшін сіз қарапайым үш қадам жасауыңыз керек:

  • HUAWEI AppGallery қолданбаларын іздеуде YT атауын енгізіп, «Орнату» түймесін бассаңыз, YouTube Helper және YT қолданбалары орнатылады;
  • YouTube Helper қолданбасын ашып, орнатуға рұқсат беру үшін құсбелгіні қойыңыз, содан кейін ашылған терезелерге Vanced microG, YouTube Vanced (міндетті) және YouTube Music (қосымша) қолданбаларын орнатыңыз;
  • YouTube Vanced сайтына өтіп, видеоны жарнамасыз көріңіз.

WhatsApp, Instagram, Facebook және басқа да қажетті қолданбаларды одан да қарапайым тәсілмен орнатуға болады: ол үшін HUAWEI AppGallery дүкенінен қолданбаны іздеп тауып, жүктеп алу үшін нұсқаулықты орындаңыз.
HUAWEI AppGallery-де ақшаңызды басқаруды жеңілдететін әр түрлі қаржылық қолданба бар. Сіз екінші деңгейлі банктердің қолданбасын жүктей аласыз, тіпті бюджетті жоспарлауға арналған қолданбаларды пайдалана аласыз.

Олардың көмегімен сіз шығыныңызды оңай басқарасыз және қаржылық мақсат қоя аласыз, осылайша оқуға, саяхатқа, пәтерге, көлікке және т.б. үнемдеуге болады.
Қаржыңызды басқарыңыз
Сонымен қатар барлық қолданба әр түрлі қызметті алу үшін қолжетімді:

  • e-Salyq Azamat – көлік, табыс, мүлік және басқа да салық түрлері бойынша;
  • eGov Mobile – сертификат, құжат қабылдау, өтініш жіберу бойынша;
  • мобильді банкинг – Kaspi.kz, Halyk Homebank, Forte, Otbasy bank, BCC.kz, FFIN Bank KZ және т.б. екінші деңгейлі банктердің қосымшалары қолжетімді.

Мұның барлығын смартфон арқылы басқаруға болады және жеке уақытыңызды босқа өткізбейсіз.
EMUI 13 операциялық жүйесі құрылғының жадын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді: смартфон қайталанатын файлдар мен фотосуреттерді анықтауға, қажетсіз және қайта жүктелгендерді жоюға көмектеседі.
Ал сирек қолданылатын қолданбалар қысылып, көлемі азаяды, бұл Huawei смартфондарының жадында 20 ГБ дейін бос орынды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сізге көбірек дерек сақтауға және өмірдің ең жақсы сәттерінің кадрын жоғалтпауға мүмкіндік береді.
Бәрін ұсақ-түйекке дейін сақтаңыз
Смартфон қолданушысы үшін деректерді қорғау және құпиялылық әрқашан маңызды. Huawei құрылғыларында бұған ерекше көңіл бөлінеді.

Мысалы, жеке кеңістік режимін пайдаланып жұмысты жеке өмірден ажыратуға болады. Сонда іс жүзінде бір құрылғыда екі смартфон жұмыс істейді.
Әрқашан EMUI 13 арқылы қорғалған
Бір аккаунтта сақталған және орнатылған қолданбалар екіншісінде қолжетімсіз. Сондай-ақ оған саусақ ізі немесе құлыптау коды арқылы кіруге болады – ол негізгі режим мен Жеке кеңістік үшін әр түрлі болады.

Мысалы, сұқ саусақты сканерлеу арқылы негізгі режимге, ал бас бармақ арқылы - Жеке кеңістікке өтуге болады.

Сондай-ақ қолданбалардың смартфонның әр түрлі функцияларын (микрофон, камера, орын және т.б.) қаншалықты жиі пайдаланатынын, фотосуреттерді метадеректерсіз тасымалдау, түсіру уақытын, геолокацияны және т.б. жасыруын қадағалауға болады.
EMUI 13 жүйесінің мүмкіндіктері «Супер құрылғы» функциясын пайдалануға жол ашады. Яғни, сіз Huawei өнімдерін - ноутбук, теледидар, планшетті кеңінен пайдалана аласыз.

Жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе отырып, көп құрылғы режиміне өтіп, смартфон белгішесін саусағыңызбен қалаған құрылғыға тасымалдап апару жеткілікті.
Смартфоннан да артық
Мысалы, смартфон қолданбаларын ноутбукте көлденең терезелерде ашуға болады. Немесе екі смартфонды бір-біріне қосу және олардың арасында түсіру бұрышын ауыстыру арқылы видео түсіріңіз және бірден екі ракурстан видеоқоңырауға қатысыңыз.

Музыка тыңдау және видеоларды бірге көру үшін екі HUAWEI FreeBuds Pro 2 сымсыз құлаққапты бірден қосуға болады.

Басқаша айтқанда, EMUI 13 операциялық жүйесі смартфонды Huawei экожүйесі үшін нағыз басқару орталығына айналдыра алады.
Huawei технологиясының осы барлық мүмкіндігі смартфон иесіне өз құрылғысын мүмкіндігінше тиімді пайдалануға және жұмыс тапсырмаларын, қарым-қатынас пен демалысты бір-бірінен бөле отырып, тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл - өмірде жайлылық пен қуанышқа қол жеткізесіз деген сөз.
Текст: Марлен Мауленкулов
Фото: Алина Ми
Видео: Марк Бисен
Верстка: Назгуль Адамалиева
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2022
Все права защищены