ЖОБА
Жаңа жылдық жеңілдіктер маусымынан максималды пайда табу



Жаңа жыл қарсаңында сатушылардың алдауына түспей, жеңілдіктер мен жаппай сатылымдардан пайда көрудің жолы қандай? Әлі де сатып алуға болатын бірнеше тауар түрлерімен қатар, сіздің киімге деген құмарлығыңызды тежеуге көмектесетін бірнеше лайфхактарды ұсынамыз.

«Жаппай сатылым» деп қызылмен жазылып тұратын үлкен тақтайшалар мен телефоныңызға келетін жеңілдіктер туралы неше түрлі промокодтар біздің санамызды улап, қажетсіз заттарды алуға итермелейді. Киюге ыңғайсыз бірақ, арзан бағадағы жылтырағы бар туфлиді міндетті түрде киетіндей, аэрогильде ас дайындайтындай немесе капучинаторды үнемі пайдаланатындай боламыз, өйткені бұл заттар ешқашан дәл осылай арзан болмаған. Ал, шын мәнінде олар қажетсіз балконда жатады, кейін достарыңыз бен жақындарыңызға, туысқандарыңызға беруіңіз мүмкін. Есіңізде болсын, жаппай сатылымдарға бұрын сатылымы төмен болған немесе бағасы тым жоғары болғандықтан көп адам ала қоймаған, өтпей тұрған заттарды шығарады.

Алайда, кез келген жағдайдағыдай, бұл ережелерді айналып өтуге болатындай сәттер де болады. Ол үшін осы нұсқаулықпен танысып шығып, жөн-жобасын біліп алсаңыз жетіп жатыр. Сонда сіз қыруар ақшаңызды үнемдеп, бағасы мен сапасы келіскен дүние сатып аласыз.
  • Үнемі сатып алып жүрген, күнделікті пайдаланатын заттар
    Үнемі сатып алатын қымбат заттардың категориясы болады, сіз олардың құны мен бағасын жақсы білесіз. Бұған қымбат парфюмерия, бет күтіміне арналған өнімдер немесе сіз тиімді деп санайтын процедуралар, сол санатқа жататын тұрмыстық техникалар кіреді. Жалпы, сіз оны пайдаланатыныңызды нақты білесіз, өйткені сіз оларды жеңілдіксіз-ақ сатып алып жүрсіз, ал осы жолы тағы да сатып алып қойсаңыз артық болмайды, осылайша келесі болатын жаппай сатылымға дейін өз ақшаңызды үнемдей аласыз. Кеңес: бітуге жақын қалған заттардың тізімін жасап, оларды алдын-ала сатып алыңыз.
  • Қымбат қыстық киім мен аяқкиім
    Егер күн суып кеткен кезде немесе уақыт тақаған сәтте сатып алсаңыз, жоғары сапалы қысқы киімдер мен аяқ киімдер көбінесе қымбатқа түсіп, қол жетімсіз болады. Арзанын сатып алсаңыз - маусым бойы тоңып шығасыз, оның үстіне маусымның соңында олар жарамсыз болып қалады, келесі жылы жаңасына тағы да ақша жұмсауға тура келеді. Егер сіз жаппай сатылым науқанында үлгеріп қымбат әрі сапалы киімді сатып алсаңыз, керемет брендті тондар немесе фирмалық сапалы етікті келесі жылдары да игілігіңізге жаратасыз. Егер киімге жеңілдік кезінде сіздің қолыңызда ақша болмаса, TengriBank жедел несиесін пайдалана аласыз - келесі бірнеше маусымда сіз осы категорияға ақша жұмсамауды мақсат етсеңіз, бұл шешіміңіз өте орынды болмақ.

  • Той-мерекелерге киетін киімдер
    Қазақстанда адамдар әдемі әрі сәнді киім киюді қажет ететін той-мерекелерге жиі барады. Егер тойға бір апта қалғанда немесе соңғы сәтте киім сатып алуға шықсаңыз, сіз не көп ақша жұмсайсыз, не болмаса көзге түскен нәрсені сатып алып, сонымен барасыз. Сондықтан, осындай іс-шараларға киетін киімдерді сатып алу үшін жаппай сапалы брендті ерлер мен әйелдер аяқ киімдері, костюмдер мен жейделер, аксессуарлар және тіпті көйлектердің сатылымдарынан қалмаған дұрыс.

    Бұл ретте бір маңызды ережені сақтау керек - ұзақ уақыт бойына өзекті болатын классикалық үлгідегі заттарды сатып алған дұрыс. Бұл, әсіресе әйелдерге қатысты. Хит пен тренд белгілері жоқ бірқалыпты киім үлгілеріне көңіл аударсаңыз болады. Той-мерекелерге арналған заттарды қымбат дүкендерден немесе жаппай сатылымдардан болмаса аутлеттерден бірнеше жылға пайдаланатындай етіп сатып алған дұрыс, әр кигеннен кейін химиялық тазалауға беріп, оларға мұқият сақтағаныңыз жөн.

