ЖОБА
2020 жылғы шағын демалысқа арналған 5 идея
Жаңа жыл - өткен жылға есеп беріп, қорытынды жасап, алдағы жаңа 12 айға шабыттандыратын жоспарлар құруға, арманға қанат бітіріп қана қоймай, биік мақсаттар қоюға және биылғы жылдың өткен жылдан да жайлы болатынына сенім беретін тамаша мүмкіндік.
Көптеген қазақстандық компаниялар қызметкерлерге жылына 24 күн ақысы төленетін еңбек демалысын береді. Егер жұмыс істеуге арнайтын уақытпен салыстырар болсақ, біз өте аз уақыт демаламыз. Сонымен қатар, демалыс күндеріне жұмыс уақытында жасай алмаған көп шаруа жиналып қалады, мысалы, пәтер немесе көліктің жөндеу жұмыстары, туыстарға көмектесу, түрлі құжаттармен жүгіру, той ұйымдастыру немесе алыс туысқандарға бару.

Алайда, демалысыңызды мінсіз, керемет етіп өткізсеңіз де, ұзақ демалыс күндерінде мейрам күндері аптаның соныңа сәйкес келгенде, шағын демалысқа шығу мүмкіндігін де қарастырыңыз, сонда күнделікті күйбің тіршіліктен бір сәтке болса да алыстап, өмірге басқа қырынан қарау үшін тамаша мүмкіндік туындайды.

2020 жылы мұндай мүмкіндіктер кемінде 5 рет: наурыз, мамыр, шілде, тамыз және желтоқсан айларында туындайды. Жаман емес, келісесіз ғой? Кішігірім демалыс кезінде ойыңыздан айнып, үйдегі бітпейтін жұмыстардың шырмауында қалып қалмаудың алдын алып, сол күндерге билет брондап қойып, төмен бағалы турларды алдын-ала сатып алғаныңыз жөн.

Егер бәрі соңғы сәтте шешілсе де, арзан билеттерді сатып алуға үлгермей қалсаңыз да, әрқашан орайлы мүмкіндік табуға болады. Мысалы, бар болғаны бір құжатты ұсына отырып, күнбе-күн және кез-келген мақсат үшін және айыппұлсыз мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен берілетін Tengri Bank экспресс-кредитін алуға болады.

2020 ЖЫЛЫ ҚАЛАЙ ДЕМАЛАМЫЗ
Қаңтар
2020 жылдың алғашқы төрт күні – мерекелік күндер. 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін қазақстандықтар күш жинап алып, жексенбіде жұмысқа кірісе алады.
Наурыз
Наурыз мерекелерге бай – 2020 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге келеді, демек, ол дүйсенбі күніне ауыстырылады.
Наурыздың 7-сі мен 9-ы аралығында үш күн қатарынан демалатын боламыз.
Келесі мереке – Наурыз мейрамы, аталмыш думан қарсаңыда Қазақстанда әрдайым бірнеше демалыс күндері беріледі. 2020 жылы аталмыш мерекеге орай 21-25 наурыз аралығында демаламыз. Содан кейін екі жұмыс күнінен соң, тағы да демалыс күндері келіп жетеді. Бұл – шағын демалыс үшін ең жақсы уақыт.

Мамыр
Мамырдың алғашқы мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күні (1 мамыр) аптаның жұма күніне сәйкес келеді, сондықтан біз үш күн қатарынан – 1 мамырдан 3 мамырға дейін демаламыз.

Артынша Отан қорғаушылар күні (7 мамыр) және Жеңіс күні (9 мамыр) тойланатын болады. Осы мейрамдар кезінде төрт күн қатарынан – 7 мамырдан 10 мамырға дейін демалу мүмкіндігі туындайды.


