Таңқалдырған Түркістан: марафоншылар жақсы көретін ертегі-қала

Қазақстандық Kaspi.kz инновациялық компаниясы қолдауымен Turkistan Marathon 2025 өтті

Қазақстандағы басты жүгіру оқиғаларының біріне 3000 адам қатысты. 26 қазанда өткен төртінші Turkistan Marathon 20 елдің жүгірушілерін жинап, шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден, сондай-ақ Азия, Африка, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік және Латын Америкасынан келген салауатты өмір салтының елшілері 10, 21,1 және 42,2 шақырым қашықтықтарды бағындырды.
 «Балалар» қашықтығы үш шақырым болды. 10 шақырымдық скандинавиялық жүріс те марафонның маңызды бөлігі саналады.
Жүгіру қауымдастығы ерте тұруға үйренген. Толық жабдықтармен жарақтанған, жарыс жолынан жақсы нәтиже күткен қатысушылар таңғы салқынға мән де бермеді.
Мәре-сөре аймағында әр жастағы қатысушылар жиналды. Әдеттегідей, жаппай жүгіру дәстүрлі қыздыру жаттығуларымен басталды.
Біздің Түркістан – тек рухани, мәдени, тарихи астана ғана емес. Енді ол спорт орталығы да. Көптеген қазақстандықтар салауатты өмір салтына, спортқа бет бұруда. Бүгінгі көрініс – соның айғағы.

Марафонның арқасында еліміздің тұрғындары ғана емес, басқа елдерден келгендер де Түркістанмен танысып жатыр. Меніңше, бұл қалада шағын және орта бизнестің дамуына үлкен серпін береді. Кешеден бері барлық кәсіпкерлер, кафелер, қонақ үйлер мен кәдесый дүкендері жаңа қонақтарды қуана қарсы алып жатқанын байқадыңыздар ма?

Kaspi біз бұл спорттық іс-шараны қолдауға қуаныштымыз. Өйткені ол шынымен елімізді жақсарта түседі. Біз тек қолдап қана қоймаймыз, өзіміз де жүгіреміз.

Жыл сайын санымыз артып келеді. Жаңа жүгірушілерді қатарымызға шақырамыз. Әсіресе Түркістандағы күз қандай тамаша! Мұнда өте әдемі, жүгіру де керемет. Барлықтарыңызға жеңіл жүгіріс, аяқтарыңызға қуат тілеймін!
— Kaspi.kz компаниясының атқарушы директоры Маржан Елшібаева
Маржан Елшібаева
Дене қыздырудан кейін бірінші болып жарыс жолына балалар шықты.
Кейін 10, 21,1 және 42,2 шақырымға жүгіретін ересектер мәреден аттанды.
Ең жас атлеттер – 10 жаста, ал ең егде спортшы – 91 жаста. Щучинск қаласынан келген Салиха Зигангерова 10 шақырымдық скандинавиялық жүрісті жоспарлап, сәтті аяқтады.

«Мен спортқа әрқашан қызықтым, бірақ арнайы айналыспадым. Жай ғана жаяу жүргенді жақсы көрдім, отырып істейтін жұмысым болса да, дене еңбегімен айналыстым. Соңғы уақытта басым ауыра бастаған соң, денсаулығымды нығайту үшін скандинавиялық жүріспен айналыса бастадым», – дейді Салиха Зигангерова.

Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина да жарыс жолы туралы әсерімен бөлісті.
Зульфия Габидуллина
 «Бәрі керемет, жол өте жақсы. Жалпы, марафон деген – тамаша дүние. Осындай шаралар көп болса екен!», – деді Габидуллина.

Светлана Мұхамбетова да мұны құптайды: оның айтуынша, Түркістандағы жарыс жолы Алматыдан да жақсырақ.
Светлана Мұхамбетова
«Жарыс жолы керемет! Түркістанға 4-ші рет келуіміз. Алматымен салыстырғанда, мұндағы жүгіруге арналған жол тамаша. Мұндағы көрініс, ауа, ауа райы, еркін тыныстау — бәрі тамаша. Мұндай қонақжайлығы үшін Түркістанға алғыс!», – деді Светлана.

Қуаныш Бесенғазы болса Түркістанға алғаш рет келген. Шу қаласынан арнайы осы жарыс үшін жолға шыққан. Қазақстанның рухани астанасының көркі мен ерекшелігі оны таңғалдырған.
Қуаныш Бесенғазы
 «Бұл — менің және досымның екінші марафоны. Мұндағы тамаша табиғаттың арқасында тіпті жақсы жүгірген сияқтымыз. Меніңше, Қазақстанда спорт пен туризм өсіп келеді. Ал Kaspi.kz – әрдайым қолдап жүретін негізгі компаниялардың бірі, рахмет», – деп қорытындылады Қуаныш Бесенғазы.

Turkistan Marathon – қала үшін маңызды оқиға. Оған тек спортшылар ғана емес, кәсіпкерлер де мұқият дайындалады. Бұл шара мейрамхана, қонақ үй, кәдесый бизнесі және басқа да салаларға үлкен серпін береді. Мысалы, қонақ үйлердегі нөмірлер марафон алдында бір ай бұрын-ақ толық сатылып кетті.

Жергілікті кафе мен мейрамханалардағы табыс та айтарлықтай өскен.
 «Бізде Turkistan Marathon өтіп жатқаны – өте қуантады. Біріншіден, қонақтардың легі өте көп. Кеше де, бүгін де барлық орындарымыз толық болды, біз дәл осыны күттік. Қонақтар тарапынан шағым болмас үшін марафонға алдын ала дайындалдық.

Екіншіден, бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар келеді. Бұл қала танымалдылығының артуына ықпал етеді. Бір келген адам Түркістанның туристік қала екенін көріп, аралап шығады да, бір айдан кейін қайта келуі мүмкін», – дейді Түркістандағы Coffee Boom желісінің басқарушысы Эльбек Паччаханов.
Эльбек Паччаханов
Түркістан туристерге ұсынары мол қала. Мұнда көптеген кәдесый дүкендері және садақ ату сияқты тақырыптық ойын-сауық түрлері бар.
Қазақстанның інжу-маржаны әрі қаланың басты көрнекілігі — әлемге әйгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі әрдайым назардың ортасында.
Шығыстық ертегі стиліндегі жаңа нысандар да қалаға ерекше реңк береді.
Ал туристік қала үшін таңғаларлық таза көшелер мен ағын су каналдары бірден көзге түседі.
Биылғы жылы жүгірушілер бірден үш ірі рекорд орнатты. Андрей Петров марафондық қашықтықты 2 сағат 16 минут 58 секундта аяқтады. Әйелдер арасында 42,2 шақырым қашықтық бойынша трасса рекордын Екатерина Тунгускова жаңартты 2 сағат 40 минут 45 секунд. Ал Алишер Ахматалиев 10 шақырымды 30 минут 31 секундта бағындырды.
Тәжірибелі жүгіруші, Қазақстанда және шетелде өтетін марафондарға тұрақты қатысушы Толқын Нұрушева Түркістанның жеке рекордтар орнатуға өте қолайлы екенін айтады.

Толқын Нұрушева

«Жүгіретін жол керемет, жеке рекордтар үшін арнайы жасалғандай. Қала – қасиетті. Мұндағы ауа да ерекше бір нәрсе қосылған сияқты. Жеңіл жүгіресің. Жеңіл тыныс аласың. Бұл жер ойпат, сондықтан дәл осында рекорд орнату керек. Меніңше, Қазақстан чемпионатын осы жерде өткізу қажет», – дейді Толқын Нұрушева.

Қатысушылардың сөрелік жарналарынан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа бағытталады. Марафон өткізілген жылдар ішінде жиналған қаржыға арнайы балалар мекемелері мен ерекше қажеттіліктері бар балалар оқитын мектептер үшін шамамен 20 спорт нысаны салынды.

Өйткені марафонның басты мақсаты – адамдарды салауатты өмір салтына біріктіру және бұқаралық спортты баршаға қолжетімді ету.
© ТОО "Internet Portal Nur", 2009-2025
Все права защищены