Тұрғын үй кезегі:
баспаналы болудың тиімді жолын табыңыз

Тұрғын үй кезегі — баспанаға мұқтаж азаматтардың жалпы тізімі. Азаматтың әлеуметтік санаты - мемлекеттік көмектің түріне және баспана алу мүмкіндігіне әсер етеді. Мысалы, оған жалдамалы үй, субсидия немесе жеңілдетілген ипотека ұсынылуы мүмкін.

Өз санатыңызды таңдаңыз, ал біз сізге қадамдық нұсқаулық ұсынамыз.

Әлеуметтік санатты таңдау

Кезектің жылжуына не әсер етеді?

Тұрғын үй бөлу процесіне кезекке тұрған жылыңыз, әлеуметтік санатыңыз, тізімдегі адам саны, сондай-ақ өңірде салынып жатқан мемлекеттік баспананың саны әсер етеді. Сол себепті әр азаматтың баспана күту мерзімі әртүрлі болады.

Соңғы мәліметтерді жеке кабинетіңізден қарауға болады.

Қай санатқа жатасыз?

Мәртебеңізді таңдаңыз

Сізге мемлекеттік көмектің қай түрі тиесілі екенін және қандай қадамдардан бастау керектігін көрсетеміз.

Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар

Осы санат бойынша тұрғын үй кезегіне тұру үшін баспананың апатты жағдайын аттестатталған маманның техникалық қорытындысымен растау қажет.

orken.otbasybank.kz порталы арқылы тек тұрғын үй кезегіне тұра аласыз, ал осы санаттағы азаматтарға баспананы әкімдік бөледі.

«Өркен» жүйесіне кіру

Тұрғын үй кезегіне кім тұра алады?

Қысқаша

Тұрғын үй кезегіне кім тұра алады?

Не қажет?

Кім?

Кезекке кәмелетке толған еліміздің кез келген азаматы және қандастар тұра алады.

5 жыл

Баспана

Соңғы бес жыл ішінде үміткердің және отбасы мүшелерінің меншігінде баспанасы немесе жалғыз тұрғын үйдегі 50% және одан жоғары үлесі болмауы шарт.

немесе

Ерекшелік

Азаматтың жалғыз үйі апатты деп танылуы қажет

Баспана қалай бөлінеді?

20%-ы

  • Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

50%-ы

  • Көпбалалы аналар мен отбасылар
  • Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар
  • Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар
  • ҰОС ардагерлері
  • Оларға теңестірілген ардагерлер
  • Басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері
  • Жесір әйелдер мен жесір ерлер

Қалған 30%-ы

  • Басқа қатысушылардың арасында бөлінеді. Атап өткенде, соңғы бес жыл ішінде үміткердің және отбасы мүшелерінің меншігінде баспанасы немесе жалғыз тұрғын үйдегі 50% және одан жоғары үлесі болмаған Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары.

Бұл тегін баспана емес

  • Пәтер ақысын субсидиялау
  • Жалдамалы баспана
  • 2% және 5% жеңілдетілген ипотека
  • «Наурыз»

Қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

Кезек туралы жаңсақ пікірлер

Жаңсақ пікір: тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана тез беріледі

Шын мәнінде: тұрғын үй бөлу процесіне кезекке тұрған жылыңыз, әлеуметтік санатыңыз, сондай-ақ өңірде салынып жатқан мемлекеттік баспананың саны әсер етеді.

Жаңсақ пікір: тұрғын үйде үлесі бар адамдар кезекке тұра алмайды

Шын мәнінде: азаматтың атында үлестің болуы оны бірден тұрғын үй кезегінен шығаруға негіз болмайды. Ал 14 қыркүйектен бастап, сіздің немесе отбасыңыздың жалғыз баспанадағы үлесіңіз 50% немесе одан көп болса, олар кезекке қойылмайды.

Жаңсақ пікір: саяжайы бар азаматтар кезекке тұра алмайды

Шын мәнінде: заң бойынша, саяжайлар уақытша маусымдық қоныс болып саналады. Сол себепті саяжайдың бары кезектен шығаруға негіз болмайды.

Жаңсақ пікір: жүйедегі қатені түзетуге болмайды

Шын мәнінде: отбасы құрамы, телефон нөмірі немесе мәртебе бойынша жіберілген қатені түзетуге болады. ЭЦҚ арқылы «Өркен» жүйесіне кіріп, деректерді жаңартыңыз.

Қолдау шаралары

Баспананы сатып алу

Кезекте тұрған азаматтарға арналған жеңілдетілген несие

Толығырақ

Пәтерді жалға алу

Жергілікті әкімдіктен баспананы жалға алу

Толығырақ

Кезекті тексеру

Тұрғын үйге мұқтаж есебінде тұрсыз ба?

Толығырақ

Қателікті түзеу

Мәліметтерді тексеру және жаңарту

Толығырақ

Қажетті құжаттар мен мәліметтер

Қажетті құжаттар мен мәліметтер

  • Электрондық қолтаңба
  • Жеке куәлік
  • ЖСН
  • ЖСН-ге тіркелген телефон нөмірі
  • Отбасы құрамы туралы ақпарат
«Өркен» жүйесіне кіру

Маңызды жаңалықтар мен өзгерістерден хабардар болу үшін әлеуметтік желілерге жазылыңыздар:

Пайдаланылған дереккөздер