Қазақстанда қалай тегін емделуге болады
Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ақысыз емделуге болады. ТМККК пакеті шеңберінде көрсетілетін қызметтерді ел азаматтары, оралмандар мен Қазақстанда тұруға рұқсаты бар шетелдіктер пайдалана алады. 2020 жылдан бастап тегін медициналық қызметті ел аумағында тұрақты тұратын, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да пайдалануға құқылы. Оған алғашқы көмек, жедел және шұғыл жәрдем, диагностика, бірқатар ауруларды емдеу, дәрі-дәрмекпен қамту кіреді. Тегін медициналық қызметтер жайлы толығырақ танысуға шақырамыз
1 ҚАДАМ. Емхана таңдау



Ең алдымен базалық медициналық қызмет көрсететін емхананы таңдаңыз. Емхана (бастапқы медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйым) сіздің уақытша немесе тұрақты тұратын жеріңізге жақын маңда орналасуы тиіс. Сіз емхананы ғана емес, жалпы практика дәрігерін, учаскелік терапевт пен учаскелік педиатрды да таңдай аласыз.

Емханалар тізімі Медициналық сақтандыру қорының www.fms.kz сайтында жарияланған
Tilda Publishing
2 ҚАДАМ. Емханаға тіркелу

1. Емханадағы тіркеу бөліміне барып, бас дәрігердің атына өтініш жазасыз. Сізді бір жұмыс күні ішінде тіркейді. Жеке куәлігіңізді ұмытпаңыз.

2. Еgov.kz. электронды үкімет порталын пайдалану. Авторизациядан өтіп, тіркелесіз. Содан кейін «Денсаулық сақтау» бөліміндегі «Медициналық көмек» деген жерден «Бастапқы медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық мекемелеріне тіркелу» тетігін басасыз. «Қызметке онлайн тапсырыс беруді» таңдап, электронды бағананы толтырып, сұрау жібересіз. Сізді бір күннен кейін тіркейді.


Емханаға тіркелудің екі түрлі жолы бар:
Біле жүріңіз:

  • Егер тіркелген емхананы ауыстырғыңыз келсе, бұрынғы МСАК көрсететін мекеме сізді тіркеуден автоматты түрде шығарып тастайды.
  • Егер сіз еркін таңдау құқығын пайдаланбасаңыз, жаппай тіркеу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы жылдары емделген емханаға тіркелесіз.

  • Егер сіз емханаға алғаш рет жүгінген болсаңыз, онда тіркеу орнында амбулаторлық карта, баланың даму картасы немесе электрондық денсаулық паспорты рәсімделеді. Есепке алу кезінде толтырылған құжаттар қағаз және электронды түрде емханада сақталады

Емханаға тіркелу тәртібі

  • Емханаға бір қала, аудан орталығы немесе сіз тұратын шаһарда ғана тіркелуге болады.

  • Тіркелген емханада дәрігерді де таңдауға болады. Бірақ таңдау барысында учаскеде тіркелген адамдардың саны есепке алынатынын ұмытпаңыз.

  • Балаларды емханаға заңды өкілдері ғана тіркей алады.

Егер аяқ асты:
  • Сіздің емханаңыз бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді тоқтатса, емхана әкімшілігі келісімшартты бұзардан кем дегенде 30 күн (күнтізбе бойынша) бұрын немесе ұйымның қайта ұйымдастырылатыны/таратылатыны белгілі болған күннен бастап күнтізбе бойынша 2 күн бұрын жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
  • Бұдан былай аталған емханада қаралмайтыныңыз туралы смс-хабарлама жібереді немесе электронды пошта арқылы хабарлайды.
  • Егер емханаға аймақтық комиссияның хаттамасы негізінде тіркеген болса, сізді сол байланыс арналары арқылы хабардар етеді.
  • Аймақтық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, арыз беруге хақыңыз бар.
Оралмандар мен ықтиярхаты бар шетелдіктер де тіркелу барысында осы ережелерді пайдаланады. 2020 жылдан бастап аталған ережелер Қазақстан аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға да қатысты болмақ.
3-ҚАДАМ. Емханада көрсетілетін тегін медициналық көмек

