ҚАРТАЙҒАН ШАҚТА ӨЗ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІҢДІ ҚАНАҒАТТАНДЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Зейнетақыны үнемдеу немесе мемлекет пен немерелердің көмегіне жүгіну ме? Бұл философиялық сұрақ, оған нақты жауап әлі табылған жоқ. Есесіне, ұсынылатын бірнеше нұсқалар бар - әрқайсысының жағымды және жағымсыз жақтары бар. Біз солар туралы айтатын боламыз, ал, таңдау сізде қалады.
1 нұсқа. Мүлде үнемдемеу
Жігерлі жастық шағыңда, қартаю туралы ойлап, мұңға батқыңыз келмейді. осы кезде ең бастысы өмірден, ақшадан ләззат алу, содан кейін - бәрі бір сияқты болып көрінеді. Мүмкін, балаларың мен немерелерің көмектесер, немесе мемлекет зейнетақы реформасын жүргізеді болмаса бір керемет болатын сияқты. Бәлкім сонша кәрілікке дейін өмір сүрмейтін шығарсыз, онда неге сонша болашақ туралы ойға батамыз?

Егер сіз оптимист немесе фаталист болсаңыз, сеніңіз, мүмкін бұл оң нәтижесін беруі мүмкін. Бірақ, зейнеткерлердің көпшілігінің өмір сүру салтын, әсіресе жалғызбасты адамдар қалай өмір сүретінін бақыласаңыз, бұл тәсілдің кемшіліктеріне көз жеткізесіз.

2 нұсқа. Бәрін кейінге қалдыру
Табыс соншалықты аз болған кезде, іс жүзінде ақша артылуы екіталай, өйткені бәрі негізгі қажеттіліктерге жұмсалады. Бір жағынан, қартайған уақытыңа да бірдеңе қалдырғың келеді. Егер бұл сізге таныс жағдай болса, алдымен қалай көбірек ақша табуға болатынын ойлаңыз: жұмыс берушіден жалақыңызды көтеруді, штаттан тыс жұмыс, курстар іздеңіз. Егер сіз әлі 30-ға толмаған болсаңыз және табысыңыз төмен болса, онда күшіңіз бен ресурстарыңызды өз мансабыңызды құруға жұмсаған дұрыс, осылайша зейнеткерлік өміріңіз үшін көп ақша жинауға кірісесіз.
3 нұсқа. Соңғы күшіңді жұмысқа арнау
Оптимизм тұрғысынан бұл нұсқаны біріншіден кейін қою керек еді. Бұл тек өз жұмысын беріле сүйетін, бірақ стресске түсіретін физикалық немесе ақыл-ой қуатын қажет ететін жұмыстармен айналыспайтын адамдар үшін ғана. Ондай адамдардың саны қанша? Айналаңызға қарасаңыз, жұмыс күнінің аяқталуын асыға күтетіндердің саны әлдеқайда басым.
4 нұсқа. Бірінші жалақыдан бастап аз-маз ақша жинау
Аз-маз дегеннің өзі әр адам үшін әртүрлі көлем. Біреу айына 100 мың жұмсап үйренген, ал біреулер миллионды да азсынады. Егер ақша жинауды мүмкіндігінше ертерек бастағыңыз келсе, өзіңізге мынадай маңызды сұрақтар қойыңыз:

- Әлі қанша жыл жұмыс істейтін боласыз?

- Өзіңізді қандай жайлылыққа үйреткіңіз келеді?

Енді сізде бағдар бар және сіз оған келу үшін ай сайын қандай сома қосатыныңызды болжай аласыз. Егер сіздің ақшаңыз құнсызданудан аулақ болса, онда ақша жинау әлдеқайда жеңіл және жағымды болады.

Айтпақшы, жақында Қазақстанда жоғары сыйақы мөлшерлемесімен жинақ салымның жаңа түрі пайда болды. Tengri Bank жаңалықтарына байланысты "Tengri Maximum" жаңа депозитін теңгемен 13,9% - ға дейін және АҚШ долларымен 2% - ға дейін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен іске қосты. Салымның жаңа түрі бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚҚГҚ) ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 15 млн теңгеге дейін кепілдік береді, ал қалғандары бойынша бұрынғыдай барлығы 10 млн теңгеге дейін кепілдік береді. Сондықтан бұл көрпе астында ақша сақтау немесе досыңның бизнесін дамытуға ақша құюға қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз.
5 нұсқа. Жылжымайтын мүлікке салу
Жаман нұсқа емес. Егер сізде екі пәтер болса, біреуін жалға беріп, ай сайынғы кіріс алуға болады. Бірақ пәтерді алу үшін де ақша жинау немесе ипотекаға жүгіну керек. Жинақ салымдары жағдайында сіз ақша табасыз, ал несиемен пәтер алған жағдайда, сіз біраз уақыт үстеме ақша төлейсіз.

Жағымды жақтары: сіз мұраны балаларға қалдырып, сіз үшін бұл маңызды болса, олардың өмірін жеңілдетесіз. Кемшіліктері: пәтердің жағдайын дұрыстау, жалдаушыларды іздеу, байланыс орнату толық емес жұмыс уақытымен бірдей уақытты алады. Бұл дегеніміз, сіз Еуропалық зейнеткерлер секілді саяхаттай алмайтындығыңызды, бірақ өз еліңізден, қалаңыздан, тіпті ауданыңыздан шыға алмайтындығыңызды білдіреді.

6 нұсқа. Инвестициялау
Ол қазіргі күнгі сәнді нұсқа – барлығы соны талқылауда. Тіпті, Apple-ге ақша құйып, соның арқасында қартайған шағында өмірден рахат алып жүрген американдық зейнеткерлер туралы аңыз бар. Шындығында, сіздің айналаңызда инвестиция құю арқылы табыс табатындар бар ма? Оның бар себебі, жақсы өмір сүргің келсе, оқы, өліп­-талып ақша тап та, уақытың мен ақшаңды аяма. Жай ғана ақша салып, оның еселенуін аспаннан күтіп отыру — әрі қарапайым, әрі өте қауіпті жол. Тәуекелге баруға дайынсыз ба? Онда бұл нұсқа сіз үшін!
7 нұсқа. Аралас
Бұл – аталғандардың ішіндегі ең сенімді нұсқа деуге болады. Қолыңыздан келген саналы істің бәрін жасаңыз:


- Балаларыңыздан сүйіспеншілік пен махаббат аямаңыз, оларға қаржылық әдеттердің тиімді тұстарын үйретіңіз, бәлкім, осыдан кейін олар сізді қартайған шағыңызда тастап кетпейтін болады.

- Пәтер сатып алыңыз, егер мүмкіндік болса, оны жалға беріңіз.

- Өзіңіз сүйіп істейтін жұмыс іздеңіз. Осылайша сіз ұзақ та бақытты өмір сүре аласыз.

Пәтер сатып алу және жинақ депозитіне ақша алып қалу үшін қосымша немесе жоғары табыс табу мүмкіндігін іздеңіз.

Tengri Maximum –теңгедегі ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен және ең жоғары табыс алу мүмкіндігімен жинақ депозиті



Лицензия на проведение банковских и иных операций выдана Национальным банком Республики Казахстан от 14 декабря 2017 года
№1.2.53/43
© ЖШС «Интернет портал Нур», 2009-2019
Барлық құқықтар қорғалған