  • Базалық киімдер
    Біз бұған дейін сіздер сенімді болатын қымбат заттар мен гаджеттер туралы айттық, бұл база әр маусым және әр күн сайын қажет болатын киімдерге де қатысты. Сүйікті дүкеннен сатып алатын сапалы ақ жейде, денеге жақсы тұратын көк түсті джинсы, тығыз мақтадан жасалған футболка, кашемирленген жемпір, күннен қорғайтын көзілдірік. Мұндай заттар жыл бойына дүкендерде сатылады, сондықтан сіздер олардың бағасын жақсы білесіздер және артық шығынға батудың қажеті жоқ.

    Ең бастысы - бұл нәрсе сізге шынымен қажет екеніне және ол заттың есеп бойынша "оныншы" емес екендігіне көз жеткізу. Өйткені "тиімді" дегеніміз - "қажет"деген сөз емес. Тек есіңізде болсын, офлайн-шоппинг үшін ең жақсы күн - бейсенбі. Ритейлерлер демалыс күндері болатын ажиотажға дайындалып, алдын ала ең көп ассортиментті шығарып қояды, сол кезде жеңілдік позициялары да бөлінеді.

  • Спортқа және белсенді тұрмыс дәстүріне арналған заттар
    Осы өмірге қажетті заттардың материалдары мен су өткізбейтін технологиялары өзгеріп тұрады, бұл Эверестті бағындыратындарға маңызды болуы мүмкін. Ал, біз сияқты жылына бір-екі рет жорыққа шығатындарға немесе саябақта жүгіретіндерге осындай жаппай сатылым кезінде жаз және қыс мезгіліне арналған екі спорттық киімдерді сатып алу жеткілікті. Осы заттарды сатып алу үшін спорттық брендтер сатылатын дүкендерге бару қажет, ол жерде ең тиімді жеңілдіктер болады.
  • Үйге арналған ірі сатып алулар
    Желтоқсан айында жаңа жылдық жеңілдіктер ірі құрылыс дүкендерінде де болады. Бұл жөндеу жүргізетін маусым емес екені түсінікті. Бірақ егер сізде құрылыс материалдарын сақтайтын жер болса, онда алдын ала түсқағаздарды, түрлі сантехниканы, ламинатты тиімді бағамен 50% жеңілдікпен алуға болады. Ал жөндеу жұмыстарын күн жылынғаннан кейін құрылыс дүкендеріне жүгірмей-ақ бастауға болады. Мұнда ең басты ереже - жөндеу жұмысы жөнінде сарапшымен кеңесу және жөндеу кезінде түсініспеушілік болмас үшін "квадраттар" мен "кубтарды" сауатты есептеп алу.

    Аз-аздан сатып алу тиімді емес. Ламинатты, мысалы, барлық жөндеу алаңына бірден алу керек. Егер ақшаңыз жетіспесе, Tengri Bank экспресс-кредит қызметін пайдалануға болады. 5 млн теңгеге дейінгі мұндай несиені бір ғана құжат бойынша және кепілсіз алуға болады. Айыппұлсыз және қосымша комиссиясыз мерзімінен бұрын жабуға болады.
Үнемі сатып алғыңыз келетін, бірақ онсыз бірнеше ай өмір сүруге болатын барлық заттар тізімін жасаңыз. Міндетті түрде бағасын да жазыңыз. Жеңілдіктер маусымы басталғанда, ұсыныстардың сізге тиімділігін немесе ол нәрсенің сізге қажеттілігін не қажетсіздігін тексеріңіз.
Егер жаппай сатылым кезінде өзіңізге қатты ұнайтын затты көріп қалсаңыз, онлайн-дүкендердегі бағасын қараңыз. Немесе сауда үйін аралап көріңіз, бірақ импульсивті сауда жасамаңыз.
- 1 -
Жаппай сатылым кезінде ешқашан ультрасәнді заттар сатып алмаңыз - олардың жақында сәннен шығатынына 100% кепілдік береміз. Сатушылар олардан тезірек құтылғысы келеді.
Ал егер бір затты сатып алғаннан кейін өзіңізде сенімсіздік туындаса, бағасы жазылған қағазды жыртпаңыз, бірнеше күннен соң оны қайта өткізуіңізге болады.
ОРТАҚ КЕҢЕСТЕР
- 2 -
- 3 -
- 4 -
Кез келген мақсатқа арналған кредиттер. Қосымша соманы алу мүмкіндігімен кредиттерді қайта қаржыландыру.

Tengri Bank банкінен экспресс кредитті күнбе күн алыңыз.
© ЖШС «Интернет портал Нур», 2009-2019
Барлық құқықтар қорғалған