Мыңдаған қазақстандық бренд, миллиондаған тиімді зат Kaspi Жұмада
Күзгі Kaspi Жұма алғаш рет қатарынан 4 күнге созылды! 6, 7, 8 және 9 қарашада қазақстандықтар тиімді бағалармен шопинг жасады. Kaspi серіктестері – еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған кәсіпкерлер – сүйікті клиенттерін акциялармен, бонустармен және 50 пайызға дейінгі жеңілдіктермен қуантты. Оның қалай өткенін фоторепортажымыздан көре аласыз.
Kaspi Жұма барысында қазақстандықтар көптеген заттарды тиімді сатып алды: зергерлік бұйымдар, демалыс турлары, ірі және ұсақ тұрмыстық техника, жиһаз, киім, шиналар және мыңдаған басқа тауарлар.
Алматыдағы Merhat зергерлік компаниясы Kaspi Жұманың тұрақты қатысушыларының бірі. Бренд этностильдегі әшекейлер жасайды.
Сырға, білезік, сақина және алқалар тапсырыспен дайындалады. Қазақы оюмен жасалған бұйымдар Қазақстанның барлық өңіріне және шетелге: Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және АҚШ-қа жіберіледі.
Зергерлер тиімді сауда мерекесі алдында сұраныс жоғары болатынына сенімді болғандықтан, тауарды әдеттегіден көп дайындаған.
«Біз бұйымдарымызды негізінен күміс пен алтыннан жасаймыз. Әшекейлерде ұлттық қазақ өрнектерін және петроглифтер мотивтерін қолданамыз. Соңғы жылдардағы ең танымал топтама – «Ұмай» коллекциясы. Барлық материал – өзіміздікі, отандық, Қазақстанда өндіріледі. Бізде бәрі қазақстандық: бағалы металдардан бастап дизайнға дейін.
Айта кететін жайт, Kaspi Жұмаға алғаш рет қатысып отырған жоқпыз. Сұраныс артып, сатылым 40% өсетінін білеміз, сондықтан алдын ала дайындаламыз: ең көп сұраныстағы бұйымдарды жасап қоямыз. Яғни Kaspi Жұма кезінде біздің әшекейлерді бірден қолма-қол сатып алуға болады, тапсырыстан кейін 25 күн күтудің қажеті жоқ. Бұдан бөлек, бұл Kaspi Жұмада Merhat брендінің барлық зергерлік бұйымдарына 20% жеңілдік қарастырылған», – дейді Merhat зергерлік бренді маркетинг бөлімінің басшысы Хадия Ордаш.
Хадия Ордаш
Abyroi замануи ұлттық киім бренді футболка, шапан, камзол, бас киімдер және басқа да ұлттық нақыштағы киімдерді тігеді.
«Бұл Kaspi Жұмада клиенттеріміз үшін бонус пен жеңілдіктер жасадық. Менің ойымша, Kaspi Жұма Қазақстан бойынша шағын және орта бизнестің дамуына көмектеседі. Өйткені сатылым артады, демек айналым да өседі. Біздің Kaspi Жұмаға үлкен рақмет», – дейді Abyroi компаниясының басшысы Құралай Терлікбаева.
Құралай Терлікбаева
Қарағандыдағы былғары шеберханасы Kaspi қолдауының арқасында бүкіл ел аумағына шығып, қолөнермен жасалған сөмке мен белдіктерді Қазақстанның барлық аймағына жөнелтіп отыр.
«Kaspi Жұма біз үшін мереке сияқты, өйткені сатылым көбейеді. Kaspi Жұма арқылы бізді өңірлер біле бастады. Тапсырыс жазылған қағазды қолыңа ұстап алып: «Құдай-ау, біз мұны қалай жеткіземіз?» деп ойлайсың. Бірақ, шүкір, Kaspi Жеткізу бар!
Kaspi Жұма – ел экономикасының қаржылық дамуы үшін маңызды бөлік. Бұл – қазақстандық брендтердің, жаңа да, бұрыннан бар да, дамуына маңызды платформа. Өйткені бүкіл процесс өте жақсы және ыңғайлы ұйымдастырылған.
Біз серіктес ретінде Kaspi-ден 100% қолдау аламыз. Мұндай серіктеспен жұмыс істеу – бір ғанибет. Меніңше, егер бренд өңірлерге шығуды қаласа, онда міндетті түрде Kaspi алаңынан бастау керек, себебі бұл – адал бизнестің кепілі және айтарлықтай шығынсыз 100%-дық географиялық кеңею мүмкіндігі», – деп есептейді My Baks ЖШС директоры Елена Литовченко.
Елена Литовченко
Күзгі Kaspi Жұманың төрт күні Алматыдағы шаңғы маусымының ашылуымен қатар келді. Сонымен бірге бірден екі танымал қазақстандық тау-шаңғы курорты — Oi-Qaragai және Shymbulak-та арнайы акциялық ski-pass сатылымы да басталды.
«Биыл Kaspi Жұма тиімді зат сатып алу мерекесі Oi-Qaragai курорты тарихындағы ең ерте қысқы маусымның ашылуымен тұспа-тұс келді. Бұл өте керемет, өйткені бізде ТМД кеңістігінде баламасы жоқ бірегей өнімнің сатылымы басталды. Бұл — Oi-Qaragai мен Shymbulak үшін бірыңғай ski-pass. Мұндай өнім ТМД нарығында — екі курорт арасындағы жалғыз және өте сәтті ықпалдастық. Kaspi Жұма арқасында бәрі біз күш салмай-ақ өте жақсы жұмыс істеп, алға жылжуда. Мұның бәрін Kaspi өзі қамтамасыз етіп отыр», — деп түсіндірді Oi-Qaragai тау курортының маркетинг директоры Максим Козлов.
Максим Козлов
Shymbulak Resort Hotel өкілдері де Kaspi Жұма қазақстандық бизнестің дамуын қолдап, көмектесетінін атап өтті.
«Kaspi Жұма — біз үшін аса маңызды құрал. Ол ең алдымен бизнесіміздегі маусымдылықты теңестіруге көмектеседі. Бізде екі айқын маусым бар: жазғы және қысқы. Жазда адамдар тауға серуендеуге, трекингке, қонақүйіміздің SPA-қызметтерін пайдалануға, бассейнге түсуге, демалыс күндерін өткізуге келеді. Қыста, әрине, шаңғы тебу үшін келеді. Ал күз және көктем – маусымаралық кезеңде жүктеме төмендейді. Kaspi Travel мен Kaspi Жұма бізге қонақүйді осы маусымаралық уақытта да толтыруға, жүктемені теңестіруге мүмкіндік береді», — деп айтты Shymbulak Resort Hotel менеджері Руслан Вислогузов.
Руслан Вислогузов
Kaspi Жұма кезінде қазақстандықтар отельдерді брондап, отандық курорттарға ski-pass рәсімдеп қана қоймай, шетелдік демалыс турларын да сатып алды.
«Kaspi Жұма кезінде турлардың сатылымы шамамен 10–15% өседі. Өсім бар, себебі көптеген адамдар Kaspi Жұма уақытын күтеді. Бұл кезеңде бізде сұраныс өте жоғары: туристер турларды дәл Kaspi Жұма бойынша көп сұрайды. Сондықтан біз күшейтілген режимде жұмыс істейміз», — дейді Nemo Tour компаниясының сату менеджері Ләззат Магавина.
Ляззат Магавина
Данияр Еникеев те Kaspi Жұма арқылы шетелге демалыс турын рәсімдегендердің қатарында болды. Жақында ол пәтер сатып алып, тұрғын үй алу кезіндегі күйбеңнен кейін Вьетнамда демалуды жөн көрген.
Данияр Еникеев ұлы Ратмирмен
«Жақында жұбайыммен бірге пәтер сатып алдық, бұл бізге біраз стресс әкелді. Демалуды шештік. Kaspi Travel арқылы тур таңдай бастадық, түрлі бағыттарды қарадық. Соңында Вьетнамның Фукуок аралын таңдадық. Бірінші жағажай сызығындағы керемет бесжұлдызды отельді таңдадық, оны «таңдаулыларға» қостық. Kaspi Жұма басталып, рәсімдей бастағанда, тур баға жағынан арзандағаны анықталды. Бұл, әрине, бізді қуантты — тиімді мүмкіндік. Енді желтоқсан мерекелерінде теңізге ұшамыз, отбасымызбен жақсы демаламыз деп үміттенеміз», — дейді қуанышты Данияр Еникеев.
Даулет Жақсылық та таяуда ғана Алматыдан жылжымайтын мүлік сатып алған. Ол бірден екі пәтерге - өзінің және анасына алған пәтерге тұрмыстық техниканы қуана сатып алып жатыр. Kaspi Жұма дәл керек кезде басталған.
Дәулет Жақсылық
«Kaspi Жұма кезінде пәтерге қажеттінің бәрін алдым: кондиционерлер, кір жуғыш машина, кептіргіш, екі теледидар, микротолқынды пеш, сорғы, тоңазытқыштар, тіпті мұздатқыш та алдым. Жөндеу 2–2,5 айға созылады. Көрші пәтер анамның пәтері әзірге қойма ретінде пайдаланамын. Жөндеу біткен соң бірден орнату үшін бәрін алдын ала алып қойдым,. Kaspi-де баға жақсы. Сонымен қатар Kaspi-ге сенеміз. Жеткізу уақытылы, қызмет көрсетуі тамаша. Тапсырыстардың шамамен 70%-ын қазірдің өзінде алып қойдым.
Меніңше, қазақстандықтарға Kaspi Жұма қажет. Қолма-қол ақша болса да… бар кэшті бере салғың келмейді. Ал Kaspi Жұма — өте ыңғайлы. Дүкендерге жақсы, клиенттерге жақсы. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, сұраныс қатты өседі. Курьерлердің өзі «Kaspi Жұмада таңғы 8-ден кешкі 10-ға дейін тоқтамай жұмыс істейміз, деп отыр» — дейді Даулет.
Шынында да, Kaspi Жұма кезінде Kaspi серіктестері - курьерлік қызметтер үшін күшейтілген жұмыс тәртібі әдеттегі жағдайға айналған.
«Әдеттегі күндері бір қабылдау пунктінде шамамен 8–9 қызметкер жұмыс істейді, ал Kaspi Жұма кезінде қызметкерлер саны 14–15 адамға дейін өседі. Kaspi Жұма — біз үшін ерекше мереке сияқты, оған біз өте жауапкершілікпен қараймыз. Дайындық оған 2–3 апта бұрын, кейде тіпті басталуына бір ай қалғанда басталады. Kaspi Жұма кезінде өткізу қабілетін арттыру үшін уақытша қызметкерлер тартылады, сондай-ақ қабылданған тауарларды уақытында жеткізу үшін қосымша көлік құралдары жұмылдырылады. Kaspi Жұмада бөлімшелерге келушілер саны шамамен екі есе артады. Дәл осындай динамика қабылданған тауар көлеміне де қатысты байқалады. Барлық сегменттердің көлемі өседі: шағын, орта және ірі көлемдегі жүктер. Жеткізілім саны екі есе көбейеді. Біз тауарды мерзімінде немесе одан да ерте жеткіземіз», – дейді Алматыдағы Zammler логистикалық компаниясы бөлімшелер желісінің жетекшісі Нұрлан Мұратқабыл.
Айта кетейік, Zammler - Kaspi.kz-тің ең ірі жеткізу серіктестерінің бірі.
Нұрлан Мұратқабыл
Кәсіби музыкант Саддам Фазыловтың көптен бергі арманы — бес ішекті бас-гитара да мерзімнен ерте жеткізілді. Саддам аспапты сатып алуды байыппен қарастырған: барлық «жақсы» және «жаман» тұстарды салыстырып, ең тиімді шешім — Kaspi Жұмамен сатып алу деп шешкен.
Саддам Фазылов
«Мен ұзақ уақыт бойы бес ішекті бас-гитара алғым келді. Көп ойландым, түрлі нұсқаларды қарадым, ақыры бұл аспапты Kaspi Жұмада сатып алуға шешім қабылдадым. Аспап керемет, қолдануға өте ыңғайлы, өзі қымбат тұратын қаптамасымен бірге келеді. Kaspi Жұма жақындап қалғанын білген соң, шыдаммен күттім. Уайымдадым да «қазір бәрін сатып алып қоя ма» деп, өйткені жақсы аспаптар тез өтіп кетеді. Сөйтіп Kaspi Жұма келді, мен аспапты сатып алуға мүмкіндік алдым және толығымен қанағаттанарлық жағдай — қатты қуаныштымын. Мен музыкантпын, сондықтан бұл аспапты алуым өзін ақтайды. Kaspi Жұма — керемет мүмкіндік деп санаймын», – дейді музыкант Саддам Фазылов.
Kaspi Жұма кезінде желілік дүкендерде де сауда қызады: сатылымдар бірнеше есе өседі.
«Егер бөлшек сауданы алатын болсақ, Kaspi Жұманың алғашқы күнінде алдыңғы күнмен салыстырғанда сатылым саны 3 есе артты. Ал онлайн-тапсырыстарға келсек, Kaspi Жұмада онда да үлкен өсім байқалды», – дейді Alser филиалының директоры Дамир Рахимов.
Дамир Рахимов
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Kaspi Жұма — сату ауқымын кеңейту және сатылымды арттыру мүмкіндігі. Бұл өз кезегінде бизнестің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және бюджетке түсетін салықтардың артуына әкеледі.
Kaspi серіктестері қатарында логистикалық компаниялардан бөлек, қазақстандық дүкендер, өндірушілер, стоматологиялар, дөңгелек орталықтары және басқа да бизнес өкілдері бар.
Kaspi Жұма сүйікті клиенттерін әрдайым сан түрлі тауарларды ең тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігімен қуантады.
Kaspi.kz Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі серіктестерімен бірге сүйікті клиенттерді қуанту үшін үнемі жаңа нәрселер ойлап табады. Бұл жолы тиімді сатып алулардың күзгі мерекесі 4 күн бойы өтті. Ал танымал отандық брендтер мен дүкендер қазақстандықтар тауарларды одан да тиімді бағамен сатып алуы үшін 50%-ға дейінгі көтерілген бонустар мен жеңілдіктер ұсынды.
Фото: Руслан Османханов, Карен Седракян, Николай Судаков, Алексей Попов
*03.02.2020 №1.2.245/61 лицензиясы ҚР ЖРФР берілген.