Сіздің балаңыз 30 жасқа келгенде пайыздарды жаппай, керісінше соған өмір сүргенін қалайсыз ба? Онда өз бүлдіршініңіздің бойына дұрыс қаржылық әдеттерді сіңіртуді бастаңыз. Сіздің жанұяңызға көмектесетін бірнеше кеңес ұсынамыз. Айтпақшы, балаңызға үлгі көрсететін өзіңіз екенін ұмытпаңыз.

БАЛАНЫ АҚШАНЫ ДҰРЫС БАСҚАРУҒА ҚАЛАЙ ҮЙРЕТУ КЕРЕК?

Кеңес 1.
Көптеген бала барлығын бірдей алғысы келеді. Егер сіздің бүлдіршініңіз сондай болса, оған өз тілегін дұрыс қалыптастыруды үйретіңіз.
Балаңыз ойыншықтар дүкенінде үнемі шу шығара ма? Не істеу керек? Өз-өзіңізді ұстай алмай, балаға ұрысып, қол көтерудің мүлде қажеті жоқ. Басқа қандай жолдары бар? Айғайға мән бермеу, қулыққа салыну немесе орнына басқа затты айтып, саудаласу.

Бірақ, ең дұрыс жолы – оның барлық қалауын тыңдап, бірге сиқырлы «тілектер тізімін» құруды ұсыну. Кішкентай бүлдіршіндер сурет салып, не қалайтынын білдірсе, үлкен балалар оларды бір тізімге жазып шыға алады. Одан кейін бұл тізімді көрінетін жерге, мысалы, тоңазытқышқа іліп қою керек. Екі аптадан кейін тізімге оралып, балаңызбен бірге не сатып алу қажеттігін таңдаңыз.

Осылайша, сіз балаңыздың бойында пайдалы әдет қалыптастырып, болашақта қызуқанды әрі жылдам сауда жасаудан сақтап қаласыз.
Кеңес 2.
Балаңыз мектепке барғанда аз-аздан, бірақ үнемі ақша беріп тұрыңыз
Тұрақтылық-маңызды. Егер балаңызға әр дүйсенбі сайын немесе күніге таңертең белгілі бір сомада ақша берсеңіз, ол оны «басқарып» үйренеді. Тіпті, үлкен зат алу үшін жинауы да мүмкін. Ал егер бала әр уақытта әр түрлі ақша алып тұрса, шығындарын жоспарлау қиынға түседі.

Кеңес 3.
Егер балаңыз қымбат зат сатып алғысы келсе, ақша жинауды ұсыныңыз
Осылайша сіз балаға өз қалауын түсінуді және басқаруды үйретесіз. Егер балаңыз үлкен мақсаты үшін майда-шүйдеден бас тартса, қажетті затты бірге сатып алсаңыз немесе жетпеген ақшасын қоссаңыз болады. Мұндай дағдысы бар балалар өмірде көп жетістікке жетеді.

1960 жылы Стэнфорд университетінде зерттеушілер сараптама жүргізген екен. Ересектер мектепке дейінгі балаларға зефир беріп, аз уақытқа кететіндерін айтыпты. Үлкендер келгенше зефирді жемеген балалар тағы бір кесек сыйға алатын болған. Ал жеп қойған адам ештеңе алмайды. Нәтижесінде, балалардың 90 пайызы зефирді жеп, қалған 10 пайызы ғана өздерін бақылай алыпты.

50 жылдан кейін ғалымдардың болжамы расталды. Зефирді жемеген 10 пайыз бала есейе келе, биік кәсіби нәтижелерге жеткен. Ал қалғандары төмен жалақы алатын жұмысшылар қатарын толықтырған.
Кеңес 4.
Балаңыз ақша тапқысы келсе, тыйым салмаңыз
Көптеген ата-аналар балаларына жұмыс істетпейді. Олар жанұяның ештеңеге мұқтаж еместігін айтып, жеткіншектердің сабақ оқығанын қалайды. Бір жағынан -сіздікі дұрыс, екінші жағынан, қаласа байқап көрсін. Сіз одан да балаңызға сәйкес келетін жұмыс тауып көмектесіңіз. Мысалы, ол кешке көршінің итін қыдыртып немесе сізге кеңседе көмектесуі мүмкін. Сол үшін идеяларды бірге талқылаңыздар. Оның жылдам райынан қайтып қалуы да, өзіне не қажет екенін тез табуы да мүмкін.
Балаңызды банкке апарыңыз. Мұны жанұялық маңызды шараға айналдырыңыз. Жолда банктердің не үшін керек екенін, жүйе қалай жұмыс істейтінін, сондай-ақ, ақшаға неге ұқыпты қарау қажеттігін түсіндіріңіз. Бұл сапарда сіз депозит ашып, ақшаны қалай және неге жинау керек екенін де айтыңыз. Мүмкін, жасөспірім ақпараттың 100 пайызын түсіне алмайтын шығар. Бірақ, оның санасында қаржылық білімділіктің дәні пайда болады, ал оның жемісін біршама уақыттан кейін көруіңіз де ықтимал.

Осы мақсатта ертерек қажетті банк пен банк өнімін таңдаңыз. Айтпақшы, Қазақстанда жақында заңнамаға өзгеріс енгізілді. Енді депозиттің жаңа түрі - сыйақы мөлшерлемесі жоғары жинақ пайда болды.

Осыған байланысты, Tengri Bank 13,9% -ға дейін ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен және икемді талаптармен Tengri Maximum жинақ депозитін шығарды. Сіздің жанұяңыздың мақсаттары мен қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес ыңғайлы форматты таңдауға болады. 10 мың теңгеден бастасаңыз да жеткілікті. Пайыздар ай сайын капиталдандырылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Шетелдік валютамен жинауға да мүмкіндік бар. Барлық мән-жайды банк сайтында немесе банкке жасаған экскурсияңызда білуге болады.
Кеңес 5.
Банкке қызықты «экскурсия» ұйымдастырыңыз
Tengri Maximum –теңгедегі ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен және ең жоғары табыс алу мүмкіндігімен жинақ депозиті



Лицензия на проведение банковских и иных операций выдана Национальным банком Республики Казахстан от 14 декабря 2017 года
№1.2.53/43
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2019
Все права защищены