Шілде
Шілдеде Астана күнін (6 шілде) атап өтеміз, ол дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан біз қатарынан үш күн – 4-6 шілде күндері демалатын боламыз.
Тамыз
30 тамызда Қазақстанда Конституция күні атап өтіледі. 2020 жылы аталмыш мейрам дүйсенбіге сай келеді, сондықтан демалыс күндері тамыздың 29-дан 31-іне дейін жалғасады.
Желтоқсан
Күз мезгілі мерекелерге аса бай емес, сондықтан шағын демалысқа шығудың келесі үлкен мүмкіндігі желтоқсан айында туындайды. Тәуелсіздік күніне орай демалыс күндері 16-19 желтоқсан аралығына белгіленген. Сонымен, көпшілік асыға күтетін Жаңа жыл мейрамы да келіп жетеді, алайда, бұл кездегі күнтізбедегі қызыл күндер 2021 жылдың еншісіне енеді.
ШАҒЫН ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ ҚАЙДА
БАРУҒА БОЛАДЫ
Туған жердің көрікті жерлерін аралау
Ең аз шығын шығатын және қол жетімді нұсқадан бастайық. Ол - туған жеріміз Қазақстанның көрікті жерілеріне саяхат. Кең-байтақ елімізде сіз әлі барып көрмеген көптеген қызықты жерлер бар екені сөзсіз.

Мұнда қарастыруға лайық бірнеше жақсы нұсқалар бар: ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Оңтүстік Түркістанның көрікті жерлері мен киелі орындары, Маңғыстау облысының көздің жауын алар табиғаты, көркемдігін сөзбен жеткізу мүмкін емес Бурабай табиғатының сұлулығы. 4-5 күндік шағын демалыс осы көркем жерлердің әрқайсысын аралап, тамсануға әбден жеткілікті.

Қазақстанның көркем жерлерін тамашалау үшін @photosafari.kz instagram аккаунтына кіріңіз, бұл – бірнеше жыл бойы Қазақстан өңірлерін аралап жүрген фотографтар мен видеографтар тобы. Олардың жұмыстары сізді бірнеше сапарға шабыттандырады.

Бурабай көлі, Қазақстан
Көрші елдермен танысу
Шағын демалысты өткізу үшін көрші елдер де қолайлы. Ол жақтарға сапар шегу соншалықты ұзақ емес және қалтаңызға салмақ салмайды. Алыс шет елдерге сапар шегуге қарағанда, көп бюджетті қажет етпейді. Бұл елдер мәдени демалыс үшін, бір орында отыра бермей, қыдыру, таза ауада серуендеу және табиғи өнімдерден ләззат алу үшін таптырмас нұсқа болушы еді.

Соңғы уақыттарда жып-жылы әрі колоритті елдер - Өзбекстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан және Қырғызстан қазақстандықтар арасында ерекше танымалдылыққа ие болып жүр... Бұл елдердің барлығында қол жетімді бағалар бойынша ұлттық тағамдар, тарихи және табиғаты көркем жерлер жеткілікті. Қазақстандықтар үшін ол жақтарда виза қажет емес, сонымен қатар бұл жағдайда уақытыңызды, ақшаңызды үнемдей аласыз, жүйке жүйеңіз де тозбайды. Бұл елдердің бірнешеуіне көлікпен де жете аласыз, бірақ бәріне емес, сондай-ақ, автобуспен немесе пойызбен де саяхаттай отырып, біршама қаражат үнемдеуге болады. Саяхаттауға ең жақсы уақыт - наурыздан қазанға дейінгі аралық. Әйтпесе, басқа уақыттарда бұл өңірлерде біздегідей суық.


Самарқандтағы Регистан алаңы, Өзбекстан
Ерекше туристік бағыттарды ашу
Өздеріңіз білетіндей, ыстық маусымның басталуымен бірге танымал бағыттарға турлар мен жолдамалардың бағасы да бірден арта түседі. Қарапайым жатын орын мен тамақтану үшін шамадан тыс ақшаңызды жұмсамауыңыз үшін бірнеше күндік сапар барысында ерекше бағыттарды таңдаңыз.

Сербия, Словакия, Черногория, Болгария, Румыния, Албания, Хорватия және Латвия сияқты елдерге назар аударыңыз. Олардың көпшілігінде жағажайлар да, тарихи қалалар да бар, онда сіз бірнеше ай бойы қарқынды ұмыс істеу үшін күш-қуат жинай алатын, белсенді және әсем демалысты ұйымдастыра аласыз, ал сіздің Инстаграмыңыз - достарыңыз бен туыстарыңыздың лайктары мен пікірлерінің астында қалатын болады. Ерекше туристік бағыттардың идеялары @followmeto инстаграм жобасында, олар әлемнің барлық дерлік елдеріне саяхаттап, сол жерде түрлі ғажап бейнелер мен фотолар жасап үлгерген.

