Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы мәлімет
Қазақстанның денсаулық сақтау саласын үлкен өзгерістер күтіп тұр: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске қосылады. Бұл еліміздің әр азаматына қатысы бар реформа. Сондықтан медсақтандыру деген не, оның тиімділігі мен берер мүмкіндіктері жайлы ақпаратпен таныс болыңыз.


1. Алдымен мәртебеңізді анықтаңыз
Әлеуметтік мәртебені egov.kz порталы арқылы білуге болады. egov.kz сілтемесі арқылы порталға кіргеннен кейін ЖСН енгізесіз. Содан кейін төмендегі статустың бірін таңдайсыз: «Жұмыс істейді», «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа толмаған балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген» және «Мәртебесі анықталмағандар». Егер: жұмыссыз болсаңыз, ХҚКО, Жұмыспен қамту орталығына немесе әкімдікке барып тіркелуіңіз керек. Егер Сіз экономиканың биресми саласында еңбек етсеңіз, онда жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде ақша аударасыз немесе Бірыңғай жиынтық төлем төлеуіңіз қажет.


2. Емханаға тіркелу
Емханаға тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады. Сіз ауыл, елді мекен, қала, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қаладағы немесе елордадағы бір ғана емхананы таңдай аласыз.Сондай-ақ, сіз жалпы практика дәрігерін немесе тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерді таңдайсыз. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен мемлекеттік немесе жеке меншік емханалар көрсетеді. Медициналық мекемелердің тізімімен: https://fms.kz/ru/select-medical-inst сілтемесі арқылы танысуға болады.
Tilda Publishing
Мен – жұмыс берушімін
Жұмыс берушілер 2017 жылдың шілде айынан бастап қарамағындағы қызметкерлер үшін жалақының 1 пайызы мөлшерінде жарна аудара бастады. Жарна жұмыс берушінің қаражаты есебінен аударылады. 2019 жылы аударым мөлшері 1,5 пайызды, 2020 жылы 2 пайызды, 2022 жылдан бастап 3 пайызды құрайды. Қарамағында жалдамалы жұмысшылары бар жеке кәсіпкерлер (ЖК) мен шаруа қожалығы (ШҚ) иелері де жарнаны осы тәртіп бойынша аударады.


Мен – жалдамалы жұмысшымын
Егер сіз – жалдамалы жұмысшы болсаңыз, онда жұмыс беруші 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық табысыңыздың – 1 пайызын, 2022 жылдан бастап – 2 пайызын қорға аударып отырады.







Мен – өзін-өзі жұмыспен қамтушымын/БЖТ төлеушілер
Фрилансер, жеке кәсіпкер (ЖК), жалдамалы қызметкер санатына жатпайтындар немесе сүт сатушы, бала қараушы сынды тағы басқа жұмыстарды еш келісімшартсыз атқаратындар, бірыңғай жинақтық төлем төлейді.
Бірыңғай жынтық төлемнің:
- 10 % – жеке табыс салығы;
- 20 % – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына;
- 30 % – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына;
- 40 % – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылады. Республикалық маңызы бар қалалар, елорда мен облыстық деңгейдегі шаһарларда БЖТ 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2 525 теңге, ал басқа елді мекендерде жарты (0,5) АЕК немесе 1 263 теңгені құрайды. МӘМС пакетін пайдалану үшін БЖТ 3 ай қатарынан төленуі тиіс.

Мен - фрилансер немесе ЖК
Егер сіз – фрилансер, яғни, азаматтық-құқықтық келісім негізінде қызмет көрсететін жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер болсаңыз, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзіңіз үшін жарна аударасыз. Заң бойынша, тапсырыс беруші (салық агенті) жеке тұлғаның табысынан 2020 жылы 1 пайыз, 2021 жылы 2 пайыз, 2022 жылы 3 пайыз ұстап, МСҚ-на аударады. ЖК – 1,4 ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5 пайызын төлейді.
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар табысы мен төлеген жарнасының көлеміне қарамастан, мемлекет кепілдік берген барлық медициналық қызмет түрлерін пайдалана алады.
Консультациялық-диагностикалық қызмет:
• ересектерді профилактикалық тексеруден өткізу;
• балаларды мамандандырылған тексеруден өткізу;
• қымбат диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық (КТ, МРТ, ПЦР және ИФА, т.б.) тегін көрсетіледі;
МӘМС бойынша (ТМККК кіретін қызметтен бөлек) қосымша мынадай қызмет түрлерін алуға болады:
амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамту;
стационарлық көмек; жоспарлы стационарлық көмек;
балалар мен ересектерді медициналық оңалту: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология және ортопедия

МСҚ сайтындағы МӘМС калькуляторы арқылы есептеп білуге болады

МӘМС калькуляторы

Осы сервистің көмегімен аударымдар мен жарна мөлшерін есептеуге болады. Ол үшін қажетті деректерді енгізіп, жарна мөлшерін анықтап алыңыз.

Жұмыскер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлем {{paymentResult}} теңге құрайды .

Маңызды: егер жұмыскердің табысы 15 ЕТЖ-дан жоғары болса, онда аударымдарды есептеу қажетті жыл жағдайында 15 ЕТЖ сомасынан жүргізіледі

Егер сіз патент бойынша жұмыс істесеңіз – төлемді алдын ала, патенттің қолданылатын мерзіміне жасаңыз. Оңайлатылған декларация бойынша – төлем есептік кезеңнен кейін, есептік кезеңде өзекті болған ЕТЖ мөлшері бойынша жасалады.

2018, 2019 год - жарналар жоқ

"Сіз үшін жарнаны мемлекет төлейді
Маңызды: egov.kz порталдағы өзіңіздің жеңілдікті мәртебеңізді тексеріңіз"

АУДАРЫМДАР МЕН ЖАРНАЛАР ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

KZ92009MEDS368609103

БСН 160440007161

БСК GCVPKZ2A

Жұмыскерлер үшін Төлем тағайындау коды (КНП) – 121

ЖК мен Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар үшін Төлем тағайындау коды – 122

Бірыңғай жиынтық төлем үшін Төлем тағайындау коды – 183


Толығырақ ақпарат алу үшін галереяға өтіңіз
Медициналық сақтандыру жүйесі, МӘМС шеңберінде қалай емделуге болатыны жайлы толық мәлімет ала алдыңыз ба?
Сонымен қатар, толығырақ ақпаратты өз емханаңыздан біле аласыз
Қосымша сұрақтардың жауабын 1414,+7 (7172) 64-70-23, 64-70-66, 64-70-35,64-71-27, 64-71-06 нөмірлері арқылы немесе fms.kz сайтынан таба аласыз.

Бағдарлама туралы толығырақ:

Қосымша ақпарат:
© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2019. Все права защищены