Tilda Publishing
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету тәртібі
  • Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері, фельдшер, акушер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер және медбикелер көрсетеді. Қызмет емханада немесе оның бөлімшелерінде, пациенттің үйінде, сондай-ақ, үйдегі стационар жағдайында көрсетіледі..
  • Емхана қызметі аумақтық принцип бойынша (яғни, тұрғылықты жеріңіз бойынша) немесе сіз таңдаған медицина ұйымына қарай көрсетіледі.
  • Осы негізде МСАК учаскесі жасақталып, оған мамандар бекітіледі
Жалпы практика дәрігерінің, учаскелік терапевт-дәрігердің, педиатрдың қабылдауы, консультациясы

Қабылдауға жазылу және ЖПД, учаскелік терапевт немесе педиатрдың консультациясы – кез-келген адамға тегін көрсетілетін нгізгі медициналық қызметтердің бірі
Емханаға қаралуға мынадай жағдайлар себеп болуы мүмкін
1 жіті аурулар
2 жарақат
3 ересектерді профилактикалық тексеру
4 балаларды профилактикалық тексеру
5 жіті ауруына байланысты үйге дәрігер шақырту
6 созылмалы аурудың асқынуына байланысты үйге дәрігер шақырту
7 үйге шақырту (паллиативтік көмек)
8 созылмалы аурудың асқынуы
9 ересектерге арналған иммундық профилактика
10 балаларға арналған иммундық профилактика
11 ересектерді скринингтен өткізу
12 балаларды скринингтен өткізу
13 отбасын жоспарлау, қауіпсіз түсік жасату, репродуктивті денсаулықты қорғау қызметі
14 ауруларды басқару бағдарламасы
15 созылмалы аурулары бар ересектерді динамикалық бақылау
16 созылмалы аурулары бар балаларды динамикалық бақылау
17 антенаталды бақылау


18 постнаталды бақылау
19 рецепт жазып беру
20 әлеуметтік-медициналық қызметтер
21 психологиялық қолдау
22 әлеуметтік-медициналық сараптамаға құжат рәсімдеу
23 оқушылардың денсаулығын қорғау қызметі (мектеп медицинасы)
24 салауатты өмір салтына қатысты іс-шаралар
25 сырқатына қатысты қашықтықтан кеңес беру
26 ауыр науқасты күту жөнінде қашықтықтан кеңес беру
27 үйде қызмет көрсету
28 жаңа туған нәрестені бақылау
29 бала патронажы
30 жүкті әйелдерді бақылау
31 перзентхана патронажы
32 балалардың белсенді патронажы
33 ересектердің белсенді патронажы
34 науқастарды күтуді үйрету
35 үйде күтім жасау қызметі
36 медициналық оңалту
Tilda Publishing
Патронаж – бұл жүкті әйелдерге, жаңа туған сәбилер мен 5 жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін жүйелі көмектер жиынтығы.

Қазақстанда жаңа туған нәрестелер, 5 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер патронажы әмбебап-прогрессивті үлгі негізінде жүргізіледі. Яғни, мамандар оларды жоспарлы түрде шақырып отырады немесе үйге барып тұрақты тексереді.

Tilda Publishing
Емхана мамандары пациенттердің үйіне қандай жағдайда барады

  • Стационардан шығару кезінде және ауыр жағдайдағы пациенттің қозғалысы шектелген жағдайда;

  • Жүкті және босанған әйелдер белгіленген күннен кейін 3 күн бойы қабылдауға келмеген жағдайда;

  • Босанған әйел тіркелген жеріне қарамастан емханаға келген кезде;

  • Жұқпалы аурудың таралу қауіпі туған кезде, оның ішінде вакцинадан бас тартқан немесе инфекциялық аурумен ауыратын адамдарды, олармен байланыста болған азаматтарды, аулаларды аралау кезінде инфекциялық ауру жұқтыруы мүмкін деген азаматтарды іздестіру

Учаскелік дәрігер мынадай жағдайда үйге барады:
  • Дәрігерлер пациент үйге шақырған күні жұмыс уақытында баруға міндетті

  • Дәрігерді жұмыс күні аяқталмастан кемінде 2 сағат бұрын шақыруға болады. Әйтпесе ол сізге қызмет көрсетіп үлгермейді

  • Үйде қызмет көрсету туралы өтініш түскеннен кейін 2 сағат ішінде учаскелік медбике пациентке телефон шалып, алдын ала кеңес береді. Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады
  • Төртінші санаттағы жедел медициналық жәрдем шақырудан басқа, денсаулығына байланысты қабылдауға келе алмайтын пациенттер дәрігерді үйге шақыра алады
• 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және жас босанған әйелдерге (жедел медициналық жәрдем шақыруларын қоспағанда) денсаулығы нашарлаған жағдайда үйде қызмет көрсетіледі

• 65 жастан асқан адамдар үйге шақырту қызметін қозғалысы шектелген жағдайда пайдалана алады

• МСАК ұйымына бару мүмкіндігі болмаған жағдайда адамдарға ем-шаралар мен манипуляциялар қажет болған жағдайда үйдегі стационар қызметі көрсетіледі
Динамикалық бақылау
Динамикалық бақылау – созылмалы аурулары бар пациенттердің денсаулық жағдайын жүйелі түрде бақылау. Ол үшін науқас дәрігерге тұрақты түрде қаралып, өз сырқатын емдеуге және алдын алуға жауапкершілікпен қарауы тиіс

Tilda Publishing
  • Егер сізді бірінші рет диспансерлік есепке алатын болса, учаскелік медбике диспансерлік бақылаудың бақылау картасын (№030/у форма) толтырады (қағаз түрінде және электронды түрде).
  • Созылмалы аурулармен ауыратын пациенттерді динамикалық бақылауды жалпы практика дәрігері, учаскелік дәрігер терапевт, учаскелік педиатр, орта медицина қызметкерлері (учаскелік медбике немесе фельдшер) жүргізеді. Қажет болған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және салауатты өмір салты кабинеттерінің мамандары тартылады.


Емхана деңгейінде динамикалық бақылауға алынатын аурулар тізімін мына жерден көруге болады (тізімге сілтеме)
1. Инфекционные и паразитарные заболевания
Хронический вирусный гепатит В (B18, включая В18.0, B18.1. B18.2, B18.8), С и D, без цирроза печени,

2. Болезни системы кровообращения
Артериальная гипертензия:
2.1. Эссенциальная (первичная) гипертензия, I10;
2.2. Гипертензивная болезнь сердца (гипертоническая б о л е з н ь с преимущественным поражением сердца), I 1 1 ;
2.3. Гипертензивная (гипертоническая) б о л е з н ь с преимущественным поражением почек, I 1 2 ;
2.4. Гипертензивная (гипертоническая) б о л е з н ь с преимущественным поражением сердца и почек, I13;
2.5. Вторичная гипертензия, I15

Ишемическая болезнь с е р д ц а :

3.1. Нестабильная стенокардия, I20.0**;
3.2. Другие формы стенокардии, I20.8;
3.3. Хроническая ишемическая болезнь сердца, I25
3.4 Сердечная недостаточность, I 50

Экстракраниальные заболевания брахиоцефальных а р т е р и й :

4.1 Цереброваскулярные болезни, I65-I69***;
4.2. Закупорка и с т е н о з прецеребральных артерий, не приводящие к инфаркту мозга, I65
4.3. Закупорка и стеноз церебральных артерий, не приводящие к инфаркту мозга, I66
4.4. Другие цереброваскулярные болезни, I67
4.5. Поражения сосудов мозга при б о л е з н я х , классифицированных в других рубриках, I 6 8
4.6. Последствия цереброваскулярных болезней, I69
4.7. Эмболия и тромбоз артерии верхних конечностей, I 7 4 . 2 ;
4.8. Аорит при б о л е з н я х , классифицированных в других рубриках, I79.1;
4.9 Субарахноидальное кровоизлияние, I 60

Внутримозговое кровоизлияние, I 61

Д р у г о е нетравматическое внутричерепное кровоизлияние,I 62

Ишемический инсульт,I 63

И н с у л ь т , неуточненный как кровоизлияние или инфаркт,I 64

Поражения клапанов с е р д ц а :
5.1. Хронические ревматические болезни сердца, I05-I 0 9 ;
Ревматические болезни митрального клапана, I05
Ревматические болезни аортального клапана, I06
Ревматические б о л е з н и трехстворчатого клапана, I07
Поражения нескольких клапанов, I 0 8
Другие ревматические болезни сердца, I09
5.2. Неревматические поражения клапанов сердца, I34-I39
Неревматическое поражение митрального клапана, I 3 4
Неревматическое поражение аортального клапана, I 3 5
Неревматические поражения трехстворчатого клапана, I36
Поражение клапана легочной артерии, I37
Эндокардит, клапан не уточнен, I38
Эндокардит и поражения клапанов сердца при болезнях, классифицированных в других рубриках, I39

Аритмии I47,

Фибрилляция и трепетания предсердий, I48

3. Болезни органов дыхания
Хронические заболевания нижних дыхательных путей:
7.1. Другая хроническая обструктивная легочная болезнь, J44
7.2. Астма, J45

4. Болезни органов пищеварения

Заболевания верхних о т д е л о в желудочно-кишечного т р а к т а :
8 . 1 . Гастроэзофагеальный рефлюкс с эзофагитом , K 2 1 . 0 ;
8.2. Язва желудка и двенадцатиперстной кишки, K25-К27;

Язва желудка, К25

Я з в а двенадцатиперстной кишки, К26

Пептическая язва неуточненной локализации, К27

8.3. Хронический атрофический гастрит, K 2 9 . 4
8.4. Полипы (полипоз) желудка, K31.7

Неинфекционный энтерит и колит:
9.1. Болезнь Крона (регионарный энтерит) , К 5 0
9.2. Язвенный колит, К 5 1
9.3. Другие неинфекционные гастроэнтериты и колиты, K52

Цирроз печени, К70-К 7 6
Токсическое поражение печени, К 7 1
Печоночная недостаточность, не классифицированная в других рубриках, К 7 2
Хронический гепатит, н е классифицированный в других рубриках, К 7 3
Фиброз и цирроз печени, К74
Д р у г и е воспалительные болезни печени, К75
Другие болезни печени, К76

5. Болезни костно-мышечной системы и соединительной ткани
Артропатии, дорсопатии:
11.1. Ревматоидный артрит, М 06; М 05
11.2. Псориатические артропатии, М 07.3
1 1 . 3 . Анкилозирующий спондилит, М45;
11.4. Юношеский (ювенильный) артрит, М08

Системные поражения соединительной ткани:
12.1. Узелковый полиартериит, М30;
12.2. Другие некротизирующие васкулопатии, М 31;
12.3. Системная красная волчанка, М32-М32.9;
1 2 . 4 .Дерматополимиозит, M33-М33.9;
12.5. Системный склероз (системная склеродермия), М.34-М 3 4 . 9 ;
12.6. Другие системные поражения соединительной ткани.М35

6. Болезни эндокринной системы, расстройства питания и нарушения обмена веществ
Сахарный диабет 1 тип у детей Е 10
Сахарный диабет 1 тип у взрослых Е 10
Сахарный диабет Е11 – Е11.9
Болезни щитовидной ж е л е з ы :
14.1. Диффузный токсический зоб.Тиреотоксикоз, Е05 –Е 0 5 . 9 ;
14.2. Гипотиреоз, Е02

7. Болезни нервной системы
Эпилепсия, G 40
Д е т с к и й церебральный паралич, G 80