Мәселен, Aviasales-те Бухарестке 2020 жылдың наурызына 129 мың теңгеге, ал Загребке мамыр айына 121 мың теңгеге билет сатып алу мүмкіндігі бар. Бұл – аталмыш жерлерге барып-қайту құны. Арзан билеттердің, қонақ үйлер мен турлардың көптеген таптырмас нұсқаларын «Ақысыз саяхаттау жолдары» Telegram арнасын үнемі қадағалап отыру арқылы табуға болады. Егер сіз билетті алдын-ала сатып алсаңыз, қалған уақытты үнемдеуге немесе қонақүйлер, тамақтану, экскурсиялар және жақын адамдарға сыйлықтар үшін артық ақша алып қоюға болады.


Ригадағы Ратуша алаңы, Латвия
Экзотикалық елдердегі демалыстар
Кейде мәдениеті, климаты ерекше әрі өзгеше, экзотикалық тағамға бай елдерді аралағыңыз келіп тұрады. Бір сөзбен айтқанда, әдеттегі өміріңізден бір сәтке болса да арылып, қайта серпіліп қайтқыңыз келеді. Мұндай жағдайда біз Үндістанға, Шри-Ланкаға, Индонезияға немесе Вьетнамға баруды ұсынамыз.

Бұл елдерге виза алу мүлде қиын емес, демалысты өз қалауыңыз бойынша ұйымдастыра аласыз және оған ұсынылған үлкен мүмкіндіктер де бар - бюджеттік хостелден бастап қымбат қонақүйге дейін. Егер сіз өзіңізді батылмындеп есептесеңіз, жергілікті арзан тамақтану орындарына баруға болады. Болмаса, таңдауыңызды туристерге арналған мейрамханаларға тоқтатуыңыз мүмкін. Аталған екі жерде де дәмді және ерекше ауқаттана алатыныңз анық.

Буддистердің ғибадатханаларына баруды, табиғаты көркем жерлерді аралауды, түрлі-түсті мейрамдар мен мерекелерге қатысуды ұмытпаңыз. Жазда бұл елдерде жаңбыр маусымы басталатынын есте сақтаңыз - бұл уақытта ол жерде қыдырудың мәні шамалы.


Ыстық жолдамаларды немесе турларды сатып алу
Қашан болсын сапарды өз бетіңізбен ұйымдастырғыңыз келмейтіні белгілі жайт, оның билеттер сатып алу, қонақүйлер брондау, экскурсиялар мен көрнекті орындар іздеу деген секілді машақаты көп. Көп жағдайда туристік агенттіктер ұсынған қызметтерді пайдалану ыңғайлы. Әрине, олар көбіне шектеулі бағыттарға арналған турларды ұсынады және қызметтері де сәл қымбатқа түсуі мүмкін, есесіне сіз демалысты ұйымдастыруға қатысты алаңдамайтын боласыз. Әсіресе, all inclusive жүйесімен саяхаттасаңыз, бұл мәселе сізді алаңдатпайды.

Жалғыз ескерту: барлық соманы алдын-ала беру керек. Егер сол сәтте сіздің қолыңызда қажетті қаражат болмаса, бір ғана құжатпен күнбе-күн берілетін және айыппұлдар мен санкцияларсыз, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар Тенгри Банкінің экспресс-кредитін алуға болады.

Көріп отырғаныңыздай, демалысты алдын-ала жоспарлау ыңғайлы: біріншіден, арзан, екіншіден, үй жұмыстарына немесе демалыс күндері жұмыс жасауды сұрайтын басшылықтың тапсырмасына бола жоспарланған сапарыңыздан бас тарта алмайсыз. Шағын демалыс үшін кез-келген мүмкіндікті пайдаланыңыз және күнделікті өмірде жаңа биіктерді бағындыру үшін сізге қуат пен қуаныш сыйлайтын әсерге бөленіңіз.


Кез келген мақсатқа арналған кредиттер. Қосымша соманы алу мүмкіндігімен кредиттерді қайта қаржыландыру.

Tengri Bank-тен экспресс-кредитті күнбе-күн алыңыз.



© ЖШС «Интернет портал Нур», 2009-2019
Барлық құқықтар қорғалған