Тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу – енді Отбасы банк арқылы
Ашық.
Әділетті.
Орталықтанған.
2024 жылы қараша айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңға қол қойды. Заңға сәйкес, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап Отбасы банк Ұлттық даму институты ретінде жұмыс істей бастайды.
Ұлттық даму институты тұрғын үйге есепке алудан бастап ел аумағында үй бөлу бойынша барлық процеске жауап беретін болады. Реформаның мақсаты — мемлекеттік тұрғын үй саясатының тиімділігін арттыру.