8. Болезни мочеполовой системы
Гломерулярные б о л е з н и :
17.1. Хронический нефритический синдром, N03;
17.2. Нефротический синдром, N04;
Хронический интерстициальный нефрит, N11
Гиперплазия предстательной ж е л е з ы , N40
Доброкачественная дисплазия молочной железы, N60
Невоспалительные болезни женских половых органов:
21.1. Эндометриоз,N 8 0 ;
21.2. Полип женских половых органов, N84;
21.3. Железистая гиперплазия эндометрия, N85.0;
21.4. Аденоматозная гиперплазия эндометрия, N 85.1;
21.5. Эрозия и эктропион шейки матки, N86;
21.6. Лейкоплакия шейки матки, N88.0
Доброкачественное новообразование яичника, D27

9. Отдельные состояния, возникающие в перинатальном периоде
Бронхолегочная дисплазия, возникшая в перинатальном периоде, Р27.1

10. Врожденные аномалии (пороки развития), деформации и хромосомные нарушения (дети)
Врожденные пороки с е р д ц а в послеоперационном п е р и о д е :
24.1. Врожденные аномалии (пороки развития) сердечных камер и соединений,Q 2 0
24.2. Врожденные аномалии (пороки развития) сердечнойперегородки, Q21;
24.3. Врожденные аномалии (пороки развития) легочного и трехстворчатого клапанов, Q22;
24.4. Врожденные аномалии (пороки развития) аортального и митрального клапанов, Q23;
24.5. Другие врожденные аномалии (пороки развития) сердца, Q24;
24.6. Врожденные аномалии (пороки развития) крупных артерий, Q25;
Врожденные пороки р а з в и т и я :
25.1. Врожденные пороки пищевода, Q 3 9
25.2. Врожденная диафрагмальная грыжа, Q79
25.3. Аноректальные пороки развития, Q42
Ауруды бақылау бағдарламасы (АББ) дегеніміз не?
  • АББ – пациенттерді менеджментке белсенді түрде қатыстыра отырып, созылмалы аурулармен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау бағдарламасы. Динамикалық бақылау кезінде ауруды бақылау бағдарламасына (АББ) қатысатын пациенттер іріктеледі. АББ үш түрлі созылмалы ауру бойынша жүргізіледі. Олар: артериялық гипертензия, 2 типті қант диабеті, жүрек қызметінің созылмалы тапшылығы.
  • АББ қатысатын пациенттерді динамикалық бақылаумен салалық мамандар айналысады. Бағдарламаның мақсаты – дәрігер мен пациент арасында тұрақты байланыс орнату. Дәрігерлер науқасқа өз денсаулығына дұрыс қарауды және өзіне-өзі көмек көрсету әдістерін үйретеді. Науқас күнделік жүргізеді. Оған өз денсаулығына қатысты барлық деректерді жазып отырады. Нәтижесінде, пациенттің өз денсаулығы үшін жауапкершілігі артады.
  • Бағдарлама пациенттерге медицина қызметкерлерімен бірлесіп ауруды басқаруға және оның асқынуына жол бермеуге көмектеседі.
  • Бағдарламаның тиімділігі нысаналы индикаторлар арқылы бағаланады.
  • АББ қатысатын пациентті біліктілігін арттыру туралы куәлігі бар МСАК мамандары және мультидисциплинарлық команда бақылайды. Бағдарламаны емхана деңгейінде учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері, учаскелік дәрігер-терапевт (педиатр) үйлестіреді.
Оңалту және паллиативтік көмек

Сондай-ақ, созылмалы аурулармен ауыратын пациенттерге (көрсетілімдер болған жағдайда) қалпына келтіруге бағытталған ем-дом мен медициналық оңалту, паллиативтік көмек және арнайы әлеуметтік-медициналық көмек пен медбике күтімі көрсетіледі
4 санатты жедел жәрдем шақырғандарға қызмет көрсету тәртібі

Емхана көрсететін қызметтің бір түрі – жеделдік жағынан төртінші санатқа жататын жедел медициналық көмек. Ол пациент өміріне қауіп төндірмейтін жіті аурулар кезінде, созылмалы аурудың асқынуы салдарынан туындайтын жағдайларда көрсетіледі.


