Диана Нұр-Сұлтаннан Шымкентке көшіп барып, ішігін хабарландырулар сайты арқылы сатады. Ішіктің суретін жариялап, бағасын көрсетіп (150 мың теңге) және сатып алушылар тікелей өзіне хабарласуы үшін телефон нөмірін жазады – осылай жылдамырақ. Оған бірден Айгүл хабарласып: «ішік керемет, және өлшемі де маған сай, ешкімге бермеңіз, дәл қазір сатып аламын», - дейді. Тек картаңызды екі жағынан суретке түсіріп, Whatsapp арқылы жіберуін өтінеді.
Диана суретті салып жіберді, алайда ақша келмеді, керісінше, кетті. Картада көрсетілген ақпарат (нөмірі, иесінің аты-жөні, қолданылу мерзімі және CVC/CVV-коды), алаяқтарға жеткілікті болды. Сіз Диана жасаған қателікке жол бермеңіз, бейтаныс адамдарға карта нөмірінен басқа ақпарат бермеңіз және оны суретке түсірмеңіз. Жай ғана нөмірін мәтін арқылы теріп жіберіңіз – кез-келген ақша аударымын жасау үшін осы да жеткілікті.