Минимализм, саналы түрде тұтыну және экологиялық таза өмір салты 2019 жылы планетаның дамыған тұрғындары арасында басты трендке айналды. Керемет мұхит, шөл және джунглиге бай Жер шамадан тыс көп пайдаланылатын және артық өндірілген пластикалық қоқысқа көмілген. Бірақ бұл сізге ұнайтын нәрсені ойланбастан сатып алуды тоқтатудың жалғыз себебі емес. Тағы бір нәрсе бар.
ЕГЕР ШЫҒЫНҒА САНАЛЫ ТҮРДЕ ҚАРАСА, НЕ БОЛАДЫ?
Біздің сатып алып жатқан мыңдаған заттар мұрнымыздан тірелгенше жұмыс істеткізіп, өміріміздің көп бөлігін кеңселерде өткіздіру арқылы бақытты етіп жатқаны шамалы. Біздің саналы тұтынуға арналған кеңестер сізге тек қана қажетті заттарды сатып алуды үйренуге, артық шығындардан қашуға, аз жұмыс істеуге, экологиялық қалдықтарды азайтуға, тіпті болашаққа ақша жинауға көмектеседі.
Негізгі өнімдерден бастап өз шығыныңызға аудит жүргізіңіз
Сатып алуға тек шопинг-парағымен барыңыз және одан мейлінше бас тартпаңыз. Шамамен бір апталық мәзірден қарай отырып, тізімді алдын-ала жасаңыз. Бұл өнімдерді тастау мен ақшаны босқа жұмсауды тоқтату үшін жасалатын алғашқы қадам.

Бір ай ішінде қоқыс шелегіне жиі лақтырылатын немесе сөрелерде біраз жататындардың бөлек тізімін жасаңыз. Ал шопинг кезінде осы жүйелік қатені қайталаудың алдын алып, ондаған мың теңгені үнемдеу үшін осы тізімді ескеріңіз.

Гардеробқа тексеру жүргізіп, капсула тұжырымдамасын енгізіңіз
Шкафта киім толған, бірақ киюге ештеңе жоқ болатын кез сізге таныс па? Адамдар киім-кешектерді көбіне жүйесіз және эмоционалды түрде сатып алады, олар сауда орталықтарын аралап, көзге түскеннің бәрін алуға тырысады. Нәтижесінде ыңғайлы деген бір-екеуін киеді де, ал қалғаны шкафта шаң басып жатады, өйткені ол киім ештеңемен үйлеспейді, тым әдемі немесе кейбіреуі үй киіміндей көрінеді.

Ақшаңызды сорып, көңіл-күйіңізді бұзатын және артық өнімге сұраныс тудыратын бұл мәселені шешу қиын емес. Гардеробыңыздағы барлық киіммен үйлесетін заттарды қалай таңдау керектігін үйренуіңіз керек. Сөйтіп, жаңа жейде сатып алып, сіз 10 шақты образ жасай аласыз, осылайша ұзақ уақыт бойы шопинг туралы мүлде ұмытып, жүздеген мыңды үнемдейсіз. Стилистердің тілінде бұл «капсула» деп аталады - өзара үйлестіру оңай бір стильдегі 5-10 заттан тұратын шағын гардероб.
  • 1 Кеңес.
    Жаңа киім сатып алмас бұрын, күн сайын не киетіндігіңізді сараптаңыз. Гардеробыңыздағы қандай элемент бірнеше жаңа образ жасауға мүмкіндік береді? Мүмкін, бұл кезекті оныншы қара джинсы немесе ашық қысқа көйлек емес, негізгі ақ футболка немесе сарғыш водолазка болар.
    01
  • 2 Кеңес.
    Егер сізге бір нәрсе ұнаған болса, оны киіп көріп, сатып алмас бұрын бірнеше күн ойланыңыз. Бұл әдіс сізді импульсивті сатып алулардан қорғайды.
    02
  • 3 Кеңес.
    Гардеробыңызды қарап, өз үлгілеріңізді анықтаңыз. Сізде 10 ұқсас қызыл футболка немесе 5 бірдей ақ көйлек болуы мүмкін. Олар сізге шынымен қажет пе? Егер жоқ болса, шопингтің стоп-парағына қосып, өзіңізді бақылаңыз.
    03
Өзіңізде бар нәрсе бітпейінше, жаңасын сатып алмаңыз
Қысқа мерзімді қуаныш сыйлайтын нәрсені сатып алу үшін өзіңізге толық тыйым салудың қажеті жоқ. Жай ғана «бұрынғысы бітпейінше, жаңасын сатып алмау» туралы ережеге бағынуға болады. Мысалы, «Мен бұл хош иісті көбікті міндетті түрде сатып аламын, бірақ ваннада тұрған көбік біткен кезде ғана» немесе «Мен Диордың бұл қызыл ерін далабын міндетті түрде сатып аламын, бірақ менің дәл осы түстес бұрынғы Шанельдік ерін далабым біткен кезде ғана». Осылайша, сізде бардың барлығын пайдаланасыз да, нақты пайдаланбайтын нәрсені сатып алмайтын боласыз. Бұл көбінесе косметика, кітап, ас үй мен үйге арналған тұрмыстық заттар, киім мен гаджеттерді сатып алумен байланысты мәселелер.
Сатып алусыз және ақша жұмсамай-ақ өзіңізді бақытты етудің үш әдісін ойлап табыңыз
Біз көбіне эмоциялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша жұмсаймыз. Құмарпаз, ысырапшылдар - әдетте не тым эмоционалды, не эмоция жетіспейтін адамдар. Қалай болғанда да, желге шашылған ақша мен қоқысқа толы пәтер проблемаларды шешуге емес, керісінше, жаңасын қосуға бейім.

Не істеу керек? Позитивті эмоция сыйлайтын басқа жолдар іздеңіз: спортпен шұғылданыңыз, достар табыңыз, қызығатын клубтарға жазылыңыз, жаңа шығармашылық хоббиге кірісіңіз, көбірек саяхат жасаңыз немесе арнайы маманның көмегіне жүгініңіз.
Қажетсіз шығындардан үнемдей алған ақшаңызды жинаңыз
Саналы шешім қабылдап, кезекті он мың теңгені импульсивті, эмоционалды немесе мағынасыз шопингтен үнемдеген кезде оны жинақ шотына салып отырыңыз. Жылдың соңында көлемді дүние сатып алуға жағдайыңыз жететініне көзіңіз жетеді - мәселен, техника. Мүмкін, аз жұмыс істеп, сүйікті адамдарыңыз бен іс-шараларыңызға көбірек уақыт бөлуге болатындығын түсінетін шығарсыз.

Жинақталған ақшаны сақтау және көбейту үшін жинақ ақшаны инфляциядан қорғайтын ең жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар салымды таңдаңыз. Бұл үшін сізге икемді шарттар мен жоғары пайыздық мөлшерлеме қажет, мысалы, теңгемен жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 13,9% дейін және икемді шарттары бар Tengri Maximum. Сіз өзіңіздің отбасыңыздың қаржылық мүмкіндігі мен мақсаттарына ыңғайлы форматты таңдай аласыз. 10 мың теңгеден бастауға болады. Пайыздар ай сайын капиталдандырылады немесе ағымдағы шотқа аударылады.

Барлық осы мәліметтермен қоса, қанша сома жинай алатыныңызды Tengri Bank веб-сайтында немесе банк филиалдарынан біле аласыз.

Tengri Maximum –теңгедегі ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен және ең жоғары табыс алу мүмкіндігімен жинақ депозиті



Лицензия на проведение банковских и иных операций выдана Национальным банком Республики Казахстан от 14 декабря 2017 года
№1.2.53/43
© ЖШС «Интернет портал Нур», 2009-2019
Барлық құқықтар қорғалған