Төртінші санаттағы шақыртуларға МСАК көрсететін ұйым тәулік бойы қызмет көрсетеді



Емханада қандай анализ түрлерін тегін тапсыруға болады:



  • Жалпы қан талдауы (лейкоформуламен), гемоглобин, эритроциттер, түс көрсеткіші, лейкоциттер, СОЭ, тромбоциттер, ақуыз бен глюкозаны анықтауға арналған жалпы несеп талдауы
  • Қанның ұю уақыты, безгекті плазмодияға қан тапсыру, Нечипоренко әдісі бойынша несеп талдауы, несептегі өт пигменттерін анықтау
  • Микрореакция
  • Копрограмма
  • Туберкулезді анықтау үшін қақырық алу
  • Микробиологиялық зерттеулерге материал алу
  • ВИЧ инфекциясына қан алу және Вассерман реакциясы (RW)
    • биохимиялық зерттеулер: холестерин, триглицеридтер, қандағы глюкоза мөлшерін анықтау, оның ішінде тест-жүйелерді пайдалана отырып экспресс-әдістерді жүргізу
    • Қан алу және биохимиялық зерттеулер: АЛАТ, АСАТ, жалпы билирубин, несепнәр, креатинин
    • Зерттеудің басқа түрлеріне биологиялық материал алу
    • Қынап жағындысын микроскоппен тексеру және қынап санациясы
    • Иммунохимиялық зерттеу (экспресс-әдіспен гемокульт-тест)
    • Безгекті плазмодияға қан талдауы

    Емханада тегін көрсетілетін профилактикалық қызметтер:
    • Денсаулықты сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұтымды және дұрыс тамақтану мәселелері бойынша кеңес беру
    • Отбасын жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес беру
    • Жүктіліктен сақтандыру мақсатында спиральді салу/алу, контрацептивті инъекциялар
    • Медициналық тексерулер (ересектер скринингі)
    • Балаларды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу
    • Мінез-құлықтағы қауіп-қатер факторларын ерте анықтау үшін скринингтік тексерулер
    • Жатыр мойны обыры, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабеті, глаукома, сүт безі обыры мен тоқ ішек обырын ерте анықтау мақсатында профилактикалық медициналық (скринингтік) тексерулер
    • Жұқпалы ауру тараған жерлерде эпидемияға қарсы санитарлық іс-шаралар жүргізу
    • Иммундау

    • Профилактикалық кабинеттерде, сауықтыру мектептерінде оқыту
    • Созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес науқастарды және олардың отбасы мүшелерін өзін-өзі бақылауға, өзіне және бір-біріне жедел көмек көрсетуге үйрету
    • Созылмалы аурумен ауыратын адамдарға телефон арқылы кеңес беру
    • Әлеуметтік-медициналық және психологиялық қызметтер
    • Созылмалы аурулармен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау арқылы дерттің қайталануына және асқынуына жол бермеу
    • Балаларды тіс және ауыз қуысының шырышты қабығын күтуге баулу, санитарлық-гигиеналық дағды қалыптастыру
    • Бала-бақшаларда балалардың, жалпы орта білім беретін мектептердегі оқушылардың, жүктілігіне байланысты есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

    Консультациялық-диагностикалық көмек
    Консультациялық-диагностикалық көмек дәрігер жолдамасы бойынша емханада көрсетіледі. Оған салалық мамандардың қабылдауы мен кеңесі (оның ішінде телемедицина саласындағы коммуникацияларды пайдалану), сондай-ақ, үйде кеңес беру, жүкті әйелдерге және 18 жасқа дейінгі балаларға маманның жолдамасы бойынша медициналық-генетикалық кеңес беру кіреді

    Тегін диагностикаға не кіреді:
    • Өкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексерулерден өткізу
    • Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері
    • Жалпы клиникалық талдау
    • ВИЧ инфекциясына және Вассерман реакциясына қан алып тексеру (RW)
    • Маманның жолдамасы бойынша гормондық зерттеулер
    • Ағза трансплантациясы жасалған пациенттердің қандағы иммуносупрессивті препараттардың концентрациясын анықтау
    • Биохимиялық талдау
    • Стационарда операция жасалатын адамдардың қан тобы және резус-факторын анықтау
    • Биологиялық материалды микробиологиялық зерттеу (бакпосев)
    • УДЗ, рентгенография, фиброгастродуоденоскопия, ректороманоскопия, дуоденальды зондтау, колоноскопия, функционалдық диагностика әдістері және МСАК мамандары мен салалық мамандардың жолдамасы бойынша биопсияға материал ала отырып жасалатын эндоскопияның басқа түрлері
    • «В» және «С» вирусты гепатиттерін анықтауға арналған скринингтік зерттеулер (иммуноферменттік талдау, полимеразды тізбекті реакция) жүргізу: қан аурулары, гемодиализде қатерлі ісік бар, операция жасалған, қан мен оның компоненттері құйылған балалар; қан аурулары, гемодиализде қатерлі ісік бар, хирургиялық операциялар жасалған, қан мен оның компоненттері құйылған ересектер, сондай-ақ «В» және «С» вирусты гепатитін жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері
    • Психологиялық белсенді заттарды қолдану үшін медициналық куәландыру
    • Сот-наркологиялық сараптама
    • Сот-психиатриялық сараптама
    Tilda Publishing

    Республикалық деңгейде КДК көрсету тәртібі


    • Республикалық деңгейде тегін консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін пациенттерді жіберу туралы өтінішті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының медицина ұйымдары бере алады. Аталған мекемелер жанындағы арнайы комиссия 2 жұмыс күні ішінде пациенттің құжаттарын қарап, республикалық деңгейде КДК беру немесе көмек беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды
    • Пациентті республикалық деңгейде КДК алуға жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия пациенттің құжаттарын 2 жұмыс күні ішінде Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы комиссияға жібереді.
    • Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары пациенттің құжаттары келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде (ДСБ комиссиясының шешімі негізінде) медициналық ұйымға не пациентке №021/у нысаны бойынша республикалық деңгейде КДК алуға жолдама береді
    • Пациентке республикалық деңгейде КДК көрсетуден бас тартқан жағдайда облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары құжаттарды 3 жұмыс күні ішінде қайтарады; көмек көрсетуден бас тарту туралы жазбаша негіздеме қоса беріледі.
    • Пациенттер ТМККК шеңберінде республикалық деңгейдегі медицина ұйымына мынадай жағдайларда жіберіледі:
    • сирек кездесетін, орфандық ауруларды диагностика жасау қажет болғанда;
    • диагнозды верификациялау үшін күрделі, түсініксіз жағдайлар бойынша дифференциалды диагностика жасау қажет болғанда;
    • емдеу тактикасына қатысты даулы жағдайларды шешу, сондай-ақ пациенттің еңбекке жарамсыздығына сараптамалық тұрғыдан баға беру қажет болғанда;
    • шетелге емдеуге жіберуге тиісті көрсеткіштер бар-жоғын анықтау мақсатында;
    • ауыр науқасқа шалдыққан, әлеуметтік жағдайы төмен пациентті емдеу тактикасын анықтау мақсатында;
    • аурудың жиі қайталанған жағдайда және декомпенсация жағдайында пациенттерді емдеу тактикасын анықтау қажет болса;

    • МСАК деңгейінде жүргізілген емдеу шаралары тиімсіз болған жағдайда диагностика және емдеу
    • КДК қызметін көрсеткен салалық маман МСАК дәрігеріне немесе пациентті консультацияға жіберген басқа дәрігерге №071/е формасы бойынша толтырылған медициналық қорытындыны береді. Онда жүргізілген тексерулер мен емдеу нәтижелері, сондай-ақ пациентті одан әрі емдеу жөніндегі ұсыныстар жазылады.
    • Емхана дәрігері салалық маманның консультациялық-диагностикалық қорытындысын алғаннан кейін пациентті маманның ұсыныстарына сәйкес бақылауды жалғастырады.


    Толығырақ ақпарат алу үшін галереяға өтіңіз



    Бағдарлама туралы толығырақ:

    Қосымша ақпарат:


    © ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2019. Все права защищены