ЖОБА
Жақын адамдарыңды сөреде шаң басып жатпайтын қандай ерекше жаңа жылдық сыйлықпен қуантуға болады?

Жаңа жыл келе жатыр. Мереке қарсаңы әрбір адамға ерекше жылулық пен қуаныш сыйлайды. Алайда, сыйлықтар іздеу барысындағы қарбалас шаттықтан гөрі күйзеліске ұшыратып жатады. Әрине, бастысы – көңіл. Дегенмен, мүмкіндік болса ерекше әрі пайдалы зат – сөреде шаң басып, кейін қоқыста жатпайтындай, аса қымбат болмаса да, шынайы бақытқа бөлейтін қайталанбас сый тарту еткің келеді.
Егер сіз 2019-2020 жылы өзекті әрі сұранысқа ие жаңа жылдық сыйлықты ойластырып жүрген болсаңыз, осы мақаланы зер залып оқыңыз. Бұл кішігірім топтама сізді шабыттандырып, қарабайыр қателіктерден қорғап қалуға көмектеседі.
Алдымен бірнеше жалпылама кеңестерге құлақ асыңыз
Бірінші кеңес
Сіз қуантқыңыз келетін жандардың нені қалайтынына құлақ асыңыз. Сізге «мен алғым келді …», «мен сондай күшті зат көрдім», «қарашы қандай керемет» деген сынды сөздер қажет. Зер салып мұқият болсаңыз, өзіңізге керек ақпаратты еститін боласыз.
Үшінші кеңес
Адамның қызығушылығына жіті назар аударыңыз – қандай блогтарға тіркелгені, бос уақытында немен айналысатыны, қандай іс-шараларға баратыны, әңгіме барысында немен бөлісетіні, қандай кітап оқитыны сияқты сізге қажетті ақпаратты біліп алған абзал. Анықтадыңыз ба? Енді бұл салада қандай трендтер, жаңашылдықтар және т.б. барын түсініп көріңіз. Бұл тәсіл уақытты, қызығушылық пен шыдамдылықты талап етеді. Бірақ, адамға екі есе жақсы көңіл-күй сыйлайтын боласыз.
Бесінші кеңес
Ақша сыйлаңыз. Бұл ең іш пыстырарлық әрі әмбебап тәсіл болмақ. Бірақ, ол сөреде шаң басып жатпайтыны анық.
Екінші кеңес
Байқатпай, өзге адамға не сыйлауға болатынын сұрап көріңіз. Көп жағдайда адамдар өздері алғысы келетін сыйлықты ұсынып жатады.
Төртінші кеңес
Тосын сый жасамақ болмасаңыз, ол адамнан қандай сый күтетінін тікелей сұрай беріңіз. Қателеспейтін боласыз. Алайда, кейбір ұялшақ адамдар не керек екенін білмейтіні немесе оларда қажеттінің бәрі бар екенін айтуы мүмкін.
Егер бұл кеңестер сізді айрықша сыйлық жайлы ойға итермелемесе, назарыңызға өміріңіздегі түрлі адамдарға не сыйлауға болатынын ұсынамыз.
Ата-ана мен жасы үлкен туысқандарға қандай сыйлық тарту етуге болады?
Үйге қажетті, ыңғайлы сыйлық тарту етсеңіз, қателеспейсіз. Мысалы, робот-шаңсорғыш, ерекше төсек-орын жабдығы, дастархан жаюға арналған көздің жауын алар ыдыс-аяқ жиынтығы, ыңғайлы монша халаттары мен жылы көрпе таптырмас сыйлық болмақ.

Сұлулығын сақтап қана қоймай, ерекше ләззат алып, сергіп қалуы үшін анаңызға сенімді косметология немесе SPA-орталықтағы процедуралар кешеніне сертификат сатып алып беруге болады. Ал әкеңізге көлікке арналған гаджет пен автосервиске сертификат сыйлауға кеңес береміз. Tengri Bank-тің жаңа бағдарламасының қатысушысы болсаңыз, өзіңізге немесе жақындарыңызға сыйлық ретінде жеңілдіктері бар сертификаттар мен қызметтерді үнемі алып отыратын боласыз. Өзекті ұсыныстар банктің сайтындағы арнайы парақшада бар.
Сүйікті адамыңызға не сыйлауға болады?
Жанына жылулық пен жайлылық тарту ететін сый сыйлаңыз. Сүйіктіңіз үнемі қолданып жүріп, сіздің асқан қамқорлығыңызды есіне алатындай сый тарту еткен жөн. Егер гаджеттер арасынан таңдасақ, сымсыз құлаққап, фитнес-трекер, смарт сағат, ауаны тазартқыш, ирригатор, электрлік тіс щеткасы немесе дыбысты көмекші ұтымды сый болары анық.

Егер ғашығыңыз көптен бері белгілі бір іспен айналысып, өзін жаңа салада көргісі келіп жүрсе, оған спортзалға немесе би студиясына абонемент пен дұрыс тамақтану , онлайн білім алу, бағдарламасын сыйлаңыз, шеберлік сыныбына және семинарға қатыстыртыңыз. Мысалы, TengriBank ұсынған TengriClub атты жаңа өнім аясында фитнес абонементтерге, косметология оқуына, тілдер курсына және тағы да басқаға ұтымды ұсыныстар бар.
Достарға қандай сыйлық алуға болады?
Егер сіз достарыңызбен бірге заманауи трендтерге асқан қызығушылық білдірсеңіз, Жаңа жылға сыйлық жасау барысында бұл жайтты назардан тыс қалдырмаңыз.

Соңғы уақытта экология саласына көп көңіл бөлінуде. Бұл өз алдына бірнеше сыйлыққа деген ой тудырады. Мысалы, супермаркеттердегі пакеттер ақылы болғандықтан - эко-сумка, кофеханаларда өз ыдысыңмен келсең, жеңілдік берілетіндіктен – термосаптыаяқ, пластикті көп қолданбас үшін көп рет пайдаланылатын суға арналған бөтелкені алуға болады.

Экологиядан бөлек, салауатты өмір салты да аса қарқынды дамып бара жатыр – көпшілік енді өз денсаулығына назар аударып, дұрыс тамақтана бастады. Оған қоса, мұндай өмір салтын ұстанатындар үнемі анализ тапсырып, дәрумендер ішіп жүр. Егер сіздің де досыңыз салауатты өмір салтына көшсе, оған төмендегі заттарды сыйлауыңызға болады:

- Пайдалы рецептер туралы кітаптар;
- Дұрыс тамақтануға қатысты онлайн-курс;
- Ыңғайлы спорт сөмкесі;
- Медиатацияға арналған қосымшаға жазылу;
- Асханалық таразылар;
- Ыңғайлы ланчбокс;
- Тай массажына арналған сертификат;
- Скандинав жүрісіне арналған таяқшалар.

Тағы бір тренд – барлық салада табыс пен нәтижеге жету. Оның ішінде жұмыстағы табыс. Егер, досыңыз не құрбыңыз офисте көп отыратын болса, ол жерде жұмыс істеуге жайлы, қолайлы болуын қамтамасыз етіп көріңіз. Сонда офистік қызметкерге не сыйлауға болады?

- Ерекше компьютерлік тышқан;
- Суккулент немесе әдемі құмырадағы кактус;
- Ауаны ылғалдандырушы;
- Шуды бәсеңдететін құлаққап;
- Орындық арқасына арналған ортопедиялық қаптама;
- Смартфонға арналған сымсыз қуаттандыру жабдығы;
- Лэптопқа арналған ерекше қап.
Өзге жаңа жылдық сыйлықтарды қарау үшін TengriClub жобасының парақшасына өтуге болады. Ол жерде Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ғана емес, өзге өңірлерде де алуға болатын жеңілдіктер, акциялар мен арнайы ұсыныстардың ауқымды топтамасы жиналған. Барлық ұсыныстар TengriBank картасын қолданатындар үшін қолжетімді.

Кез келген мақсатқа арналған кредиттер. Қосымша соманы алу мүмкіндігімен кредиттерді қайта қаржыландыру.

Tengri Bank-тен экспресс-кредитті күнбе-күн алыңыз.



© ТОО "Интернет портал Нур", 2009-2019
Все права защищены