АРНАЙЫ ЖОБА "KZ табиғи суы"

Қазақстандық ауыз су енді «әйнекте» сатылмақ


Барлық сусындар тек әйнек бөтелкеде ғана шығарылатын кездер бәрінің есінде екені анық. Сусындар басқа ыдыста шығарылмайтын. Пластиктен жасалған, яғни ПЭТ-бөтелкелер пайда болысымен, жағдай өзгерді. Әйнек ыдысқа құйылатын сусындарды өте сирек кездестіретін болдық. Ал болған күннің өзінде де, олар сусынның құнына әсер етіп, бағасы қымбат бола түсті. Әйтсе де, әлі күнге дейін тек әйнек ыдыс қана сусынның дәмін сақтап қалады деп есептеледі.

Табиғи сулар негізінде сусын жасайтын қазақстандық өндіруші Asia Waters, трендтерден қалыспай, экологиялық таза қайнардан алынатын TURAN табиғи минералданған ауыз суын әйнек бөтелкеде шығаруды қолға алғанын мәлімдеді.

Сонымен бірге, бұл өз өнімінің сапасын арттыруға деген ұмтылыс. Бұл тұста, бағасы жағынан анағұрлым қолжетімді саналатын ПЭТ-қораптағы баламасы да бар. TURAN өндірушілерінің өз өнімін өзгелерден айрықшалауға мүмкіндік берген нюанс – судың мөлшері мен түрі ПЭТ-қораптағыдай етіп құйылатын әйнек бөтелкенің формасы.

Бүгінде TURAN компаниясы 0,25 және 0,5 литр әйнек бөтелкелерде газдалған және газдалмаған суларды шығарады.

Компания жылына шамамен 10 млн. литр көлемінде су өндіру туралы болжамдар жасап отыр. Әзірге бөтелкелерді ресейлік жеткізуші өндіруде. Бірақ компания қазақстандық жаңа әйнек зауытымен келіссөздер жүргізуді бастап кетті.

«Біз солтүстіктен шығатын әйгілі қазақстандық ауыз суы әйнек ыдыста шықса екен деп армандаған едік. Себебі, тек әйнек ыдыс арқылы ғана оның табиғи дәмі мен қасиеттерін сақтауға болады. Бұл үшін арнайы құю зауыты деп аталатын инновациялық желі орнатылды»

Асель Жакупова
Turan компаниясының бренд-менеджері
Қазақстандағы көптеген сусындарды өндіретін компаниялар әйнек ыдыстарды пайдаланады. Себебі, бұл формат мейрамханалар, барлар мен мейманханаларда сұранысқа ие. Сонымен бірге, бұл өз өніміңнің сапасын жақсартуға деген ұмтылыс. Десе де, әлбетте, сусын ПЭТ-ыдыста да шығарылатын болады. Оның бағасы да қолжетімді болмақ. Бұл тұста, TURAN ауыз суын өндірушілер мән берген бір жайт - ол әйнек бөтелкенің формасы. Оның өлшемдері ПЭТ-бөтелкемен дәлме-дәл сәйкес келеді.

Қазіргі таңда көлемі 0,25 және 0,5 литр болатын әйнек ыдыста TURAN суының газдалған және газдалмаған түрлері шығарылады. Оның жалпы өндірістік мөлшері жыл соңына қарай 1 млн литрге дейін жеткізілмек. Әзірге, су бөтелкесін ресейлік жеткізушіден алғанымен, қазірдің өзінде компания жаңа қазақстандық әйнек зауытымен келіссөздер жүргізу үстінде.


Әлемде әйнек бөтелкелерді шығару үшін техникалық мүмкіндік біздің дәуірімізден 100 жыл бұрын Финикияда пайда болған. Ал археологтардың сөзіне сүйенсек, Шығыста тіптен одан да бұрын, яғни, біздің заманымызға дейін алтыншы ғасырда шыға бастаған. Әлбетте, олар қазіргідей жеп-жеңіл әрі сәнді бөтелкелер емес, қалың әйнек ыдыстар болған. Бірақ, сол кезде-ақ, әйнек химиялық тұрғыдан инертті емес екені және ішіндегі сұйықтықпен әсерлеспейтіні белгілі болған. Әйнек ыдыс герметик ретінде оттегінің әсер етуінен қорғап, салқынды ұзақ уақытқа дейін ұстап тұрады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗДАР: