«Ал
Яндекс Go корпоративті аккаунты шыққан кезде, оқиға орнына жету жеңілдей түсті. Мекенжайды да түсіндіріп әуре болмайсың – қажет көше мен үйдің нөмірін жаза салсаң болғаны. Ал нақты деректерді білмесең, картадан нүктені көрсете салуға болады.
Қауіпсіздік тұрғысынан да бірқатар артықшылық бар – сіз көлік жүргізушісінің аты-жөнін ғана емес, оның нөмірін, рейтингін, тіпті көлікте затыңызды қалдырып кетсеңіз немесе басқа да жағдайларға тап болсаңыз сервиске хабарласып, оны бірден тауып алуға болады. Бірден айтайын, өз басым ондай жағдайларды бастан кешірген жоқпын», - дейді Юлия.
Одан бөлек көлік жүргізушілері өзінің беделін түсіріп алмас үшін клиенттің көңілінен шығуға барынша тырысады, дейді.
Журналист ұнаған такси жүргізушісіне жақсы баға қоюды ұмытпайды, әдетте өзі де жолаушы ретінде жоғары рейтингке ие.
Такси шақырудың көше бойынан көлік ұстаудан тағы бір артықшылығы – уақытты үнемдеу. Тапсырыс алған такси келгенше, жиналып үлгеруге де болады.
«Корпоративті сервистің жақсылығын карантин кезінде көрдік, себебі біз ол кезде де жұмысты тоқтатпадық. Блокбекеттер секілді орындарға барып, кей оқиғаларды түсіру керек болды. Тұрғындардың көп бөлігі үйінде отырған кезде көше бойынан такси ұстап көріңіз!
Ол кезде де қызықты оқиғалар көп болды. Бірде бір блокбекеттен такси шақырған едік. Алайда оны ұзақ күттік, көлік жүргізушісіне хабарласып, ол «шекараның» арғы жағында тұрғанын білдік. Бір-бірімізге қол бұлғап, бір күліп алып, тарастық», - дейді NUR.KZ.