Табиғи судың пайда болу жолы
Біз күнделікті құтыдағы табиғи минералды суды дүкен сөрелерінен алып, ішіп жүрміз. Таза, мөлдір су. Көп нәрсеге мән бермейтін адам үшін ол жай ғана шөлді басып, ағзаны минералмен қанықтыратын сусын. Алайда судың әр жұтымында оның қай жерден шыққаны туралы ақпарат сақталады. NUR.KZ тілшілері Asia Waters компаниясында қонақта болып, қазақстандық табиғи минералды TURAN суының өндіру жолын – оның қалай пайда болғанынан бастап, дүкен сөрелеріне, тұтынушыларға жөнелтуіне дейін бақылап қайтты.

Көрікті өлке
Көкшетау қыраты – Бурабай
Қазақстанның орталығындағы кең әрі жазық дала кенет жасыл таулы қырат пен көгілдір көлге ұласады. Көкшетау қыратының баурайында атақты Бурабай шипажайы мен Көкшетау қаласы орналасқан. Көкшетау тауы (887 м), Лысая тауы (618 м), Иман Тауы (621 м). Палеозой дәуіріне дейінгі кристалдардан түзілген осы шоқылардың арасы үлкенді-кішілі суы мөлдір көлдерге бай. Бурабай – өнеркәсіптен алыс орналасқан – ЭКОаймақ. Ол өзінің тап-таза ауасымен танымал.
Бұл жерде табиғи су пайда болады
Кұскөл кен орыны – Бұқпа учаскесі

Көкшетау қыратының қойнауында 15 мың жылдық тарихы бар валдай мұздықтары жатыр. Мұнда ХХ ғасырдың орта тұсында гидрогеологтар тобы Құскөл деп аталатын судың қайнаркөзін, соның ішінде суының құрамы мен құрылымы айрықша Бұқпа учаскесін ашты. Бұқпа су кен орны Көкшетау қаласының оңтүстігіне қарай орналасқан. Оның айналасы көрсе көз тоймайтын аралас орманмен, шоқылардың баурайына бой түзеп өскен қайыңдармен қоршалған. Бүгінде осындай бай жер қойнауының астынан 100 метр тереңдікте TURAN табиғи минералды суы алынып жатыр.

Жоғарылаған сайын бұл ежелгі мұздық суы минералмен байи түседі. Бұқпаның жүзметрлік жерасты дауалы темір рудасы, сүт кварці, магний қатпарынан және көптеген сирек кездесетін архей кезеңінің таужыныстарынан жасалған. Дәл осы заттарда шоғырланған барлық минералдар TURAN суын айрықша пайдалы болатындай құнарландырады.

Бұқпа кайнаркөзінің тәулік бойғы күзет, бейнебақылау, секунд сайын орталық пультке мәлімет беріп отыратын автоматтандырылған операторлық бақылаумен қамтамасыз етілген санитарлы аймағы бар. Су ұңғымасының өзі табиғи ауыз суды өнеркәсіп жағдайында құюдың әлемдік стандарттары мен талаптарына сай жабдықталған. Судың қайнаркөзінде судың температурасы, қысымы мен сапасын тұрақты түрде есептеп, талдап отырады. Әдетте тереңнен шығатын су Цельсий бойынша +6 градусты көрсетеді.

Айта кетсек, Бұқпа қайнаркөзіндегі су қоры бағаланып, сертификатталған. Asia Waters-тің гидрогеологиялық қызметі мен ҚР кен орындары ресурстары мен қорын бақылау Комитетінің ғылым бөлімі су кен орынның тіршілігін тұрақты түрде есепке алып, болжам жасайды. Күнделікті суды шығару қайнаркөздің табиғи қайта қалпына келуін ғылыми түрде ескере отырып жүзеге асырылады.

Гаухартастай таза
I кезең TURAN табиғи минералды суын дайындау
Жер қойнауынан шығарылған су зауытқа жөнелтіледі. Су қайнаркөзден насос арқылы арнайы 30 кубтық тот баспайтын, тағам сақтауға арналған материалдан жасалған автоцистерналарға құйылып, содан соң «Көкшетау минералды сулары» (Asia Waters) өндірістік алаңына жіберіледі. Автоцистерналарды әр ай сайын арнайы тұрақта толық санитарлы дезинфекциядан өткізеді.
Бұл жерде суды өзін-өзі тазалайтын мембраналы AZUD фильтрінің инновациялық құрылғысы күтіп алып, суды тау жынысының қалдықтарынан тазалайды. Бұл айрықша технология судың алғашқы күйіндегі құрылымы, химиялық және микробилогиялық құрамын сол қалпы сақтауға мүмкіндік береді. Яғни су жердің астындағы күйдегідей қала береді. Осы сәттен бастап суға тіпті адамның демі де түспейтін болады.
Барлық процесс автоматтандырылып, герметикаландырылған.
Мембраналық фильтрлер автоматты түрде суды үлкен су жинақтаушыларға жібереді. Содан кейін су екінші рет PALL фильтрі арқылы ұсақ тазалаудан өтеді де, содан кейін су таза, гаухартастай мөлдір күйге түседі. Бұл инновациялық нано-фильтр судың ұсақ тұнбалары мен микрофлорасын тазалап қана қоймай, ондағы пайдалы бактериялардың негізгі бөлігін сақтайды.
Анықтама: Жер қойнауында адамға пайдалы автохонды, физиологиялық бактериялары бар. Олардың арқасында суда адамға қажетті қуат, амин қышқылдары, дәрумендер, ферменттер және басқа да органикалық заттар жинақталады. Бұлар орман бұлағының мөлдірлігін сақтап тұруға ықпал ететін бактериялар. Дәл сол тірі, көзге көрінбейтін бактериялар суды өзінің бойынан өткізу арқылы тазалап отырады.



Сондай-ақ, дәл осы тірі бактериялар табиғи судың құтысында да өмір сүруін тоқтатпай, оны тірі, демек пайдалы етеді. TURAN суының пайдалы бактерияларын бірнеше мәрте Көкшетау мемлекеттік университетінің зертханасынан бастап, Қазақ, Украина, Ресей Ғылым Академиясының ғылыми-зерттеу институттарының зертханаларында зерттеген.

Табиғи қалпын сақтаған
II кезең – озондау және газдау
Суды дайындап, құтыларға құймас бұрын суды озондау процесінен өткізеді, басқаша айтқанда оны оттегімен байытады. Табиғи қышқылдандырғыш ретінде оттегі суды зарарсыздандырып, оны қосымша тазалайды, құтыда ұзақ сақтауға мүмкіндік береді. Егер сіз жаңбырдан кейінгі орманда болып көрсеңіз, оған тән таза ауаны сезген шығарсыз. Оттегіне бай жаңбыр суы жасыл желекті нәрлендіреді. Сол сияқты озондалған су да оттегімен қосымша байытылып, құнарлана түседі. Озон суға разряд түрінде беріледі, ол 12 минуттан соң оттегіне айналады.

Газдалған табиғи суды сүйіп ішетіндер үшін: Ол да газдалмаған судан еш кем түспейді, өйткені, «көпіршіктердің» арқасында ағзада барлық газ алмасу процесі жүріп, метаболизм процесі жақсарады, жасушалар жаңарып, жаңа эритроциттер пайда болады. KMW (Asia Waters) өндіріс орнында суды газдау сатуратор – үлкен көлемді сифонның көмегімен іске асырылады. CO2 табиғи консервант газы суға түтікшелер арқылы жіберіліп, оны газ «көпіршіктерімен» қанықтырады.

TURAN отряды
III кезең – TURAN табиғи минералды суын құтыларға құю
Су ішуге дайын болғанда оны құтыларға құя бастайды. TURAN суы үшін танымал KHS неміс маркасының автоматтандырылған құю линиясы қолданылады. Басқаша айтқанда, су мен ыдыс тоғысып, дайын бір өнім болып шығатын хаб деуге болады. Құю кезеңінде де басқа алдыңғы кезеңдердегідей ешқандай адам факторы жоқ, қызметкерлер өндірістің бұл кезеңіне де қатыспайды – бәрі де автоматтандырылған. Бұл процесте адам тек бақылау функциясын атқарады.

Мына кішкентай көк «колбалар» преформалар деп аталады, олар әп-сәтте бізге үйреншікті суға арналған ыдыстарға айналады. KHS линиясындағы арнайы өндірістік құрылғы оны зарарсыздандырылған ауамен үрлеп, преформалардан стандартты пластикалық құтыларды жасап шығарады. TURAN суының ыдысының ерекшелігі ондағы суда ғана емес, қазақстандық өнім болып табылатын преформалар да адам үшін экологиялық жағынан қауіпсіз, онда сақталатын судың құрамына әсері жоқ.
Дайын құтылар сол мезетте-ақ пайдалы минералдар мен микроэлементтермен байытылған табиғи сумен толтырылып, қақпақпен жабылады. Бұл процестің жылдам жүретіні соншалық, тіпті көз ілеспейді. KHS неміс линиясының максималды қуаты сағатына 27 мың құты. Жаздың аптап күндері бұл линиялар 24 сағат бойы 100% жұмыс істейді.

Осылайша машинадан дайын өнім – су ұңғымасынан алынған, қақпағы тығыз жабылған табиғи минералды су шығарылады. Содан соң құтыларға этикетка жапсырылады. TURAN суы тексерістен өтеді: құтыдағы судың деңгейі, этикетканың қаншалықты сапалы жапсырылғаны, т.с.с. анықталады.
Қауіпсіздік пен сапа бәрінен де маңызды
Non-stop режиміндегі өндірісте судың ғылыми-зерттеу зерханасы жұмыс істейді. Ол өндіріс процесіндегі әр кезеңде TURAN-ның сапасы мен қауіпсіздігін: автоцистернадан бастап, суды дайындау процесін, одан әрі оның купажына дейін бақылайды. Ай сайын зертхана судың кен орынын да тексереді. Ал жылына бір рет ол жер аккредиттелген арнайы зертхананың талдауынан өтеді.

Айта кету керек, бірнеше жыл бұрын TURAN табиғи минералды суының өндірістік циклы 100 жыл бойы барлық еуропалық су өндірушілерге қорытынды шығарып беріп жүрген атақты Фрезениус (Германия) еуропалық институтының толық тексерісінен өтті. Бұл институттың мамандары төрт жыл бойы су кен орынын, технологиясын және оның суға әсерін, ондағы минералдар мен микроэлементтердің табиғи құрамын зерттеген. Сол зерттеудің нәтижесінде TURAN әзірге Қазақстандағы осы ғылыми орган мойындаған алғашқы әрі жалғыз су атанды.

Жоғарыда аталған барлық кезеңдерден өткен соң және қатаң тексерістен кейін TURAN табиғи минералды суы ақырында тұтынушы қолына түрлі су болып түсіп (газдалмаған, газдалған және орташа газдалған), оларға табиғаттың ең нәрлісін сыйлайды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗДАР: