"KZ табиғи суы" АРНАЙЫ ЖОБАСЫ

Ауыз су бөтелкесінің затбелгісін
қалай оқыған жөн?


Дәрігерлердің күніне бір жарым литрден кем емес су ішу туралы кеңесіне құлақ аса отырып, біз ойланбастан дүкеннен қолымызға іліккен ауыз суды ала саламыз. Алайда тұтынушы затбелгідегі жазуға қаншалықты назар аударады?

Ауыз судың барлығы бірдей ме? Ел арасында судың барлығын үйден ағызып ала салады деген қауесет бар. Бұл қаншалықты рас? Осының мән-жайын анықтап көрелік.

Сонымен, затбелгіге назар аударыңыз. Онда міндетті түрде ауыз су, табиғи су, ас суы, тазартылған су, минералданған табиғи ауыз суы секілді судың түрі жазылуы тиіс.

Қазақстанда бөтелкеге құйылған судың барлығын ауыз су және емдік су деп аталатын екі түрге бөліп қарастыратын Мемлекеттік стандарт бар. Ауыз су 2007 жылғы 1 қаңтарда бекітілген және 2008 жылы күшейтілген «Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды» толықтай түсіндіретін арнайы заңмен регламенттеледі. Ал емдік судың міндетті түрде ғылыми курортология орталықтарының «бальнеологиялық тұжырымдамасы» болуы тиіс.

Пайдалы, бірақ күнделікті тұтынуға арналмаған су

Егер сіз су бөтелкесінің затбелгісінен «емдік» немесе «емдік-ауыз су» деген жазу көрсеңіз, онда мұндай суды күнделікті ішуге болмайды деген сөз. Оны тек сіздің дәрігеріңіз ғана шешеді. Мұндай су 1 г/дм3 –ға көбірек минералданған болады.

Қазақстанда емдік-ас суды Боржоми, Набеглави, Ессентуки секілді импортық маркалар ұсынады. Бұған қоса, түрлі су өндірушілері оңтүстік Қазақстандағы «Сары-Ағаш» шипажайы маңында қазақстандық емдік судың бірқатар сериясын шығарады. Ал Солтүстік Қазақстанның қорықтық өңіріндегі бірегей жерасты табиғи қайнаркөздерден құрамында белсенді йоды бар және айрықша емдік қасиеті бар «Kulager» емдік-ас суы алынады.


Қалағаныңша іше беретін су

Біздің елдегі дүкен сөрелерінен «ас су», «тазартылған», «бұлақ суы», «бірінші» немесе «жоғарғы» санаттағы және «табиғи минералды» секілді ауыз суларды кезіктіруге болады.

ҚР Ауыз су регламентіне сәйкес, өндірушілер затбелгілерде тиісті белгілерді жазуға міндетті. Мұны ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет бақылайды.

Сонымен, егер сіз затбелгіден «ауыз су» деген жазуды оқысаңыз, онда бұл суды қалағаныңша ішуге болады деген сөз. «Ауыз су» дегеніміз су жасанды түрде биологиялық белсенді элементтермен және минералды тұздармен байытылған дегенді білдіреді. Онсыз адам ағзасы өмір сүре алмайтыны белгілі.

Тазартылған су жерасты қайнарларынан да, орталық сумен қамту жүйелерінен, яғни су құбырынан да алына береді. «Бірінші» және «жоғарғы» санаттағы сулар – кедендік одақ аясында қабылданған қауіпсіздіктің белгілі бір талаптарына жауап беретін сулар.


Оған қоса пайдалы!


«Табиғи» және «минералданған» деген жазуға баса назар аудару қажет. Мұндай сулар табиғи минералданған және бастапқы табиғи қасиеттерге бай қайнар көздерден алынады. Затбелгіден мұндай жазуды оқи сала, тағы да қажетті екі белгіні тауып алған жөн. Олар - шыққан жері және ұңғыма нөмірі. Сонымен бірге су құрамында кездесетін минералдар мен заттар кестесін де қарап шыққан жөн. Табиғи минералданған ауыз судың минералдануы жоғары болмау керек. Ауыз судың жоғары емес минералдану деңгейі 0,2-ден бастап 1 г/ дм-3 – ге дейін болуы тиіс.

Табиғи минералданған ауыз су әлемде жоғары бағаланады. Оны қалағаныңша іше беруге болады, пайдасы мол. Мұндай су адам ағзасын тез сіңірілетін минералдармен байытады.

Қазақстан аумағында табиғи минералданған ауыз суды Перье, Витель, Эвиан, Сан пелегрино секілді т.б. импорттық маркалар ұсынады. Ал қазақстандық өндірушілер арасында Turan суы кеңінен танымал.


ТАБИҒИ МИНЕРАЛДАНҒАН АУЫЗ СУ ЖЕР АСТЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ҚАЙНАР БҰЛАҚТАРДАН АЛЫНАДЫ. ОЛАР ТЕК ТАСТАР МЕН ҚҰМНАН МЕХАНИКАЛЫҚ ТҮРДЕ ТАЗАРТЫЛАДЫ. СОНЫМЕН БІРГЕ, СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕС, МҰНДАЙ СУ АДАМ АҒЗАСЫНА ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ПАЙДА ӘКЕЛЕДІ.
Ауыз су нарығы бүкіл әлем бойынша дамып келе жатқанын атап айту керек. Мұның басты себебі әлемде салауатты өмір салтының құны арта түсті. Сондықтан судың жаңа маркалары үнемі пайда болып, біз, тұтынушылар, бөтелкелердегі затбелгілерді мұқият оқып, қандай су ішетінімізге назар аударуды үйренуіміз қажет. Себебі, ол ағзамыздың 80 пайызын құрайтын болады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗДАР: